Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Ежелгі дүние тарихы
Пәннің коды: - IDM 1203
Пәннің типі: Базалық пәндер,міндетті компонент
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 1,2
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Өткелбаев Қ аға оқытушы
Курстың мақсаты: Жалпы ежелгі дүние тарихын оқыту алғашқы адамдардың қоныстануы, алғашқы еңбек бөліністерінің пайда болуы, алғашқы таптық жіктеліс, құлдар мен құл иеленушілер, мемлекет, оның түрлері мен Шығыс деспотизмі, оның мәні мен сипаты, ежелгі дүние өркениеті-алғашқы еңбек құралдарын жасауға үйрену, алғаш рет жазулардың пайда болуы, ірі құрылыстар салу шеберлігінің қайталанбас үлгілерін оқу. Ежелгі дүние тарихын оқыту арқылы біз өткенге баға беріп, ежелгі кездегі салт-сана, әдет-ғұрпытар, тілдік ерекшеліктер, мәдениеті мен жазуын оқыту арқылы ежелгі өркениетті қоғамға баға беруге үйрету, Ежелгі Шығыс пен Антикалық қоғам (Грекия мен Рим) тарихын оқыта отырып, Қазақстан дамуының 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық бағдарламасына сай Батыс пен Шығыс арасындағы байланысты дамытуға үлес қосатын мамандар даярлау.
Достарыңызбен бөлісу: |