Не экономика институты


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау



бет242/335
Дата05.02.2022
өлшемі3,99 Mb.
#3435
түріБағдарламасы
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   335
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: : Шоқайтану
Пәннің коды: ТК 3205
Пәннің типі: Базалық, таңдау компоненті
Оқу жылы:
Оқу семестрі:
Кредит саны: 3
Дәріс беруші:
Курстың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты студенттерге пәннің негізгі арқауы қазіргі заман тарихының негізгі тарихи оқиғаларының даму барысы жөнінде және тарихи тұлғалардың әлемдік тарихқа қосқан үлесі туралы ғылыми тұрғыда негіз қалыптастыру.
Пәнді оқу барысында студенттер ХХ ғасырдың басындағы дүниежүзілік қоғамның дамуы, социалистік қоғамның басталуы, кеңестік жүйенің тоталитарлық тәртібінің қалыптасуы, оған қарсы оппозициялық саяси тенденцияның қалыптасуы жөнінде тарихи мағлұмат қалыптастыра отырып, дербес тәуелсіз мемлекеттер құру жөнінде пайда болған идеологияның негіздерін талдап, қорыту.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастау алған қазақ халқының азаттық қозғалысы жолында және мемлекеттік бірлік мәселелері жөнінде өздерінің дербес көзқарастарымен көзге түскен қазақ интилегенциясы өкілдерінің: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә. Ермеков М.Шоқайдың кеңестік дәуірдегі атқарған қоғамдық-саяси қызметіне шынайы баға беру, олар туралы жансақ пікірлерді тарихтан алып тастау, олардың қоғамдық-саяси қызметіне обьективті баға беру. Саналы ғұмырын тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл Түркістан халқының тәуелсіздігіне арнаған, сол тәуелсіздік үшін күрестің көшбасшысы болған, алты алаштың ардағы, қазақтың Ұлы перзенті Мұстафа Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметін зерттеп, жаңа тарихи ауысымда қорытып, тарихымыздың қиын өткелдерінде бөліну емес бірігіуді армен мұратына айналдырған М.Шоқайдың қаһармандыққа толы өнегесін қастерлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет