11."Тәрбие әдісі" мен "оқыту әдісі" ұғымдарының арасындағы жалпы ерешеліктері мен айырмашылықтарын венн диараммасы арқылы көрсетіңіз
Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие әдісі” ұғымы әліде жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардыі бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі – ақ дәлел бола алады. Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И. С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс — әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқьпу процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) — бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.Тәрбие әдістері — ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады.
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқьпу әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу үрдісінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.
Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс — сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады. В. А. Сухомлинский: «Сөз — ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың…»- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік:»Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шүбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек».
Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. үрдістерін) байланысты да әрекет. жасайды.
Педагогика ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде тәрбие әдісі түрліше топтастырылады. Ғалым педагогтер Н.И.Болдырев, Н.К.Гончаров, Ф.Ф.Королев т.б. тәрбие әдісін классификациялауда сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау әдістерін жеке бөліп қарастырады. Ал, Т.А.Ильина, И.Т.Огородников т.б. тәрбие әдісін топтастыруда сендіру әдісімен қатар оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін және олардың мінез – құлықтарын ынталандыру әдістерін қоса қалыптастырады. Г.И.Шукина өзінің оқулығында тәрбие әдістерін қазіргі теориялық негіздерге сүйеніп талдау жасайды. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин тәрбие әдістерін мынадай төрт топқа бөліп қарастырады.
Бірінші топ – жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістері (көзқарасы, сенімі, идеясы).
Екінші топ – іс-әрекеттерді ұйымдастыру, қарым – қатынас жасау және қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру әдістері.
Үшінші топ – іс-әрекет пен мінез – құлықты ынталандыру әдістері.
Төртінші топ – іс-әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылауды ұйымдастыру және баға беру әдістері. Сонымен әр топтағы көрсетілген тәрбие әдістері екі жақты тәрбие әдістерін сипаттайды: бір жағынан бұл әдістер жеке адамның әлеуметтік адамгершілік ережелерді саналы меңгеруіне ықпал жасауды көздейді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің әр түрлі іс - әрекетте, мінез – құлықта қарым – қатынас жасауда белсенді азаматтық позицияда болу қажеттігінен туындайды.