2.«Проблема шешімін қолдану» кезеңі Топтық жұмыс. Шағын топтар ішінде студенттер тірек сөздердің тізімін құрастырып, флип- чарттарға маркерлермен түсіреді. (5 минут).
Жариялау. Топтар құрастырған кестелерін қабырғаға іліп, берілген уақыт ауқымында (2 минут) өз тұжырымдарын қорғайды, қарсылас топтың сұрақтары мен оқытушы сұрақтарына жауап береді. (5 минут)
Галерияны шарлау. Студенттер қолдарына түрлі түсті стикерлер алып , аудиторияны шарлап, кестелерге өз бағаларын береді. Ол үшін олар стикерлерге ойлары мен пікірлерін жазып, кестелерін іліп қояды (6минут)
Қорытынды.Студенттерге сұрақтар қойылып, оларға ауызша жауап береді.