Негізгі бөлім мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі



бет6/8
Дата15.05.2020
өлшемі40,45 Kb.
#68746
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жаңа білім беру процесін іске асыруда мектепке дейінгі ұйымдарда

Бірінші кәсіби құзіреттілікті жетілдірудің басым бағыттарына инновацииялық технологияларды пайдалана білу құзіреттілігі жатады. Мұнда білу беру саласындағы жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде қарапайым ойын-зерттеу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыруы, түрлі тіршілік проблемаларын немесе жағдайларын сапалы және табысты шешу әрекетін қамтамасыз ете алуы, жеке тәжірибеге енген жан-жақты білімі, икемділігі, дағдысы, қабілеттер жүйесі, кәсіби біліктілік деңгейін арттыру көзделеді. Осыған орай, балабақшада тәрбиешілерге жалпы әдістемелік кеңестер беріліп, зерттеу жүргізуді арнайы педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастырады. Мысалы: арнайы сабақтар, балабақшадағы ойын, еңбек әрекеттері түрінде ұйымдастырады. Балалар зерттеуінің тақырыптары қандай болуы мүмкін? деген сауалға жауап іздеп, зерттеу тақырыптарын үш негізгі топқа біріктіруге болатынына тоқталдық.

Фантастикалық тақырыптар-фантастикалық құбылыстарды өңдеуге бағытталған. Мысалы, бала ғарыш кемесінің жобасын жасайды немесе сиқырлы машина жасайды. Бұның бәрі ауызша түрде айтылуы мүмкін, бірақ техникалық сурет немесе макет түрінде болуы мүмкін. Картон қағаздан жасалған.

Эмпирикалық тақырыптар-өздерінің бақылаған немесе тәжірибеден алған тақырыптар. Бұл тақырыптар бала әрекетіндегі қызықты және перспективалық бағытта. Әлем туралы және тағы да басқа өздерінің зерттелген тақырыптарға арналған тәжірибелері мен бақылаулары зерттеу мақсатындағы ең бағалысы болып табылады. Бұл зерттеулер үлкен тақырыпты талап етеді. Балалардың зерттеу тәжірибесіне барлық практикалық зерттелетін заттар адам, үй жануарлары, табиғат құбылыстары, әртүрлі жансыз заттар, жалпы айналаны қоршаған заттардың барлығын зерттеуге болады.

Теориялық тақырыптар-әртүрлі теориялық дерек көздеріндегі материалдар мен фактілерді талдап қорытуға бағытталған. Бұл ақпараттарды басқа адамдардан сұрауға немесе фильмдерден, кітаптардан алуға болады.

Қазіргі таңда әр жастағы балаларға көптеген қызықты энциклопедиялар мен анықтамалықтар басылып шығуда. Осы кітаптар мектеп жасына дейінгі балалар мен теориялық зерттеулер жүргізуге ыңғайлы.

Мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің зейінін шоғырландыру қабілеттері төмендеу, сондықтан ақпарат жинау жұмысын тезірек орындауға тырысу керек. Егер бастапқы әдіс кезеңдерінде жұмыс дұрыс жүрмесе, ол қорқынышты емес, тек зейінді шашыратпай, жинақы ұстауға тырысу керек. Тек, баланың қолда барын топтастыруға көмек жасаңыз. Ең маңыздысы жұмыстың бір қалыпта жүруіне бағыт беріп көмек көрсету керек.

Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына ақпараттық құзіреттілік жатады. Бұл тәрбиешінің балаларға тәрбиелеу мен білім беру үдерісі аясында, сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу дағдылары. Түрлі нысаналар (теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және ақпараттық технологиялар (бейне, таспа, электрондық почта, Интернет т.б.) көмегімен ізденімпаздық біліктері қалыптасып, ақпаратты талдау, саралау, сараптау, сақтау және оны тарата білуге үйренеді. Бұл материалды талдап қорыту әдісі арқылы жүзеге асырылады. Енді жиналған мәліметтерді талдап, жинақтап қорыту керек. Жиналған ақпараттарды кілемнің үстіне барлық балаларға көрінетіндей етіп, жайып қоямыз. Жасалған зерттеу қорытындысы бойынша өздеріне қандай жаңа қызықты жаңалық ашты және осы туралы ойланып не айта алады. Бірінші зерттеу сабақтарында балғын зерттеушілердің жинаған жұмыстарын талдап қорыту үшін белсенді түрде көмектесу қажет. Бала үшін бұл қиын тапсырма. Бірақ та осы материал баланың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бірінші негізгі ойларды ерекшелейміз, қосалқы ойларды белгілейміз. Содан соң негізгі ұғымдарға анықтама беруге талаптануға болады. Бұл жұмыстар ойлау қиындықтары жағынан ғалымдардың жұмысынан ешқандайда айырмашылығы жоқ деп санауға болады. Балалар бойындағы аңқаулық, аңғалдық, сенгіштік, тез алданғыштығымен қиын тапсымалардың өзінде жеңіл орындайды.

