28.Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарының үлгісін көрсетіңіз
29.Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік педагогикалық технологиясы туралы өз көзқарасыңызды тұжырымдаңыз
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс саламатты өмір салты ұғымын құрастырады. Саламатты өмір салтын насихаттауда, саламатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектептегі оқушылардың саламатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Оқушыларда саламатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік- педагогикалық технологиясы – оқушыларды өз еркімен саламатты өмір салтын жүргізуде дайындауға бағытталған, ғылыми дәлелденген қызметтердің әдістері, түрлері, үлгілер жиынтығы енгізілген, педагогикалық процестегі субъект қарым-қатынас негізінде саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әрекет әдістеріне қосымша ретті мақсатты жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |