Негіздері



Pdf көрінісі
бет21/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.
Raushanbek Assylkhan Rpzs 20-8 Тopic, физика сессия (2)
11 – сурет
А. Поляризациялық микроскоп
Б.
Фазалы-контрастық микроскоп
 


26 
шыны қармақтар, инелер, капиллярлар. Микроманипуляцияны арнайы 
камераларда жүргізеді. Осы әдіспен бір жасушалы жалғанаяқтының ядросын 
басқа жалғанаяқтыға ауыстырып, жасушаның физиологиялық ерекшелігі 
ядроға тәуелді болатыны анықталған (Фонбрюн, 1951). Митоз процесі жүріп 
жатқан жасушадағы бӛліну ұршығын микрохирургия әдісімен бұруға және 
кейбір хромосомаларды бӛліп алуға болады. 
8. Рентгенструктуралық талдау
әдісі рентген сәулелерінің дифракция 
құбылысына негізделген, цитоплазма мен ядроның құрамына кіретін 
белоктардың, нуклеин кышқылдарының және басқа заттар молекулаларының 
құрылысын зерттеу үшін қолданады. Бұл тәсіл молекулалардың кеңістіктегі 
орналасуын анықтауға, олардың ара қашықтықтарын ӛлшеуге мүмкіндік 
береді.
І.3.1 Электронды микроскоппен зерттеу 
Электронды микроскоппен зерттеу барысында морфологиялық 
объектілерді кӛру үшін электрондар шоғыры қолданылады. Электрондар 
шоғыры жоғары вакуум және жылдам қуатты электронды зеңбірек арқылы 
жіберіліп электромагниттер кӛмегімен шоғырланады (электромагниттік 
линзалар) (12 сурет).
Электрондар шоғыры зерттеу объектісі арқылы ӛтіп люминесценттік 
экранға түскеннен кейін ғана объект құрылымдары бейнеленеді. Оны суретке 
түсіруге болады. Қазіргі электрондық микроскоптардың анық кӛрсету 
мүмкіндігі 0,1 нм (жарық сәулелі микроскоптардан 200 000 есе жоғары) 
болса, үлкейтіп кӛрсету мүмкіндігі – 1 миллион есе. Электрондық 
микроскоптың бұл түрі трансмиссиондық деп аталады. Оның кӛмегімен 
12 – сурет.
Электронды сканрлеуші
микроскоп KYKY



27 
жасушалардың және жасуша аралық құрылымдардың ішкі нәзік құрылысын 
зерттеуге болады.
Жоғары вольтты трансмиссионды электронды микроскоптың анық 
кӛрсету мүмкіндігі жоғары болғандықтан қалыңдығы бірнеше микрометрге 
дейін жететін кесінділерді зерттеуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет