14.Тәрбие бағыттарын ашып, әр бағытына талдау жасаңыз, мысал келтіріңіз рттеу және жинақтап қорытындылау Озық педагогикалық тәжірибе – білім берудегі, соның ішіндегі педагогикадағы жаңашылдық пен зерттеушілік тәжірибеге сүйеніп, нақты деректер мен соңғы жаңалықтарға негізделген, теориялық талдау және жинақтаудан құралған, білім беру мекемесінің немесе үнемі ізденісте болатын тәжірибелі педагог-маман еңбегінің жемісі. Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық педагогикалық тәжірибеден туындайды, оның тәсілдерінің болжамдылығы, ғылымилығы, шығармашылығымен басым түсіп, әдістемелік жүйенің және оның жекелеген құрамдастарының жетілдірілуіне септігін тигізеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу талаптары: - мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы; - педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; - бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше сынып жетекшілерінің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; - жаңашыл сынып жетекшілерінің озық тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу; - педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге атсалысу. Оқыту мен тәрбиенің тиімді әдістері мен тәсілдерін табуда сынып жетекшілердің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Сынып жетекшісі оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, оның тәрбиеленушілерге ықпалын тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Озық педагогикалық тәжірибе – сынып жетекшісі шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Сынып жетекшісінің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принцип, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа сынып жетекшілерге үлгі болып, озық тәжірибесі басқа мектептерге таратылады. Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар: Озық педагогикалық тәжірибенің бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат сынып жетекшілері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озық педагогикалық тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық өнім тәрбиеленушілердің білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. Білім сапасы тәрбиеленушілердің байқампаздығы, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігі, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтау, іс-әрекеттің жүйесін белгілеу, өз іс-әрекетін бақылау, оған керек жағдайда түзетулер енгізуден көрінеді. Тәрбиеленушілердің тәрбиелілігі олардың пікірлері, мінез-құлқы, жүріс-тұрысынан байқалады. Озық педагогикалық тәжірибенің үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін сынып жетекшілері мен тәрбиеленушілердің өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Озық педагогикалық тәжірибенің төртінші белгісі – жаңалық болып табылады. Педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір сынып жетекшісі еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, талдап қорыту және ендіру кезеңдері Озық педагогикалық тәжірибе – қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, оқушылар ұжымының және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принциптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы. Озық тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық процестің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз болады. Сынып жетекшісі өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстарымен танысып, тәрбиелік іс-шараларға қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, тәрбиеленушілердің жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, тәрбиеленушілердің баяндамаларын және т.б. жинақтайды. Сынып жетекшісінің озық тәжірибесін зерттеу кезеңдері: педагогикалық озық тәжірибені мектептегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттырудың қажетті шарты ретінде, іс-шара жоспарын жасау; әдістемелік шеберлігі мен кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі сынып жетекшілерді анықтау; тәжірибелі сынып жетекшілердің шығармашылық-проблемалық тақырыптарын жинақтау тәрбиелік тақырып пен жұмысты кезеңдерге бөлу; сынып жетекшілердің өзекті мәселелерді шешудегі жетістіктерін айқындау. Педагогикалық тәжірибені зерттеу жолдары: педагогикалық процесті тікелей бақылау; бақылауға алынған педагогикалық құбылысты ғылыми тұрғыда негіздеу; нәтижелерді талдау және салыстыру; педагогикалық тәжірибені сынып жетекшісінің практикалық іс-әрекеттері арқылы негіздеу. Педагогикалық тәжірибені зерттеу мерзімдері: - педагогикалық қызмет жүйесін зерттеу (бірнеше жылға созылуы мүмкін); - сынып жетекшісінің қандай да бір тақырыптағы жұмыс жүйесін зерттеу (тоқсандық, жылдық); - сынып жетекшісінің жұмыс тәжірибесіндегі бір тиімді элементті зерттеу (белгіленген уақыт бөлігінде); - жаңа технологияны меңгеру тәжірибесін зерттеу (меңгеру нәтижесіне байланысты).
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері: 1. Құжаттарды талдау: - тәрбиеленушілер білімінің мониторингі негізінде педагогикалық қызметтің нәтижелерін зерттеу; - педагогикалық тәжірибе авторының педагогикалық қызметінде дәстүрлі емес әдістерді қолдануы нәтижесін көру мақсатында құжаттарды салыстыру, оқу-әдістемелік, дидактикалық материалдарды, аттестаттау материалдарын талдау. 2. Сауалнама өткізу: педагогикалық тәжірибенің құндылығын зерттеу. 3. Талдау: педагогикалық тәжірибенің жалпы қасиеттері, белгілері және олардың өзара байланысының құраушы бөліктерін бөліп шығару. 4. Бақылау: оқу-тәрбие процесі мен құбылыстары туралы мағлұматтар жинау. 5. Салыстыру: берілген қатардағы объектілердің әрқайсысының қасиеттерін өзара сапалық салыстыру арқылы зерттеу жұмысын жүргізу. 6. Өзін-өзі бағалау: жеке тұлғаның өз мүмкіндіктері, қасиеттері, кәсіптік шеберліктерін басқалармен салыстырмалы бағалай білу. 7. Әңгіме. 8. Диагностика: зерттелетін объектілердің жағдайларын бағалау. Сынып жетекшілер оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың тәрбиеленушілерге ықпалын сабақ, тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды.