Педагогтар қабілеттердің төмендегідей деңгейі болатындығын дәлелдейді:
Репродуктивті (өнімсіз) – іс-әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдау және меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттіліктер деңгейі.
Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі және шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиеті. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жиынтығы – дарындылық.
|
«Дарындылық» ұғымы сый («дар») сөзінен шыққан және ол дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда «Дарындылық – белгілі іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін, адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі» – деген анықтама беріледі.
Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. Айталық, Дюрер 3 жасында өз суретін салса, Моцарт 7 жасында төрт соната жазған, Гаусс 14 жасында өзін математика әлеміне танытқан. Қабілеті жан-жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі қабілетті деген орынды болады. Дарындылық туа біткен ерекше қасиет. Дарындылық мәселесіне зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе алмаған. Баланың дарындылығы – оны өз құрдастарымен салыстырғанда, бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы.
Еңбексүйгіштік, еңбек етуді ылғи да қажет етіп отыру, оралымды ойлау, талдау мен жинақтау, жүйелі пікір айтуға бейімділік – дарынды балалар психологиясының басты белгілері.
|