Курстық жұмыстың ғылымилығы, құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, 1 тарау, 3 тақырып, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға толық қамтуды, мектепке дайындау үшін оларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қатынас құруын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңартуды қамтамасыз ету міндеті қойылған.
Мектепке дейінгі ұйымның білімдік үдеріс сапасын арттыруды шешуде ақпараттандырудың үлкен әлеуеті бар. Қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеу практикасында пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесі менеджментінің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады, мектепке дейінгі жастағы балалардың қарапайым компьютерлік сауаттылығын игеруге және балаларды мектепте оқытуға дайындауға, балаларды қоғамда табысты әлеуметтендіру үшін жағдайлар жасауға көмектеседі.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағымды әсерімен қатар жағымсыз әсер ететіні сияқты компьютер баланың өміріне ерте жастан бастап енетінін білеміз. Баланың психикасына әсер ету күші бойынша заманауи ақпараттық технологияларды басқа құралдармен салыстыруға келмейді.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтары балалармен жұмыс жасау барысында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану негізгі жетістік екенін көрсете бастады.
Балабақшадағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар-заманауи мектепке дейінгі тәрбиелеудің өзекті мәселесі.
Ғылыми-техникалық ілгерілеу барысында білім беру үдерісін ұйымдастыру мен мазмұнына жаңа талаптарды ұсынады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын қолданудағы мақсаты – баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі ұйымдарда АКТ оқыту процесінде кеңінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға арналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар көру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |