Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Адвокатура
Пәннің коды: adv 3302
Пәннің типі: Кәсіби, міндетті пән
Оқу жылы: 3
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: аға оқытушы, з.ғ.к., Алтаев Е.
Курстың мақсаты: адвокаттық қызметтi реттейтiн ҚР қолданыстағы заңнамасын студенттерге оқыту, сондай-ақ оларды ҚР –дағы адвокатураның мәнi, мiндеттерi, жұмыс iстеуi мен қалыптасу тәртiбi, адвокаттардың құқықтары мен мiндеттерi туралы бiлiмдi қалыатастыру. Курстың бағдарламасы студенттердi болашақ кәсiби қызметке бейiмдеуге, оларға адвокаттар алқасы қызметiнiң негiзгi бағыттары және азаматтармен ұйымдарға көрсетiлетiн заң көмегi туралы жалпы түсiнiк беруге бағытталған. Бұл курс сонымен қатар ғылыми пән ретiнде де қарастырылатындығын атап өткен жөн, мұнда адвокат қызметiн реттейтiн заңнаманы әрi қарай жетiлдiруге байланысты мәселелерге назар аударылады. Бұған, сондай-ақ адвокатура менадвокаттардың құқық қорғау органдарымен және лауазымды адамдармен өзара қатынасына байланысты мәселелердi зерттеу мен ұсыныстар әзiрлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |