Не сертификаттау


Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган



бет7/77
Дата20.06.2020
өлшемі234,42 Kb.
#74118
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77
Байланысты:
Стандарттау және оку куралы
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган.

Нормативтік техникалық құжаттар.
Техникалық реттеу жүйесін құру және дамыту мына принциптерге негізделуі қажет:

  1. техникалық регламенттердің және стандарттауға қатысты нормативтік құжаттардың түрлері мен санаттарының бірлестігіне;

  2. өнімге талаптарды белгілеу ережелерінің бірлестігіне;

  3. халықаралық нормалар мен Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарымен үйлестіруге;

  4. елдің әкономикасының, материалдық-техникалық базасының, жағдайының және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігіне;

  5. тіркеу және сертификаттау органдарының тәуелсіздігіне.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық стандарттарды қолдану мынадай әдістермен жүзеге асырылады: 

-халықаралық стандарт мұқабасын мемлекеттік стандарт мұқабасына алмастыруды;

- қарастыратын мұқаба ауыстыру

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) жетекшісінің бұйрығы түрінде Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттарды олардың мұқабаларын ауыстырмай енгізуді растау туралы хабарландыру жариялауды қарастыратын растау. 
      Стандарттың мазмұны, атауы, құрылымы немесе ұсыну нысаны ұқсастырылған немесе өзгертілген халықаралық стандарттар негізінде мемлекеттік стандартты әзірлеу. 

Халықаралық стандарт негізінде мемлекеттік стандартты әзірлеу тәртібі "Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-әкономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 98 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-әкономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 27 сәуірде N 3587 тіркелген).

Ерікті сертификаттау - өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. 

Міндетті сертификаттауға - жататын және талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол берілетін өнімдер тізбесіне енгізілген өнімнің талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы дайындаушы растай алады. 

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қабылданған сәйкестік туралы декларация өзінің тіркеу саласына декларация ресімделген өнім енгізілген сертификаттау жөніндегі органда тіркеледі. 

Сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы өнімнің нормативтік құжаттар талаптарына сай келетіндігін растайтын дайындаушы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес осы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады. 

3. Қоғам өмірінде және әкономикасында қызмет көрсету саласы елеулі орын алады. Оны мына деректерден көруге болады: - өнеркәсібі дамыған елдерде қызмет көрсету саласынан жалпы ішкі өнімнің үштен екі бөлігі алынады. - елімізде жұмыспен қамтылған халықтын 30 % астамы қызмет көрсету саласында істейді және бұл көрсеткіштің әрі қарай өсуі байқалады. т.б.

1995 ж. Дүние жүзілік сауда ұйымының ақылы қызмет көрсету саласындағы басты келісім іске асырылды. Келісімнің мақсаты халықаралық рынокта барлық ақылы қызмет көрсету түрлерін ынталандыру және құқықтық қамтамасыз ету. Қызмет кәрсетулер біртекті топтар түрінде жіктеледі. Бұл топтарға мыналар жатады:

1. Тұрмыстық радиоәлектронды аппараттарды, әлектр машиналары мен приборларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету.

2. Автоматотранспортқа техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

3. Сұйық отынмен және газбен жанатын приборларды жөндеу.

4. Химиялық тазалау және бояу, кір жуу қызметі.

5. Тұрмыстық-әкскурсиялық және қонақ үй қызметі

6. жолаушыларға көрсітілетін көлік қызметі.

7. Жиһаз жасау және жөндеу.

8. Байланыс қызметі.

9. Киімді тігу және жөндеу.

10. Аяқ киімді жөндеу, бояу және тігу.

Көрсетілетін қызмет түрлері көбейіп келеді. Оның жаңа тұрлері, яғни, аудиторлік, кеме кіресі, жарнамалық ж.б. түрлері дамып келеді. Қызметті стандарттау жұмыстары 1992 ж. басталды. Оған себеп Қазақстан Республикасында қабылданған “Тұтынушыларды құқығын қорғау туралы” заң. Заң тұтынушыларды қауіпті қызметтен қорғаудың жүйесін құрудың қажеттігін айқындады. Жүйенің басты бағыты ретінде міндетті сертификаттау белгіленді. Қызмет көрсету саласында қолданылып келген ережелер, нұсқаулар т.б. сертификаттаудың нормативтік негізі бола алмағандықтан міндетті талаптар тағайындайтын мемлекеттік стандарттар қажет болды. Сондықтан елімізде басталған міндетті сертификаттау қызмет көрсету саласында стандарттау жұмыстарын жандандырды. Мемлекеттік стандарттарды дайындау үшін техникалық комитеттер құрылды. Қызмет көрсету сапасының көрсеткіш атауларына, қызмет сапасын бағалау әдістеріне стандарттар дайындау жоспарланып, қазіргі кезде жүзеге асырылып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет