Дарынды балалармен жүргізілетін оқудан және мектептен тыс жұмыстар:
Интеллектуалдық бәсекелер: пән апталықтары барысындағы түрлі интеллектуалдық ойындар, арнайы ұйымдастырылатын «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны, мектепішілік «Абай оқулары» және т.б.
Шығармашылық байқаулар: мектепішілік «Біз таланттарды іздейміз» сахналық өнер байқауы, «Алтын күз», «Жігіт сұлтаны», «Қыз аруы» байқаулары, «Жас қанат» әдеби шығармашылық байқауы, «fotostil» сәндік жобалар байқауы және т.б.
Кіші Ғылым Академиясы: ғылыми жобалармен мектепішілік, облыстық және республикалық жарыстарға қатысу және т.б.
Олимпиадалық резерв мектебі: мектепішілік, облыстық, республикалық олимпиадаларға дайындық және қатысу т.б.
Шығармашылық және танымдық бірлестіктердегі іс-әрекет: «Шебер қыл қалам» студиясы, «Айгөйлек» би студиясы, «Пікірсайыс дебаты» клубы және т.б.
Ұжымдық шығармашылық істер: мекерекелік кештер, КВН, викториналар және т.б.
Сыртқы бағдарламаларға қатысу: пікірсайыс, қалалық, облыстық, республикалық шығармашылық байқауларға қатысу және т.б.
Психологиялық жұмыс: интеллектуалдық және креативтілік деңгейлерін анықтау, балалардың даму карталарын жүргізу және т.б.
Спорттық жұмыс: спорттық үйірмелердегі жұмыс, мектепішілік спорттық жарыстар, қалалық, облыстық жарыстарға қатысу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |