7.Ұжымның даму кезеңдерін кесте арқылы көрсетіңіз, мысал келтіріңіз
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезендерін айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс — әрекеттің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара -қатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратты.
Бірінші кезенде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап іс — әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез — құлық нормасын үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдайларда бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін.
Екінші кезендеұжым өзін — өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарыно көшеді. Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс — әрекеттерін бақылау т.б.
Үшінші кезең — бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс -әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық) пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір — біріне ілтипатты болу сияқты болымды қасиеттер пайда болады
Ұжымды ұйымдастыруды неден бастау керек? Ұжым әлеуметтік жанды тұлға. Сондықтан А.С.Макаренко: «Дұрыс тәрбиелеудің бірден — бір жолы жеке адамды тәрбиелеу деп санамаймын, бүтін ұжымды тәрбиелеу деп санаймын. Өзім де 17 жасымнан мұғалім болдым, өзімде көпке дейін ең жақсысы — жеке оқушыны ұйымдастыру, соны төрбиелеу, екіншісін, үшіншісін, оныншысын тәрбиелеу, бәрі де тәрбиелі болған кезде олар жақсы ұжым болады деп ойладым. Ал кейін мен жеке оқушымен сөйлеспей-ақ бәріне айту керек, әрқайсысы амалсыз көпшілікпен ортақ әрекетте болатындай форма жасау керек деген қорытындыға келдім. Міне сонымен біз ұжымды тәрбиелейміз, оны шыңдаймыз, оны мықты етеміз, сонан кейін оның өзі үлкен тәрбиеші күш болып алады.» — деп ұжымды ұйымдастыруды неденбастау қажеттігін түсіндірген.