Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Химия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/6
Дата27.10.2023
өлшемі159 Kb.
#188887
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
199 бұйрық химия план


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Химия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Ескерту. 58-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.11.2022 № 467 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. "Химия" оқу пәні әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми танымын, табиғатты аялау, сын тұрғысынан ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуды қалыптастыруда маңызды.
3. "Химия" оқу пәнінің мақсаты:
1) заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттерінің, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) заттар және химиялық реакциялар туралы білімін өмірде пайдалану біліктерін дамыту. 
4. Химия курсын оқып аяқтағаннан кейін оқушылар:
1) заттардың атомдармен молекулаларының құрылымын, химиялық реакция барысында заттардың қасиеттерінің өзгеруін;
2) химиялық реакциялар кезіндегі зат массасы мен энергия сақталу заңдарын;
3) химиялық реакцияның жылдамдығының әртүрлі жағдайда өзгеру заңдылықтарын;
4) химиялық реакцияларды жүргізу ережелерін, өмір мен қоршаған орта қауіпсіздігі үшін техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды;
5) эксперименттерді жоспарлаудың ғылыми әдістері;
6) химиялық процестер мен олардың заңдылықтарын болжау және түсіндіру үшін химияның басты заңдылықтарын қолдануды және бағалауды білулері қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет