Негізгі компоненттерінің мәні


Тәрбие үдерісінің мақсатын ашыңыз, тарихи сипатта екенін нақты мысалдармен дәлелдеңіз



бет10/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

5.Тәрбие үдерісінің мақсатын ашыңыз, тарихи сипатта екенін нақты мысалдармен дәлелдеңіз
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Тәрбиенің мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтарды”, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаны” қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиенің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойды” жетістігі, ортаны” үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.
Қоғамның даму барысында тәрбие және мақсаты төңірегіндегі пікір-талас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ертедегі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. “Рақым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Мысалы, Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру, ал Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметті” өзі ұйымдастырукерек, үстемдік етуші топтар – философтар мен жауынгерлерді” талап-тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рақымы – ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.Ұлы педагог Я.А. Коменский тәрбиенің күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесі) және құдайға сиыну (діни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру, өз істерін ақылмен және байыппен жүргізу, ал Ж.Ж. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының алатын орнын айтты.


И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар десе, А.Дистерверг тәрбиенің мақсаты “ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет” ету деп анықтаған.
Адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы қоғамдық мәдениеті адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э.С.Маркарянның ойынша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениетті” үш түрін, яғни әр адамның меңгеруі қажет – материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениеті. “Мәдениет” латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы-рухты дәріптеп көтеру. Рим ораторы М.Р. Цицерон өзінің “Тускуланские диспуты” еңбегінде ең алғаш рет “мәдениет” сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған (45 жыл ж.д.д.). Э. Тайлер мәдениетке барлық білімні” жиынтығы ретінде, яғни адамны” табиғатпен күресінде адамның тарихи дамуындағы заң, дәстүр, көркем өнер, әдет-ғұрып, діншілдік деңгейінде тұжырымдаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет