Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


-тарау.  ИТ ПИТОМНИКТЕРІ МЕН ТЕРІСІ БАҒАЛЫ АҢ  ФЕРМАЛАРЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет112/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
2 СРСП, eng email, қарттар, Практикалық сабақ 11, 30 сұрақ, силлабус 3 курс эпизоотология және инфекциялық аурулар
6-тарау. 
ИТ ПИТОМНИКТЕРІ МЕН ТЕРІСІ БАҒАЛЫ АҢ 
ФЕРМАЛАРЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
 
Ет қоректілер (ит, қасқыр, шибөрі, т.б.), терісі бағалы аңдар (құндыз, 
күзен, қоян, т.б.) бірнеше түлікке ортақ инфекциялық аурулармен (топалаң, 
пастереллез, ауески ауруы, салманеллез, лептоспироз, листериоз т. б.) қатар 
өздеріне тән инфекциялық аурулармен (оба, құтырық, инфекциялық гепатит, 
энзоотиялық энцефаломиелит, күзеннің алеут ауруы мен энтериті, қоянның 
миксоматозы, т.б.) жиі ауырады. Соңғыларының тұрақты індет ошағы 
сыртқы ортада негізінен: бұралқы иттер, жабайы аңдар, кеміргіштер арқылы 
сақталады. 
 
27-зертханалық сабақ.
 Ет қоректілер обасы мен Алеут ауруын балау
дауалау және арылу шаралары 
Орны және жүргізу әдістемесі. 
Сабақ ветеринариялық клиникада 
немесе питомникте, терісі бағалы аңдар фермасында жүргізіледі. Студенттер 
клиникалық зерттеу жүргізуді, иттен, т.б. қан алуды үйренеді.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде ет қоректілер обасымен 
ит, терісі бағалы аңдар жасына, жынысына қарамай бейімді екені, бірақ 
негізінен 2-5 айлық күшіктер көп ауыратыны ескеріледі.
Ет қоректілер обасы қоздырушысының негізгі берілу жолдары – ауа, 
адамдар (әсіресе питомниктерде, фермаларда жұмыс істейтін) арқылы. Терісі 
бағалы аңдар өсірілетін фермаларда обамен басында аңдардың бір түрі 
ауырып, 1-2 айдан кейін басқа түрлеріне беріледі. Оба аң мен иттің күйікке 
келген кездерінде өте қауіпті. Бұл кезеңдерде 25-70%-ға дейін терісі бағалы 
аңдар ауырып, өлімге шалдығады.
Обаға тән к л и н и к а л ы қ б е л г і л е р д і ң бірі – безгектену. Бұл 
кезеңде ауырған терісі бағалы аң мен иттің, әсіресе олардың күшіктерінің 
күйінің нашарлауы, бүрісіп тоңуы, тәбетінің төмендеуі байқалады. Бұдан 
кейін серрозды коньюнктивит байқалып, іріңді түріне айналады. Жүйке 
жүйесінің зақымдануынан кейбір жағдайда тік ішектің сыртқа шығуы, іш 
өту, нәжісте қанның пайда болуы, оның жағымсыз иіс беруі анықталады. 
Әсіресе күшіктер бірден жүдеп, арықтап, өте көп терлеу нәтижесінде 
олардың денелерінен жағымсыз иістер шығады. 
Негізінен ет қоректілердің обасында тыныс алу жолдары мен орталық 
жүйке жүйесі жарақаттанады. Соңғысында жоғарыда айтылғандай тік ішек-
тің сыртқа айналуымен қатар салдану процестері, сілекей ағу анықталады.
Аурудың нақтылы балауын қоюда вирусологиялық және серологиялық
реакцияларды қолдану маңызды. Вирусологиялық зерттеулер өте күрделі, 
сондықтан қажет болған жағдайда серологиялық әдістерді (ИФР, ГАР, КБР, 
ДПР, ИФТ түрлі қойылымдарында) қолданылады. Бұлардың ішінде ИФР 
патологиялық материалдан вирус антигенін анықтауға практикада кең 


192 
қолданылады. Патологиялық материал ретінде иттің коньюнктивасынан 
тампон арқылы алынған сүртіндіден әйнекке жағынды жасалып, люминис-
центті микроскоп арқылы арнайы диагностикум қолданып, вирус антигені 
анықталады. Осы мақсатта патологиялық материал ретінде танау қуысынан 
алынған сүртінділер, өлексенің ішкі ағзаларынан (мидан, өкпеден, қуықтан, 
асқазаннан) алынған кесінділер де қолданылады. 
КБР, ДПР, ГАР, ИФТ әдістері ретроспективті балау қоюда маңызды. Бұл 
әдістермен қан сарысуларында антидененің анықталуы ет қоректілердің 
обамен ауырып-жазылғаны туралы деректер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет