32.Адамгершілік тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдарын тәрбие сағатының жоспары арқылы көрсетіңіз
Адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты – моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны даярлау.
Адамгершілік тәрбиесінің сапалық белгілері: • адамгершілік сезім (тұрақты сезімталдық, адамгершілік қатынастарды бастан өткізу);
• адамгершілік сана (моральдық принциптерді, әлеуметтік ортада өзінің адамгершілік нормасын сезінуі);
• адамгершілікпен ойлау (адамгершілік принциптерді тұрақты жинақтау, оймен қорыту, жағдаяттарды білу, оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау, жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру);
• адамгершілік ерік (өзінің адамгершілік сенімін жүзеге асырудағы адамгершілік сезімі мен саналы шешімінің бірлігі).