Негіздері


нейрон аралық, рецептор нейрондық, нейроэффекторлық



Pdf көрінісі
бет215/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

нейрон аралық, рецептор нейрондық, нейроэффекторлық. 
Нейрон аралық синапс келесілерге бӛлінеді: аксон - сомалық синапс – бір 
нейронның аксоны мен екінші нейронның денесі арасындағы жанасу; аксон – 
дендриттік – бір нейронның аксоны мен екінші нейронның дендриті 
арасындағы жанасу; аксон – аксондық – екі нейронның аксондары арқылы 
жанасуы және дендра – сомалық, дендра – дендриттік, сома – сомалық деген 
түрлері де бар.
135 – сурет. Нейронның қҧрылысы 
А – нейрон: 1 – нейронның денесіндегі ядросы; 2 - дендриттер; 
3 – аксон; 4 – синапс; 5 – кӛлденең салалы бұлшық еттің талшығы
Б – синапс, ұлғайтылған; 6 – жасушаларға импульсті таратқан аксонның ұшы; 7 – 
импульсті қабылдаған жасуша; 8 – биологиялық активті заттары бар кӛпіршіктер, 
медиаторлар; 9 - митохондрия 


260 
Синапстар әртүрлі болғанымен, олардың құрылысында ортақ белгілері 
бар. Синапс аймағындағы аксондар мен дендриттердің ұштары кеңейген 
және миелинді қабықшасы болмайды, митохондриялар мен синапстық 
кӛпіршіктер кӛп болады. Синапстық кӛпіршіктерде медиаторлар (mediator -
аралық) болады, олар ацетилхолин, адреналин, глутамин қышқылдары. 
Медиаторлар – физиологиялық белсенді заттар. Әрбір нейрон белгілі бір 
медиаторлардың түрін ғана бӛліп шығарады. Нейрондарды ӛздеріне тән 
медиаторлар түрін бӛліп шығаруларына байланысты бірнеше топқа бӛледі: 
1. Холинэргиялық - ацетилхолинді бӛліп шығаратындар; 
2. Адренэргиялық – катехоламиндерді – норадреналин мен адреналинді
бӛліп шығаратындар; 
3. серотонинэргиялық – серотонинді бӛліп шығаратындар; 
4. пептидэргиялық – пептидтер мен амин қышқылдарын бӛліп шығарады. 
Ацетилхолин медиаторын бӛлетін холинэргиялық нейрондар тобына – 
постгангиялық 
парасимпатикалық 
нейрондар 
мен 
жұлынның 
мотонейрондары жатады.
Катехоламиндерді 
(норадреналин 
мен 
адреналинді) 
бӛлетін
адренэргиялық нейрондар тобына – симпатикалық нейрондар мен мидың 
кӛптеген нейрондары жатады. 
Серотонинді бӛлетін серотонинэргиялық нейрондар тобына – мидың 
бағана бӛлігінде орналасқан нейрондар жатады; 
Пептидтер мен амин қышқылдарын бӛлетін пептидэргиялық нейрондар 
тобына – мидың тӛмпешік асты аймағында орналасқан нейрондар жатады.
Синапс бойы арқылы қозу импульсі ӛтеді, нейронға жеткен импульс синапс 
саңылауында 
медиатордың 
түзілуін 
қамтамасыз 
етеді. 
Медиатр 
постсинапстық мембранаға жетіп, оның потенциалын ӛзгертіп, жүйке 
жүйесіндегі қоздыруды күшейтеді немесе тӛмендетеді. Бұл құбылыс 
кӛптеген жағдайлармен тығыз байланысты. Мысалы, натрий, калий және 
хлор иондарының концентрациясына тәуелді. Синапстағы импульстің таралу 
жылдамдығы жүйке талшығындағыға қарағанда тӛменірек болады. 
Химиялық синапстар қоздырушы және бӛгеуші болып бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет