Негіздері


терморецептор, механорецептор



Pdf көрінісі
бет214/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

терморецептор, механорецептор, 
ноцирецептор.
1. Терморецепторлар – температураның ӛзгеруін сезеді; 
2. Механорецепторлар – сипап сезу құбылысын сезеді; 
3. Ноцирецепторлар - жанға бату, ауырсыну құбылысын сезеді.
Ассоциативті (қыстырма) нейрондар қозуды афферентті және эфферентті 
нейрондарға жеткізіп, арасын байланыстырып тұрады. Жасушалары 
мультиполярлы деп саналады. Қыстырма нейрондар орталық жүйке 
жүйесінің құрамында болады. 
Эфферентті (қозғалғыш) нейрондар импульстарды жұмысшы мүшелерге 
жолдайды. Жасушалары мультиполярлы болып келеді. Кӛлденең салалы 
бұлшық еттерге арналған нейрондардың денелері жұлынның алдыңғы 
мүйіздеріндегі ядроларында және ми бағанасындағы қозғалғыштық 
ядроларында орналасса, бірыңғай салалы бұлшық еттің қозғалғыштық 
жолдарының нейрондары вегетативтік түйіндерде орналасады. Аксондары 
жұмыс атқаратын мүшелерге дейін созылады. Жұмыс атқаратын мүшелердің 
екі түрі болады: 
1. Анималді мүшелер – бұлшық еттер; 
2. Вегатативті мүшелер – бірыңғай салалы ет ұлпасы мен бездер. 
Нейрондар мен олардың талшықтары арасындағы байланысты немесе 
контактіні 
синапс 
деп атайды (135-сурет). Бұл терминді 1897 жылы 
Шеррингтон енгізген. Морфологиялық тұрғыдан синапс нейрондар 
цитоплазмасының микроскопиялық ӛсіндісі. Электрондық микроскоппен 
зерттегенде синапстың құрамындағы импульсті ӛткізуші және қабылдаушы 
синапстық саңылау бар екені анықталған, оның мӛлшері 20 нм шамасында. 
Синапстық саңылау пресинапстық және постсинапстық мембраналармен 
қапталған. Пресинапстық мембрана бірінші нейронның мембранасындағы 
импульсті ӛткізетін бӛлік. Постсинапстық мембрана екінші нейронның 
мембранасынан импульсті қабылдайтын маманданған бӛлік. Пресинапстық 
мембрана құрамында ацетилхолин бар синапс кӛпіршіктерімен байланысады.


259 
Постсинапстық мембрана ацетилхолин – экстеразаның жоғары белсенді 
болуымен сипатталады. Сонымен, синапстың құрылысы бірнеше 
бӛлімдерден тұрады:
1. аксонның кеңейген ұшы (ішінде синапс кӛпіршіктер бар; 
2. пресинапстық мембрана; 
3. синапс саңылауы
4. постсинапстық мембрана.
Құрылысы мен орналасу ерекшеліктеріне байланысты синапстарды үш 
топқа бӛледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет