Негізгі компоненттерінің мәні


Тәрбие жоспарының қызметтері, қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлеріне сипаттама беріңіз



бет24/70
Дата13.05.2022
өлшемі4,16 Mb.
#143054
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Байланысты:
1-70 ответы

20.Тәрбие жоспарының қызметтері, қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлеріне сипаттама беріңіз
Жоспардың мақсаттылығы жоспарланған жұмыстың мазмұны мен түрінің нақты мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қарастырады. Жоспар оқушының қызығушылығы мен талаптарын жүзеге асыруға, олардың дамуына бағытталған.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар:
 Жоспардың қоғам талабына, мақсатына сәйкестігі.
 Жоспардың өмірмен тығыз байланыстылығы.
 Жоспардың жан-жақтылығы, тәрбиенің барлық салаларының қамтамасыз етілуі.
 Тәрбие жұмысы формаларының оқушылардың жас және тәрбиелік деңгейіне сәйкестігі.
 Жоспардың нақтылығы.
 Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
 Тәрбие жоспарының мақсат, міндеттерінің айқындығы.
 Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы.
 Оқушылардың жеке басының жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
 Тәрбие жоспарының ықшамдылығы әрі ондағы көрсетілген іс-шаралардың орындалатындығы.
 Тәрбие жоспарындағы атқарылатын іс-шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталуы.
 Тәрбиелік іс-шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртарапта және әржақты болуын ескеру керек.
 Тәрбие принциптерін басшылыққа алу.
 Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған іс-шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
 Жоспардағы тәрбиелік іс-шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
 Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген іс-шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет