Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет11/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН
2 СРСП, eng email, қарттар, Практикалық сабақ 11, 30 сұрақ, силлабус 3 курс эпизоотология және инфекциялық аурулар
Клиникалық балау. 
Малды клиникалық зерттеу тәсiлдерi жұқпалы 
емес аурулар кафедраларында студенттерге жан-жақты оқытылған. 
Клиникалық зерттеу жүргiзгенде инфекциялық процестiң түрлерi, байқалу 
сатылары ескерiледi (1-сурет). Қазiргi кезде инфекциялық аурулардың 
клиникалық белгiлерi классикалық түрде кездеспейдi. Әсiресе қосалқы 
инфекцияларда мұндай жағдай өте жиi байқалады (мысалы шошқа обасы 
пастереллезбен, сальмонелезбен асқынғанда).
Тiптi қазiргi уақытта бруцеллезге тән жануарлардың iш тастауы, төлдiң 
өмiршең емес туылуы, шудың түспеуi, т.б. топалаңға тән малдың жаппай 
қырылуы, қанның ұйымауы, т.б. клиникалық белгiлер өте сирек кездесiп жүр. 
Яғни көптеген классикалық инфекциялардың созылмалы жасырын 
түрде байқалуы тенденция алған. Мұндай жағдайлар Қазақстан мен басқа 
ТМД мемлекеттерiнде вакциналарды жиi, кең түрде қолданылуынан 
туындалған болса керек. Әйтсе де, құтырық, iндеттi лимфангит, аусыл, т.б. 
ауруларда ауруға тән клиникалық белгiлер нозологиялық балау қоюда басты, 
ал сiреспе мен бұзаутазды балауда шешушi роль атқарады. 
Клиникалық зерттеудi малдың дене қызуын өлшеуден бастау 
ұсынылады. Қолданылатын термометрлер тексеруден өтулерi қажет және 
олардың дезинфекциялық ерiтiндiлерде сақталуы шарт.
Ауруға тән клиникалық белгiлер мал бос тұрғанда айқын байқалады. 
Сондықтан ауру малды байламай, олардың жағдайына бақылау жүргiзу 
(қозғалысына, сыртқы пiшiнiне, азықтануына, зәр, нәжiс шығаруына, 
соңғыларының түрiне, түсiне, т.б.) керек. Бұдан кейiн қажет саналса, тиiстi 
мүшелерiне арнайы зерттеулер (пальпация, аускультация, т.б.) жүргiзiледi.
Клиникалық балау қоюда қосалқы (mixed) инфекциялардың болатыны 
назарға алынуы қажет. 
Клиникалық зерттеуге гематологиялық әдiс те жатады. Инфекциялық 
ауруларда көбiнесе гемоглобин концентрациясы, эритроциттердiң шөгу 
жылдамдығы, лейкоцитарлық формула анықталады.
1-зертханалық сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет