Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы Пәннің коды: Kjkst 3202
Пәннің типі Базалық, міндетті Оқу жылы: 2012-13ж
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 4
Дәріс беруші: Қожақұлы Ө т.ғ.д.,профессор
Курстың мақсаты: Студенттерге Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихының кезеңiмен таныстыра отырып, игерген бiлiмi негiзiнде күрделi де қарама- қайшылыққа толы тарихи процестердiң мәнiн, мазмұнын, қазақ мемлекеттiлiгiнiң қалыптасу процесiн, шынайы түрде ашып, ұғындыруға үйрету.
- Студенттерге халқымыздың тарихындағы ең күрделі оқиғалар- Қазан төңкерісі, Кеңес өкіметінің орнауы, Алаш қозғалысы және т.б. жаңаша зерттеп, зерделеу және қазіргі талаптарға сай оқытудың методологиялық проблемаларын жүзеге асыру болып табылады. - Студенттерге қоғамдағы жалпы адамзаттық және ұлттық қатынастардың даму ерекшелiктерiн айқындай отырып, оларды патриоттық және интернационалдық сезiмдерге баулу, Қазақстан Республикасының дүние жүзiлiк деңгейде алатын орнын айқындау. - Қазақстан Республикасының жоғары бiлiмдi, бiлiктi маманды қазiргi заманға сәйкес даярлау.