Түйіршікті эндоплазмалық тордың басты қызметі — мембранаға
бекінген рибосомаларда белок синтезінің жүзеге асырылуы. Әсіресе
түйіршікті мембраналар без жасушалары мен жүйке жасушаларында кӛп (30
сурет).
Тордың ӛзекшелері бойымен мембранада синтезделген заттар орын
алмастырады. Түйіршікті эндоплазмалық торда ас қорыту ферменттері,
жарғақтық интегральды протеиндер түзіледі. Түйіршікті эндоплазмалық
тордың мембраналары тығыз орналасқан жерін
эргастоплазма деп атайды.
Эргастоплазма жүйке жасушаларында
тигроид деп аталса, бауыр
жасушаларында
Берг денешігі деп аталады.
Түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналары кейбір жасушаларда
бытыраңқы түрде, сирек орналасуы мүмкін. Ондай жасушаларда зат алмасу
қарқындылығы тӛмен болады.
Эндоплазмалық тордың
мембранасында рибосомалардың кӛп болуы
синтетикалық процестің қарқынды жүретінін кӛрсетеді. Мысалы,
сүтқоректілер желіндемеген кезде жасушада болатын рибосомдардың 25%
ғана эндоплазмалық тордың мембранасымен тығыз байланыста болады, ал
желіндеген мезгілінде цитоплазмадағы рибосомдардың 70% эндоплазмалық
тормен байланыста болады.
Жасушада
дифференциациялану
процестері
жүргенде
және
патологиялық
жағдайда
эндоплазмалық
тормен
байланысқан
рибосомдардың саны күрт азаяды.