Құрылымының сипаттамалық белгілері.
Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:
- оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі ;
- педагогикалық ұжымның мүмкіндігі (мектеп қандай әрекет түрлерін ұйымдастыра алады), шығармашылық әлеуеті (потенциалы);
- кез-келген ата-ананың білім мен тәрбиенің нәтижесіне мүдделігі болуы.
Тәрбиенің негізгі педагогикалық ұстанымдары:
1. Сынып ұжымының жалпы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін міндеттерді шешуде сынып жетекші мен оқушылардың біріккен серіктестігі.
2. Тұлғаның жеке дара маңызды қасиеттерін тәрбиелеу: патриотизм, ұлтжандылық, жауапкершілік, қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік .
3. Рухани, жан-тәнімен жұмыс істеу, адамгершілікті қалыпты жағдай ретінде қабылдау .
4. Оқушыларды мәңгілік, басым құндылықтарға бағыттау. Олар: Отан, отбасы, адам, білім, еңбек, мәдениет, бейбітшілік, табиғат, адамгершілік, ақиқат, сұлулық т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |