Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Құстың вирустық аурулары, олардың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет109/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
2 СРСП, eng email, қарттар, Практикалық сабақ 11, 30 сұрақ, силлабус 3 курс эпизоотология және инфекциялық аурулар
Құстың вирустық аурулары, олардың ерекшеліктері:
А с а п а т о г е н д і қ ұ с т ұ м а у ы (grippus/influenzae/galli) –
құстың күйінің кетуімен, ас қорыту жүйесінің, тыныс мүшелерінің , орталық 
жүйке жүйесінің жарақаттануымен ерекшеленетін жіті өршитін, өлімге 
ұшыраумен аяқталатын, аса жұғымтал вирустық ауру.


182 
Ауру қоздырушысы – Ortomyxoviridae тұқымдастығына, Influenzavirus 
түріне жататын РНК-лы вирус. Құс тұмауының аса патогенді штамдарының 
барлығы вирустың А типіне және Н
5
, Н
7
тармақтарына жататындығы, 
гемагглютинациялау бойынша 16, нераминидаза ферменті бойынша туыс 
сероварларға бөлінетіндігі анықталған. Бүгінгі күні үй құстарына қауіптілері 
– Н
7
N
7
, Н
5
N

штамдары. Соңғы аталған штамдар үй құстарын жаппай өлімге 
соқтырған. Бұл штамдардың рекомбинациялануына қарай олардың құрылы-
мы ғана емес, РНК геномының кейбір бөліктері де өзгеріске ұшырауы 
мүмкін. Сондықтан, олардың мутанттары адамдар үшін өте қауіпті болады.
Жабайы құстар тұмау вирусының табиғаттағы негізгі қорламасы болып 
саналады. Кейінгі жылдары адамдар арасында түрлі клиникалық белгілермен 
байқалған құстардан жұққан тұмаудың қоздырушысы – құс тұмауының 
вирусы екені дәлелденген.
Тұмау вирусының негізгі компоненттері: вируленттік қасиеттеріне 
жауапты. А типіне тән, комплементті байланыстыру реакциясымен анық-
талатын – S-антигені (РНҚ+полипептид); қоздырушының серологиялық 
вариантын анықтайтын, вирустың иммуногендік және антигендік белсен-
діліктеріне жауапты, ГАТР, ЖГАР және БР арқылы анықталатын – V-
антигені (гемагглютинин); вирустың нейраминидаза серотипін бейнелейтін, 
көбеюі кезінде жаушадан шығуы мен вируленттілік қасиетіне жауапты, 
нейраминидаза белсенділігін тежеу реакциясымен анықталатын (НБТР) – 
нейраминидаза ферменті болады. 
А.К.Булашев, Ж.А.Сураншиев (2007) жүргізген зерттеулерінің нәтиже-
сінде құс тұмауы вирусының А типті Н5N1 штамы антигенінің құрамында 
иммунды ферменттік талдау мен диффузиялық преципитация реакциясында 
телімді антиденелермен белсенді түрде байланысқа түсе алатын 4 белок 
фракцияларының болатындығы анықталды. 
Тұмау вирусы құстардың саңғырықтарында, ұлпаларда және суда бір 
жылға дейін сақталады. +56
0
С температурада 3 сағат, ал +60
0
С-де 30 минутта 
инактивацияланады. Сілтілердің, қышқылдардың, тотықтырғыштар мен 
құрамында йоды бар ерітінділердің әсерінен зарарсыздандырылады.
Құс тұмауының түрлі мемлекеттерде анықталған эталондық штамдары 
өте көп. Ауру қоздырушысының бастауы – ауырған құс. Вирустың негізгі 
берілу жолдары аэрогенді, алиментарлы. Аурудың панзоотия түрінде 
таралуына жыл құстары себеп болады.
Аурудың жасырын кезеңі 3-5 күнге созылады. Клиникалық белгілері 
аурудың формаларына (респираторлы, ішекті, нервті, аралас) байланысты. 
Жалпы алғанда дене қызулары көтеріледі, шөлдейді, қиналып тыныс алады, 
нәтижесінде қырылдаған дыбыстар шығарады, түшкіреді, көздері жасау-
райды, мойындарын артқа қайқайтып (опистотонус), тұмсығы мен аяқтары 
домбығып, өлімге шалдығады.


183 
Ауру аса жіті өршуіне байланысты патологиялық өзгерістер ішкі 
ағзаларда айқын байқалмауы да мүмкін, әйтсе де конъюнктивит, гемор-
рагиялық трахеит, инетрит, нефрит белгілері анықталады.
Лабораториялық зерттеуге патологиялық материал ретінде жаңадан 
өлген немесе арнайы өлтірілген құс, клоака шайындысы, ішкі ағзалары, қан 
сарысулары сұйық азотқа қатырылып жіберіледі.
Вирусологиялық зерттеулермен қатар биосынама 4-8 апталық тауық 
балапандарына қойылады. Патологиялық материалды тері астына, бұлшық 
етке немесе конъюнктива арқылы жұқтырған балапандар қоздырушының 
вируленттілігіне байланысты 36-72 сағатта өлімге ұшырайды. Вирусты 
идентификациялауға КБР, ГАР, ИФР, ИФТ, ПТР әдістері қолданылады.
Ауру анықталған жағдайда немесе қатер төнген аймақтарда карантиндік 
шаралар жүргізіледі. Міндетті түрде қатер төнген аймақтағы құс арнайы 
вакциналармен иммунделеді.
Н ь ю к а с л а у р у ы – ішкі ағзалардың нүктелі қанталауымен, 
пневмониямен, энцефалитпен сипатталатын аса жұқпалы, РНК-лы парамик-
совирус қоздыратын инфекциялық ауру. Індеттанулық зерттеу жүргізгенде 
тауықтың барлық тұқымдастары ауыратыны, вирус тозаң түрінде сыртқы 
ортада ұзақ уақыт сақталып, бірнеше км-ге дейін таралатыны, індеттен сау 
шаруашылықтарға, сонымен қатар инкубаторға берілген жұмыртқа арқылы 
таралатыны, аурудың маусымдылығының болмайтыны ескеріледі.
Аурудың негізгі клиникалық белгілері жас балапандарда айқын 
байқалады. Ауруға шалдыққандар әлсіреп, орнынан қозғалмай, бастары 
қанатының астына тығылып, жөтеліп, түшкіріп, дем алғанда сырылдаған 
дыбыстар шығады. 
Патология-анатомиялық өзгерістер аурудың өршуіне байланысты 
әртүрлі. Жіті өршуінде қарынның етті және сөл шығаратын бөліктерінің 
шекарасында 100% жағдайда қанталаулар айқын байқалады (36-сурет). 
Мұндай өзгерістер 98% тік ішекте, 60% жағдайда қарын сөлдері жолдарында 
анықталады.
Ньюкасл ауруы жеке шаруа қожалығындағы жергілікті тауықтарда 
проблемалық мәселе тудырмайды, бірақ оларда аурудың індет ошағы ұзақ 
мерзімде персистеніп ірі тауық фабрикаларына жұғу қаупін төндіреді. Ауру-
ды дауалау мақсатында В-1, Н, Ла-Сота, Бор-74 штамдарынан дайындалған 
тірі вирус вакциналары түрлі схемаларда қолданылады. 
Ж ұ қ п а л ы б р о н х и т – балапандардың тыныс жолдарын, ал ересек 
тауықтың репродуктивті мүшелерінің қызметін бұзумен сипатталатын, жіті 
өршитін вирустық ауру. Ауру қоздырушы вирустың бірнеше серологиялық 
типтері анықталған.
М а р е к а у р у ы (нейролимфоматоз) – көздің көз қабығының депиг-
ментациясымен, қарашықтың деформациялануымен, шеткері нерв талшық-
тарының салдануымен сипатталатын құстың жұқпалы, вирустық ауруы. 
Қазіргі кезде құс фабрикаларында ауру қоздырушысының жоғары вирул-