Мектепке дейінгі ұйымдарда соңғы жылдарда жаңа мемлекеттік стандарқа сәйкес білім мазмұнын жаңартуға арналған: «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» атты бағдарламалар дайындалып оны тәжірибеге енгізуде жобалау әдісі пайдаланылуды. Біз де өз зерттеуімізде жобалау әдісін тәжірибеде пайдаланудың тиімді жолдарын қарастырдық. Жобалау әдісі ол өткен жүзжылдықтың басында АҚШ-та пайда болды. Оны сондай-ақ, мәселелердің әдістері-деп атады және оны философиялық білім беруде ізгілендіру идеясымен тығыз байланысты қарастырған американың философ және педагогы Дж.Дьюи мен ғалым В.Х.Килпатрик, Дж.Дьюи баланың мақсатқа бағытталған іс-әрекеті арқылы оқытуды белсенді негізде құруды ұсынды және білім алуға деген баланың қызығушылығын ескеруді талап етті. Мұнда балаға өзінің өмірлік дағды ретінде қажет болатын білім алуға деген жеке қызығушылығы маңызды болмақ. «Жобалау» ұғымы білім беру саласына кейінгі жылдарда біртұтас әдістемелік мәселелерді шешу мақсатында ендіріле бастады. Жобалау «терминологиялық кеңістіктегі» дәстүрлі категорияларды қайта қарауды және олардың өзара әрекеттестігін айқындау мәселелерін шешуді көздейді. Педагогикалық жобалауды кәсіби қызмет түрі ретінде қарастырған педагог зерттеушілер: В.Безруков, В.Беспалько, Н.Борисова, А.Дахин, Г.Ильин, Г.Лебедова т.б. Олардың еңбектеріне талдау жасай келе төмендегідей қорытындыға келдік: жоба жеке тұлғаның кәсіби бағыт алуында дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшеленетін құрал ретінде қарастырылады. Жобалау әдісі орыс педагогтарының назарын бірден аударды. Жобалап оқыту идеясы Ресейде американдық педагогтар мен бірге тәжірибеде қатар дайындалды. 1905 ж орыс педагогы С. Т.Шацкидің жетекшілігімен шағын топ ұйымдастырылды. Олар жобалау әдісін тәжірибеде белсенді пайдалану жолдарын қарастырды. Кейінірек кеңестік дәуірде бұл идея кеңірек мектеп тәжірибесінде енгізіліп, кейбір кемшілігіне байланысты кеңес өкіметінің қаулысымен (1931ж) оны тәжірибеге енгізуге қажет емес деп тапты. Ресей мектебінің тәжірибесінде осыны пайдалануда көптеген қиындықтарға кездесті. Ал, шет елдік мектептерде бұл жоба өте белсенді және жақсы дами бастады. Атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израил, Финляндя, Германия, Италия, Бразиля, Нидерландия т.б елдерде Дж. Дюидің гумандық идеясы жүзеге асырылды, бұл идея жобалау әдісінде кең түрде көрініс табады және теориялық білімді тәжірибеде пайдалануда баламен педагогтың арасындағы бірлескен іс-әрекетті шешуде маңызды болып табылады. Жобалау әдісі туралы айтқанда біз, дидактикалық мақсатқа жетудің тәсілдерін қарастырамыз, яғни мәселені жанжақты, бөлшектей қарау және ол өз кезегінде белгілі бір шындыққа жақын, тәжірибелік нәтиже беретін белгілі бір деңгейде рәсімделетін болуы шарт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет