33 сұрақ қайталанады
Балалардың қоғамдық бірлестігі – бұл ең алдымен ұйымдастырушы,
өзін-өзі басқарушы адамдардың өз еріктерімен жасөспірімдер мен үлкен адамдардың қалауы бойынша тәрбиеленушілердің сұранысы, қажеттілігі, мұқтаждықтарын бейнелейтін белгілі бір мақсатқа жету үшін қатысушылардың көтерген бастамалары мен қалаулары бойынша құрылған қауымдастық. Балалардың әлеуметтік бағыттағы қоғамдық бірлестігі – ашық, демократиялы, қатал «қызметтік иерархиясыз» құрылым. Ол мемлекеттік мекемелердің (мектептің қосымша білім беру мекемелерінің, жоғары оқу орындарының, өндіріс орнының) құрылымы бола алмайды, бірақ белгілі бір өндіріс орнының тікелей кадрлық, каржылық және материалдық-техникалық көмегімен құрыла және істей алады.
Балалар бірлестігінің басқа бірлестіктерден өзгеше қозғалысының формасы ретінде балалардың қоғамдық ұйымдары – әлеуметтік, идеологиялық бағытта анық бейнеленген, ересектер қауымдастығы, мемлекеттік құрылымдар құрған бірлестік. Бұл төменде тұрғандарды жоғарыда бағындыратын, әрбір мүшесінің өзін-өзі басқару органдарының міндеттері, құқықтары анықталған,жабық, көпсатылы құрылым.
Балалардың қоғамдық бірлестігі біріншіден, тәрбиеленушінің қажеттіліктері, мүдделері, мақсаттарын қанағаттандыру үшін; екіншіден, өзін- өзі шектеу және ұжыммен таңдау, қоғамдық нормалар мен құндылықтарға әлеуметтік ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.
Балалардың қоғамдық бірлестігі тәрбиеленушінің мүддесі, құқықтары, абыройы, бірегейлігін сақтай отырып, қорғау қызметін атқарады.
Бірлестіктің іс-әрекеті мен бір топтан екіншісіне, бір ұжымнан басқасына
ауысу формаларын, өзінің жеке бағдарламасын жүзеге асыру үшін ассоциация
мүмкіндіктерін таңдау құқығы тәрбиеленушілердің өздеріне берілген.
Қазіргі кезеңде жалпы орта білім беретін мектептердің тәрбие жүйесіне
етене енген қоғамдық балалар құрылымдары (ұйымдар, клубтар, кеңестер,
одақтар, балалар парламенттері және т.б.) құрылуда.
Мектептің тәрбие жүйесінде тәрбиеленушілердің қоғамдық құрылымы:
тәрбиеленушілердің өздерін-өздері басқаруларының әрқилы формалары,
органдары (жоғары сынып тәрбиеленушілерінің кеңестері, мектеп комитеті
және т.б.);
мектеп (тәрбиеленушілер) ұйымдары;
қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін балалардың қоғамдық
бірлестіктері, ұйымдары;
ұжымдық шығармашылық істерді, ойындар, спорттық, туристік-
өлкетанушылық жарыстарды дайындау және өткізу бойынша кеңестер, штабтар
сияқты уақытша балалар бірлестіктері;
тәрбиеленушілердің өз бетінше жұмыс істейтін бағдарлы бірлестіктері
(нақты саладан білімді кеңейту, тереңдету бойынша) арқылы көрініс береді.
Мектептің тәрбие жүйесінде балалар ұйымдарының алатын орны ерекше.
Олар– мемлекет анықтаған мектептің негізгі міндеттерін шешетін
педагогикалық ұжымның одақтастары; тәрбиеленушінің құқығын қорғаушылар; педагогтармен бірге өткізілетін мектептік олимпиада, конкурс,
байқау, шығармашылықты көрме, пәндік апталықтардың белсенділері.
Достарыңызбен бөлісу: |