184 
енттігіне байланысты проблемалық мәселелер тудырып отырған өте 
жұғымтал ауру. Вирус қорадан қораға ауа ағынымен таралады. Індеттанулық 
зерттеу жүргізгенде вирустың транспорт, адам, құрал-жабдықтар, кемір-
гіштер, эктопаразиттер және жабайы құстар арқылы берілетіні ескерілуі 
қажет.
Ж ұ қ п а л ы э н ц е ф а л о м и е л и т – тауық балапандарының 
басының, мойнының дірілдеуімен, дене қозғалысының бұзылуымен, салда-
нумен сипатталатын, жіті өршитін вирустық ауру. Ересек тауық ауырмайды, 
ауру қоздырушысы жұмыртқа арқылы беріледі. Көбінесе 6-20 күндік 
балапандар ауырып, 80% жағдайда өлімге шалдығады.
Ж ұ қ п а л ы б у р с и т (Гамборо ауруы, инфекциялық нефроз) – 
балапанның фабриции қалтасының, бүйрегінің жарақаттануымен, диареямен 
ерекшеленетін вирустық ауру. Ауырған балапандар 25% жағдайда өлімге 
шалдығады. Ересек тауықтар сирек ауырады. Вирус негізінен азық, су, құрал-
сайман және күтуші адамдар арқылы беріледі. 
Жоғарыда аталған вирустық аурулармен қатар ірі құс фабрикаларында 
респираторлы микоплазмоз, салмонеллез, әсіресе пуллороз (тиф) экономи-
калық шығындарға соқтырады. 
Ж ұ қ п а л ы л а р и н г о т р а х е и т – фибринді гемморагиялық 
ринит, трахеит, конъюнктивит, тыныстың тарылуымен ерекшеленетін вирус-
тық ауру. Ауру қоздырушысы ДНК-лы герпес вирус. Табиғи жағдайда бұл 
аурудың тауық, қырғауыл, күрке тауық ауырады. Ауырып, жазылған құс 1-2 
жылға дейін денесінде вирус алып жүреді. Қансорғыш жәндіктерде де вирус 
сақталады. Ауру жіті және созылмалы түрде өтеді. Ауырған тауық қырылдап, 
шиқылдаған дыбыс шығарады. Кеңірдекте экссудатты тығынның түзілуінен 
құс аузын ашып дем алады, басын сілкіп, тығынды шығаруға әрекет 
жасайды. Сонымен қатар көзінің қабықтары ісініп, жұмылып, жарыққа қарай 
алмай, жас ағуы байқалады. Клиникалық белгілері арқылы ауруға балау қою 
көп қиындық тудырмайды. Ауырып жазылған құста иммунитет қалыптасады. 
Бұл ауруға қарсы тірі вакцина клоаканың үстіңгі жағына үйкеу арқылы 
қолданылады. Ауырған құс толық жойылып, ветеринариялық-санитариялық 
шаралар мұқият орындалып, құс фермасы санацияланады.
Ү й р е к б а л а п а н ы н ы ң ж ұ қ п а л ы с и н у с и т і - тыныс 
жолдарының кілегейлі қабықтарының қабынуымен ерекшеленетін құс 
тұмауы тәріздес аса жұғымтал вирустық ауру. Бұл аурумен негізінен 30 күнге 
дейінгі балапандар ауырады. Негізгі жұғу жолдары: аэрогенді, трансо-
вариальді, алиментарлы. Балапандар тығыз орналасқан жағдайда 90%-ға 
дейін ауруға шалдығып, абсолютті көпшілігі өлімге ұшырайды. Негізгі 
клиникалық белгілері: ринит, конъюнктивит, пысқыру, танау тесіктерінен 
желім тәріздес сораның ағуы, аузын ашып демалуы, көзінің сөмуі, синуситтің 
әсерінен бастың домбығуы. Ем ретінде йод ерітіндісі (1:10000), биоветин, 
биомицин суға қосылып беріледі. Дауалау мақсатында тірі вирус вакцина 
қолданылады.


185 
Ү й р е к б а л а п а н ы н ы ң в и р у с т ы қ г е п а т и т і – жас 
балапандардың тез арада жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен (басын 
артына қайырып, аяғын созған күйде қалуы - опистотонус), конъюнкти-
витпен ерекшеленіп, тез арада өлімге шалдығуымен ерекшеленетін үй және 
жабайы үйрек балапандарының жұғымтал вирустық ауруы. Бұл аурумен қаз 
балапандары да ауырады. Ересек үйректерде ауру жасырын өтеді. Негізгі 
жұғу жолдары: аэрогенді, инкубациялық жұмыртқа арқылы және алимен-
тарлы. Патология-анатомиялық өзгерістер бауырда байқалады. Онда үлкенді-
кішілі қанталаулар байқалады. Көкбауыр ұлғайып, өлі еттенген ошақтар 
кездеседі. Ауру шыққанда індет ошағына карантин қойылады. Ғылыми 
деректерде гепатитке қарсы гипериммунды жылқының қан сарысуын тиімді 
пайдалануға болатыны көрсетілген. Дауалау мақсатында арнайы вакцина 
қолданылады. 
Р е с п и р а т о р л ы қ м и к о п л а з м о з – тыныс мүшелерінің 
зақымдануы, арықтау, өнімділігінің төмендеуі белгілерімен ерекшеленетін, 
созылмалы ауру. Ауру қоздырушысы – Mycoplasma galliseptica полиморфты, 
шар тәріздес байытылған қоректік орталарда, тауық эмбориондарында, торша 
өсінділернде жақсы өседі, ыстыққа төзімсіз.
Бұл ауруға тауық, күрке тауық, қырғауыл, көгершін бейімді, әсіресе 2-4 
айлық балапандар мекиендер сезімтал. Негізгі берілу жолдары аэрогенді, 
трансовориальды. Практикада жұқпалы ларинготрахеит, бронхит және 
сальмонеллез, пастереллез ауруларымен қосарланған инфекция ретінде 
байқалады. Өлім көрсеткіші – 5-50%. 
Дауалау шараларында ветеринариялық-санитариялық ережелердің 
сақталуы басты роль атқарады. Бұл ауру анықталған жағдайда карантин 
қойылып, күрес шаралары кардинальды түрде орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет