НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі
1.1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған білім беру мазмұны
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала-біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік, эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлді.
Ата-ана баласын балабақшаға әкелгенде үлкен ортаға үйренеді, бейімделеді, көзі ашылады деп үміттенеді. Ол -педагогтың басты мақсатының бірі. Баланың ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқу, жазу, сызуға ойын арқылы үйрету басты назарында болатыны анық. Осыған байланысты еліміздің сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты қалыптастыратын отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің қызметкерлері. Заман талабына сай білімді, мамандығының қырсырын игерген педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру, кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай курстар мен түрлі семинарлар өткізудің маңызы зор. Мұның өзі педагогтың жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетіншыңдауына, бала тәрбиесіне деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Білім-теңіз, оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын, білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны-тәрбиеші. Ал ұстаз білімді бала санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол-ұстаздың бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. «Білім беру-табиғат пен қоғам жайында ғылымды жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білу» деп көрсетеді Ж.Қоянбаев. Тәрбиешінің бағыттауымен бала білімді меңгеріп қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибесінде тиімді қолдана білуі шарт. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.
Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Бала-болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде заманауи инновациялық ойын технологияларының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Білім беру жүйесінде жаңа технологияны қолдану арқылы келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті. Бүгінде балабақшаларда қолданып жүрген: Ойын технологиясы, М.Монтессории технологиясы, тірек сигналдар арқылы, проблемалық, модульдік, дамыта, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ұлттық құндылықтарымызды балабақшадан бастау сияқты педагогикалық технологиялардың барлығы өз нәтижелерімен айқындалып келеді. Яғни қандай технологияны қолданбасын педагог баланың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шығармашылық қабілетін арттыратыны айқын.
Мария Монтессори әдіс қай кезеңде болмасын балабақшада еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық.
1.2.Мектепке дейінгі білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды енгізудің маңызы және оның түрлері
Болашақ бүгіннен басталатынын тереңнен зерделесек, жас ұрпақтың тағдыры, оның келешегі, жан - жақты азамат етіп тәрбиелеу мәселесі қашан да халқымыздың басты арман, мұраты болып келгені даусыз. Осыған орай, қоғамда бiлiм беру және ғылым саласына елеулi өзгерiстер енгiзiлiп жатқан қазiргi кезеңде мектепке дейiнгi ұйымдарда бiлiм мазмұнын жаңарту, баланың жеке басын дамыту, жас ұрпаққа бiлiм беру мен тәрбиелеуді жаңа сапалық деңгейге көтеру мiндетi тұр. Білім мазмұны - әлеуметтік мәдени феномен ретіндегі әлеуметтік тәжірибенің бірлескен көрнісі, яғни кешенді жүйе. Осы білім мазмұны арқылы мәдениеттегі ұласымдылық және қоғамның әлеуметтік дамуы жүзеге асырылады. Осыған орай, тарихи дәуірлердің қай кезеңдерінде болмасын аталған мәселе өзінің көкейкестілігін әлі күнге дейін жойған жоқ.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық өзгерістер мен жаңа білім беру кеңістігінде жаңартуларға қатысу маңызды жауапкершілік жүктейді. Барлық ТМД елдеріндегідей мектепке дейінгі білім беру жүйесі өте күрделі кезеңдерден өтіп, тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңарту және оны жүзеге асыру бүгінгі күннің үлесінде. Білім мазмұны дәстүрлі педгогикалық модель тұрғысынан алып қарағанда ол білім, білік, дағды деп қарастырылған. Ал қазіргі кезеңдегі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда бұл, барлық мәдениеттің құрамындағы педагогикалық интерпретация деп тұжырымдалған. Бұл түсінік білім мазмұнының құрылымында: мектепке дейінгі кезеңдегі қарапайым білім мазмұнын беруге арналған пәндер жиынтығын жалпы білім беру мазмұнындағы орны мен рөлін, оқу материалдарының логикалық үйлесімділігін анықтауда маңызды рөл атқарады.
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың моделін құрмас бұрын «модель» сөзінің мағынасына тоқталғанды жөн көрдік.
Модель түсінігі ғылымда бір-біріне ұқсас болып келетін бірнеше анықтамалармен беріледі. Оның ішінде В.В.Краевский моделді белгілі бір құрылымды қамтитын құбылыстың ішкі, нақты қатынастары мен байланыстарын көрсететін оның элементтері деп түсіндіреді.
Осыдан біз мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың моделін анықтау үшін оның құрамына кіретін элементтерін, олардың өзара қатынастары мен қызметіне тоқталамыз.
Оқу іс-әрекетінің құрылымына байланысты зерттеу жүргізген Г.Б.Мокотрова төмендегідей компоненттерді жатқызады: гносиологиялық, технологиялық, тұлғалық, шығармашылық.
Автордың осындай компоненттерін ажыратуына негіз болған оқу іс-әректіне берілген анықтама. Оқу іс-әрекеті дегеніміз-балалардың өздерін мазалайтын, өздері қызығушылық танытатын, әлем, табиғат, қоғам, адамзат туралы білімдерді тәрбиешінің басшылығымен, тәрбиелеу мен білім берудің қарапайым, әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтуге, іс-әрекеттің аталмыш түріне бейімделіп, тұлғалық қабілеттерін дамытуға, шығармашылық жұмыс жасауға көңіл бөлінеді. Осы анықтамадан алынған жоғарыда аталған іс-әрекеттің компоненттерін жеке-жеке атап өтетін болсақ, онда:
Достарыңызбен бөлісу: |