Негізгі компоненттерінің мәні


"Мектептің тәрбие жүйесі" мен "тәрбие жұмысы"ұғымдарының арасындағы айырмашылықты венн диаграммасы арқылы талдаңыз



бет23/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

19."Мектептің тәрбие жүйесі" мен "тәрбие жұмысы"ұғымдарының арасындағы айырмашылықты венн диаграммасы арқылы талдаңыз
Тәрбие жұмысы – сынып жетекшісінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда тұлғаға жасаған ықпалы және мақсатты түрде сабақтан тыс әртүрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруы болып табылады. Тәрбие жұмысы сынып жетекшісінің белсенді басшылығымен, шебер ұйымдастырушылығымен тәрбиенің түрлеріне сәйкес белгілі нысананы көздей отырып, шығармашылық тұрғыда жүргізіледі
Тәрбие процесін оқыту процесімен салыстырғанда, кездесетін тәрбие жұмысының өзіндік ерекшеліктері:
Бірінші ерекшелігі – тәрбиенің көп қырлы, көп факторлы процесс екендігі. Тәрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, мектеп, орта, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдалану.
Екінші ерекшелігі – тәрбиенің ұзақ мерзімді процесс екендігі. Адам өмір бойы тәрбиеленеді, тәрбиеде тез табысқа жету мүмкін емес. Ол ұзақ уақытты, қажымай-талмай, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жүргізуді қажет ететіндігімен ерекшеленеді.
Үшінші ерекшелігі – тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы. 1-сатыда: отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Қарапайым сезімдер мен мінез-құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады. 2-сатыда: этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Әдет-құлық көрсету, қоғамда қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады. 3-сатыда: дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастардың қалыптасуы, мінез-құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға даруы, күрделі сезімдердің бұдан әрі қарай тереңдеп дамуы іске асады. Бұл сатылар бір-бірімен тығыз байланыста өрбиді.
Төртінші ерекшелігі – тәрбие жұмысы мазмұнының бір орталыққа жинақталып жас шамасына, тәрбие деңгейіне қарай бірте-бірте күрделеніп берілуі, бір қасиеттің қайталанып, толықтырылып түсіндірілуі.
Бесінші ерекшелігі – тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен, ниетімен, өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштасып, табиғи үйлесім табуы жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді.
Алтыншы ерекшелігі – тәрбие ісінде педагогтар ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің күшті болуының мәні зор.
Жетінші ерекшелігі – тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. Тәрбиеленушілердің қаншалықты білімді екендігін тез анықтауға болады, ал қаншалықты тәрбиелі екенін анықтау өте қиын.
Сегізінші ерекшелігі – тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет, бүгінгі мен ертеңгі келешек өмірдің ұштасуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет