Дарынды тұлғаны қалыптастыру және дамыту – қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсаттың бірі болып табылады.
Интеллект (лат. «intellectus» «түсіну, ұғыну, танып білу) – интеллектуалды және іс-әрекеттің нақты түрінде нәтижеге жету мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін, арнайы қабілеттерді қамтитын, интеллектуалды іс- әрекеттердің арнасы және ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі.
«Интеллект» ұғымы өзінің ғылыми мағынасына қарамастан, шексіз талдауларға толы. В.Штерн интеллекттің жаңа өмір шарттарына жалпы қабілеттердің бейімделуін жатқызады. В.Штерн бойынша, бейімделу – өмірлік міндеттерін ақылдылық әрекеттер арқылы шешу.
Р.Стернберг «интеллект» ұғымын интеллектуалды қылықтың үш формасы ретінде көрсетеді:
а) вербалды интеллект: сөз қоры, шеберлік, оқығанын түсіне білу біліктілігі;
б) мәселелерді шешу қабілеттілігі;
в) кәсіби интеллект: қойылған мақсатқа жету біліктілігі.
|
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық, педагогикалық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттілік» деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттілік – бұл білім алуға қажетті адамның жеке ерекшеліктері.
«Қабілеттілік – іс-әрекеттің белгілі түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», – деп жазады академик Т.Тәжібаев.
|