3-тарау. Бағдарламаның құрылымы және мазмұны
Осы бағдарлама пәннің мақсаты мен міндеттерін, тақырыптық жоспарын, оқыту әдістерін, оқу нәтижелерін бағалау критерийлерін, пререквизиттері мен постреквизиттерін шолудан басталады.
Пәннің мазмұнын, семинар (практикалық) сабақтарының және білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тақырыптарын қамтитын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік- саяси білімдер модулінің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны осы бағдарламаға қосымшада келтірілген.
Бағдарламаны іске асыру барысында қолданылатын оқыту әдістері мен технологиялары:
студентті оқытудың орталық объектісі ретінде қарастыратын оқыту әдісі, ол студенттердің де оқыту үрдісіне рефлексивті көзқарасына негізделген;
біліктілікке бағытталған оқыту;
әртүрлі форматтағы рөлдік ойындар және оқу пікірталастары;
кейс-стади (нақты жағдаяттарды сараптау);
жобалар әдісі.
Бағдарламаның пререквизиттері мен постреквизиттерін жоғары оқу орнының өзі тағайындайды.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік-саяси білімдер модулінің үлгілік оқу бағдарламасына қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |