Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет36/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

 Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы,
құрылымы, түрлері және олардың шекараларын анықтау 
 
Сабақтың мақсаты. 
Табиғи ошақтың құрылымын, түрлерін анықтауды 
үйреніп, табиғи ошақтылықтың сақталуындағы ауру қоздырушысы тасымал-
даушыларының рөлін талдау. 


59 
Қажетті жабдықтар.
Ауру қоздырушыларын тасымалдаушы жәндік-
тердің, кеміргіштердің, құстардың, т.б. факторлардың індетті таратудағы 
рөлін көрсетуге арналған плакаттар, слайдтар, 7-інші және 8-інші суреттер .
Орны және жүргізу тәртібі. 
Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізіледі. 
Студенттер арнайы суреттер, схемалар бойынша кеміргіштер мен жәндік-
тердің биологияларымен танысып, олардың инфекциялық ауруларды тарату-
дағы рөлін талдайды. 
Инфекциялық аурулардың табиғи ошақтылығы. 
Табиғи індет ошағы 
деп белгілі бір жұқпалы ауру қоздырушысының жабайы жануарлар, 
кемірушілер, насекомдар арасында немесе түрлі факторлар (топырақ, су) 
арқылы айналымда болатын территорияны атайды. Мысалы құтырық, 
туляремия, лептоспироз, листериоз, т.б. ауырулардың табиғи ошақтары 
болады.
Жұқпалы аурулардың белгілі бір географиялық ландшафтта табиғи ошақ 
тудыру қасиетін – табиғи ошақтылық деп атайды. Жұқпалы трансмиссивті 
аурулардың табиғи ошақтылығы туралы ілімнің негізін қалаған – академик 
Е.Н.Павловский (1884-1965). Кейіннен академиктің шәкірттері Қазақстандық 
ғалымдар И.Г.Галузо мен П.А.Петрищева, т.б. трансмиссивтік емес аурулар-
дың да табиғи ошақтары болатынын дәлелдеді. Олар жабайы жануарлардың, 
кемірушілердің тікелей немесе жанама жанасуы арқылы беріледі. Мысалы 
құтырық вирусы құтырған қасқыр, түлкі, қарсақ, т.б. арқылы берілсе, лепто-
спироз, листериоз қоздырушылары ауру таратушы кемірушілер ластаған 
факторлар (мал азықтары, т.б.) арқылы жұғады.
Қазіргі кезде табиғи ошақты аурулар қатарына жататын зооантропо-
ноздар саны тұрақты көбеюде. Мысалы табиғи ошақты зооантропоноздарға 
көптеген риккетсиоздар (Кулихорадка, тиф, т.б.), вироздар (құтырық, 
жылқының жұқпалы энцефаломиелиті, аусыл, т.б.), бактериоздар (түйе оба-
сы, туляремия, лептоспироз, листериоз, псевдотуберкулез, салмонеллез-дер, 
т.б.), сонымен қатар протозооздар (лейшманиоз, токсоплазмоз, т.б.), көптеген 
гельминтоздар (описторхоз, эхинококкоз, трихинеллез, т.б.) жатады.
Ғылыми деректерге қарағанда, табиғи ошақты аурулар қоздырушыла-
рының табиғи биоценоздарда сақталуына, айналымда болуына 550 
омыртқалы жануарлар, олардың 200-ден астамы сүтқоректілер (әсіресе 
кемірушілердің рөлі үлкен), 250-ге жуық құстың түрлері қатысты. Мұнымен 
қатар 100-ден артық қан сорғыш насекомдар маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет