Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Кәсіптендірупәндер міндетті компанент
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Криминалистика
Пәннің коды: Kri 3301
Пәннің типі: Кәсіби, міндетті пән Оқу жылы: 3 Оқу семестрі: 5 Кредит саны: 3 Дәріс беруші: аға оқытушы., з.ғ.к., Алтаев Е., Курстың мақсаты: оқу процесінде студенттер – криминалистика ғылымының жалпы, арнайы, нақты міндеттерінің қылмыстық істерді ашу, тергеу, алдын алу жұмыстарында жүзеге асырылу жолдарын көрсету арқылы пәннің тергеу іс тәжірибесін талдап қорытып және ғылым мен техниканың жетістіктерін қылмыспен күресте пайдалануға қылмыстық іс жүргізу заңдарының талаптарына сәйкес икемдеп ұсынған әдіс-тәсілдерін оқып үйрену негізінде құқықтық пәндерден алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға дағдыландыру. Сонымен бірге криминалистика ғылымының түсінігін, жүйесін, даму тарихын, негізгі қағидаларын, басқа ғылым салаларымен арақатынасын, олардың жаңалықтарын тергеу тәжірибесіне ендіру жолдарын студенттердің оқып үйренуі қажет