34.Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының тәрбиелік сипатын ашыңыз, жұмыс мазмұнына сипаттама беріңіз
Кәсіптік бағдар берудің мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін төмендегілер қажет: тәрбиеленушілердің бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
кәсіпті өз бетінше саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып, орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері:
- тәрбиеленушілердімамандықтаржайлытүсінікпенқаруландыру;
- кәсіптік қызығуы мен бейімділігі, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында тәрбиеленушілердің дара ерекшеліктерін зерттеу;
- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
- мектеп түлектерін белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.