Негіздері



Pdf көрінісі
бет26/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.
Raushanbek Assylkhan Rpzs 20-8 Тopic, физика сессия (2)
Цитоспектрофотометрия
– жасушалардың химиялық құрамын зерттеу. 
Бұл әдіс әртүрлі заттардың белгілі ұзындығы бар сәулелерді жұтуына 
негізделген және оны жұту қарқынына байланысты заттардың мӛлшерін 
анықтайды.
Цитоспектрофлуориметрия
– жасушалардағы заттарды олардың 
флуоресценция спектрлеріне байланысты анықтау.
Бақылау сҧрақтары: 
1.
 
Микроскоптың мүмкіндігін сипаттайтын негізгі кӛрсеткіштері. 
2. МБР-I микроскопының құрылысы мен негiзгi бӛлiктерi. 
3. МБР-I микроскопымен жұмыс iстеу ережелерi. 
4. Микроскоппен зерттеу түрлері. 
5. Электорнды микроскоппен зерттеу әдісі. 
6. Микротом туралы түсінік және онымен жұмыс істеу ережелері. 
7. Гистологиялық құрылымдарды зерттейтін сапалық талдау тәсілдері.
 
8. Гистоавторадиография әдісі. 
9. Жасушалар мен ұлпаларды витальды микроскопиялау. 
10. Цитомикрохирургия әдісі. 
11. Гибридизация әдісі.
12. Морфометрия әдісі. 
13. Цитоспектрофотометрия әдісі. 


33 
1.4 КЛЕТКАНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ 
 
Клетка - тірі ағзалар құрылымының ең қарапайым бірлігі екені, 
олардың құрылысы мен тіршілігінің негізін құрайтыны Т.Шванның 
жұмыстарында кӛрсетілген. Жасуша ӛз алдына жеке ағза ретінде 
(бактериялар, қарапайымдылар, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтар) 
тіршілік етеді немесе кӛп жасушалы жануарлар мен ӛсімдіктер
ұлпаларының құрамына кіреді. Р.Вирхов (1858) «Клетка – барлық тірі 
ағзалардың морфологиялық соңғы элементі, одан тыс нағыз тіршілікті 
іздеуге біздің құқымыз жоқ» деген. 
Қазіргі кезде ғылым бұл ережені толық дәлелдеді. Әйгілі 
әдебиеттерде жасушаны «тіршілік атомы», «тіршілік кванты» деп атайды, 
бұл сипаттама тіршіліктің ең кіші бірлігі жасуша екенін, одан тыс 
тіршіліктің болмайтынын кӛрсетеді. 
Ф.Энгельстің «Ӛмір – белок денешіктерінің тіршілік ету әдісі мен 
қоршаған сыртқы ортамен зат алмасу процестерін тұрақты түрде жүргізуі, 
егер зат алмау процесі тоқтаса ӛмір сүру де тоқтап, белоктар ыдырайды» 
деген тұжырымы ӛзінің мағанасын жойған емес (К.Маркс, Ф.Энгельс. - 2-ші 
шығарма. – Т. 20. – С. 82 ). 
М.В.Волькинштейн (1965) тіршілікке берген анықтамасында «Тірі 
ағзалар ашық (энергия және затпен сыртқы ортамен алмасады), ӛзін-ӛзі 
реттейтін, ӛзін-ӛзі кӛбейтетін жүйелер, олардағы маңызды қызмет 
атқаратын заттар белоктар мен нуклеин қышқылдары» деген. 
Тірі ағзаларға бірқатар келесі белгілер тән: кӛбею, энергияны 
трансформациялау және қолдану, метаболизм, сезімталдылық, ӛзгергіштік. 
Осы аталған кӛптеген белгілерді жасушалық деңгейде байқауға болады. 
Жасушадан компоненттерін немесе молекулаларын бӛліп алса, онда 
олардың кӛбісінің арнайы ерекше қызметке ие екеніне кӛз жеткізуге 
болады. Мысалы, актомиозин фибрилласын бӛліп алып, АТФ қосса, оған 
жауап ретінде фибрилла қысқарады; кӛптеген ферменттер жасушадан тыс 
ӛте жақсы реакцияға түсіп, күрделі биоорганикалық молекулаларды 
синтездейді немесе ыдыратуға қатысады. Жасушаның бұл компоненттерін 
тірі деп айтуға болмайды, бірақ олар тіршілікті сипаттайтын қасиеттердің 
бір бӛлігі болып табылады. Соныменен, тіршілікте жасушадан кіші бірлік 
жоқ. 
«Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыс-танушысы 
Роберт Гук (1635 – 1703) енгізген. 
Тiрi ағзаларды құрылымына қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет