2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
31. Бағдарламада оқыту мақсаттары қолдануға ыңғайлы болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімшені, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 9.2.1.2 кодында: "9" – сынып, "2.1." - бөлім мен бөлімше; "2" - оқу мақсатының реттік нөмірі.
32. Оқыту мақсаттарының жүйесі әр сынып бойынша жазылған:
1) заттардың бөлшектері:
Білім алушылар білуі тиіс:
|
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
1.1 Атомдар, иондар және молекулар
|
7.1.1.1 "Химия" ғылымының нені оқытатынын білу;
7.1.1.2 химиялық зертханада және кабинетінде жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну;
7.1.1.3 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алу;
7.1.1.4 заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіре алу;
7.1.1.5 салқындау үдерісін зерделеу,
салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру;
7.1.1.6 судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
|
8.1.1.1 зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде мольді және Авогадро санын білу;
8.1.1.2 формула бойынша заттың массасын, зат мөлшерін, құрылымдық бөлшектер санын есептей алу
|
|
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
1.2 Атом құрамы мен құрылысы
|
7.1.2.1 атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу;
7.1.2.2 әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;
7.1.2.3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктей алу;
7.1.2.4 заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу;
7.1.2.5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу;
7.1.2.6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 "изотоп" түсінігін білу;
7.1.2.8 Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну;
7.1.2.9 табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну;
7.1.2.10 салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу;
7.1.2.11 элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу;
7.1.2.12 химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/формулалық массасын есептеу
|
|
|
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
1.3
Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы. Атомдардан иондардың құрылуы
|
|
8.1.3.1 атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну;
8.1.3.2 әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну;
8.1.3.3 s және р орбиталдарының пішінін білу;
8.1.3.4 алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды –графикалық формулаларын жаза білу;
8.1.3.5 атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну;
8.1.3.6 "нольдік қосынды" әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
|
|
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
1.4 Химиялық байланыстардың түрлері
|
|
8.1.4.1 электртерістілік ұғымына сүйеніп ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
8.1.4.2 иондық байланыстың түзілуін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау;
8.1.4.3 заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру
|
9.1.4.1 металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу;
9.1.4.2 металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру;
9.1.4.3 құйма ұғымын білу және оның артықшылықтарынтүсіндіру;
9.1.4.4 шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
9.1.4.5 галоген молекулала-рының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрлері мен байланыс типтерін анықтау;
9.1.4.6 аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын түсіндіру;
9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формуласын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;
9.1.4.8 кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типін сипаттау
|
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары:
Білім алушылар білуі тиіс:
|
2.1. Период
тық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
|
7.2.1.1
И. ДҰберейнер
Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру;
7.2.1.2
периодтық кестенің кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар және периодтар
|
8.2.1.1 топ , период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру;
8.2.1.2 бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну;
8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
8.2.1.4 периодтық жүйедегі орны бойынша элементті сипаттау;
8.2.1.5 химиялық қасиеттері ұқсас элемент-тердің бір топқа жататындығын дәлелдеу;
8.2.1.6 химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру;
8.2.1.7 химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау
|
9.2.1.1 атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру;
9.2.1.2 сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.3 1 (I) және 2 (IІ) -топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және химиялық реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негізгі қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау;
9.2.1.5 атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау;
9.2.1.6 алюминийдің, оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу;
9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) -топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу;
9.2.1.8 топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау;
9.2.1.9 хлордың физикалық қасиеттерін сипаттау және металдармен, сутекпен және галогенидтермен реакция теңдеулерін құру;
9.2.1.10 хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және оның қолдану аясын білу;
9.2.1.11 16 (VI) топ элементтерінің жалпы қасиеттерін сипаттау;
9.2.1.12 күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.13 күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру;
9.2.1.14күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
9.2.1.15азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру;
9.2.1.16 аммиакты алу және қасиеттері мен қолданылуын түсіндіру;
9.2.1.17 аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу;
9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру;
9.2.1.19 азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу;
9.2.1.20 сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металдарменәрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және электронды баланс әдісімен реакция теңдеуін құрастыру;
9.2.1.21 нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.22 фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру;
9.2.1.23 фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру;
9.2.1.24 кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру;
9.2.1.25 кремний және оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру
|
2.2 Химиялық реакциялардың жіктелуі
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
|
7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау;
7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және
сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру;
7.2.2.3 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және
көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
8.2.2.1 бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу;
8.2.2.2 табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау
|
9.2.2.1 реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құру;
9.2.2.2 бейтараптану және ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру;
9.2.2.3 тотығу дәрежесі ұғымының мәнін түсіндіру және оны заттың формуласы бойынша анықтау;
9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну;
9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;
9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну;
9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
|
2.3
Зат массасы
ның сақталу заңы
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
|
|
8.2.3.1 заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару;
8.2.3.2 әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау;
8.2.3.3 реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
8.2.3.4 аттар массасының сақталу заңын білу;
8.2.3.5 химиялық реакциятеңдеулері бойынша зат массасын, зат мөлшерін есептеу;
8.2.3.6 Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану;
8.2.3.7 газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу;
8.2.3.8 газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану
|
9.2.3.1 әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу;
9.2.3.2 қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу;
9.2.3.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу;
9.2.3.4 газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық немесе элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау
|
2.4 Металдар
дың электро
химиялық кернеу қатары
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
|
|
8.2.4.1 кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;
8.2.4.3 металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;
8.2.4.4 қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу;
8.2.4.5 металдардыңқышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру;
8.2.4.6металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу;
8.2.4.7 эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру;
8.2.4.8 металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау
|
|
3) химиядағы энергетика:
Білім алушылар білуі тиіс:
|
3.1 Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
|
7.3.1.1ауа құрамын білу;
7.3.1.2 заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу;
7.3.1.3 атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну;
7.3.1.4 затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу;
7.3.1.5 тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;
7.3.1.6 заттардың таза оттекте ауаға қарағанда жақсырақ жанатындығын түсіну;
7.3.1.7 металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу
|
8.3.1.1 заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксидтер екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну;
8.3.1.2 парниктік эффектінің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну;
8.3.1.3 экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу;
8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіну;
8.3.1.5 энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
|
3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
|
|
|
9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру;
9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру;
9.3.2.3 катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
9.3.2.4 реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру
|
3.3 Химиялық тепе-теңдік
|
|
|
9.3.3.1 тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау;
9.3.3.2 Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау;
9.3.3.3 химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату;
9.3.3.4 химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру;
9.3.3.5 аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау
|
3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы
|
7.3.4.1 кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің "қышқылдық" және "сабындылық" қасиеттер белгілері болуы мүмкін екендігін білу;
7.3.4.2 химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортада түстерінің өзгеруін білу;
7.3.4.3 рН шкаланың негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу;
7.3.4.4
"антацидтік заттарды" қолдану мысалындақышқылдардың бейтараптануын түсіну
|
8.3.4.1 заттарды олардың судағы ерігіштігі бойынша жіктеу;
8.3.4.2 заттар ерітінділерінің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру;
8.3.4.3 заттың ерігіштігіне температура әсерін түсіндіру;
8.3.4.4 буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру;
8.3.4.5 еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу;
8.3.4.6 ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу;
8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.8 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.9 негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.10 тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.11 тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.12 бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
|
9.3.4.1 қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.2 қышқылдар және негіздер,орта тұздардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау;
9.3.4.3 орта тұз ерітінді-сінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау;
9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.5 орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау
|
4) химия және қоршаған орта:
Білім алушылар білуі тиіс:
|
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
4.1 Заттардың жіктелуі
|
7.4.1.1 элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну;
7.4.1.2 таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;
7.4.1.3 элемент (жай зат) қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу;
7.4.1.4 қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу;
7.4.1.5 қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу;
7.4.1.6 қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
|
|
9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру;
9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру;
9.4.1.3 иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру;
9.4.1.4 электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу;
9.4.1.5 ерітінділердің қышқылдылығы мен сілтілігін ажырату;
9.4.1.6 қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру;
9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу;
9.4.1.8 Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау;
9.4.1.9 Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізу;
9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап, нәтижесін сипаттау;
9.4.1.11 белгісіз заттардағы катион мен аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
|
4.2 Жер химиясы
|
7.4.2.1 жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;
7.4.2.2 кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын түсіну;
7.4.2.3 металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау;
7.4.2.4 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;
7.4.2.5 табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
|
8.4.2.1 сутекті алу және оның қасиеттері мен қолдануын зерттеу;
8.4.2.2 ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу;
8.4.2.3 оттекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу;
8.4.2.4 оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру;
8.4.2.6 судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру;
8.4.2.7 табиғаттағы су айналымын түсіндіру;
8.4.2.8 судың ластану қауіптілігін және салдарын анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру;
8.4.2.9 судың "кермектігін" анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру;
8.4.2.10 суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу;
8.4.2.11 табиғаттағы және тірі ағзалар қызметі мен адамның тіршілігіндегі жүретін химиялық реакцияларды сипаттау
|
9.4.2.1 қышқылдық жаңбырлардың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру;
9.4.2.2 фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау;
9.4.2.3 минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді білу;
9.4.2.4 азот және фосфор тыңайтқыш-тарының қоршаған ортаға әсерін оқып білу;
9.4.2.5 Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру процестерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
9.4.2.6 кеннен металды алу үдерісін сипаттау
|
4.3 Көміртек және оның қосылыстары
|
|
8.4.3.1 көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру;
8.4.3.2 табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау;
8.4.3.3 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру;
8.4.3.4 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу;
8.4.3.5 көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.6 көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру;
8.4.3.7 көмір-қышқыл газын алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.8 өміртегінің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру
|
9.4.3.1 органикалық
|
|
|
|
қосылыстардың көптүрлілігінің себептерін түсіндіру;
9.4.3.2 көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдарының жіктелуін білу;
9.4.3.3 функционалдық топ түсінігін берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру;
9.4.3.4 гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу;
9.4.3.5 органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер, альдегидтер карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану;
9.4.3.6 көмірсутектердің құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыра алужәне изомерия құбылысын білу;
9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру;
9.4.3.9 қанықпағандық ұғымын сипаттау;
9.4.3.10 этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.11 полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру;
9.4.3.12 пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу;
9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.14 бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау;
9.4.3.15 құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
9.4.3.16 Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
9.4.3.17 мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау;
9.4.3.18 оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу;
9.4.3.19 спирттердің жіктелуін метанол мен этанолдың, қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру;
9.4.3.20 метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру;
9.4.3.21 этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу;
9.4.3.22 карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау;
9.4.3.23 күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру;
9.4.3.24 сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу;
9.4.3.25 синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
9.4.3.26 көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру;
9.4.3.27 нәруыздағы a- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
9.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;
9.4.3.29 нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
|
5) химия және өмір:
Білім алушылар білуі тиіс:
|
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
5.1 Биохимия
|
7.5.1.1 тағам өнімдерін химиялық заттардыңжиынтығы деп түсіну;
7.5.1.2 тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білу және анықтай алу;
7.5.1.3 адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;
7.5.1.4 тыныс алу үдерісін түсіндіру
|
|
9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe);
9.5.1.2 Қазақстан тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру;
9.5.1.3 кальций мен темірдің адам ағзасындағы рөлін түсіндіру;
9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау;
9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру
|
33. Бөлімді және тақырыптарды оқытуға арналған сағат санын мұғалім бөледі.
34. Осы оқу бағдарламасы Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Химия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес іске асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспарда әр бөлімде жүзеге асырылатын оқу мақсаттарының көлемі көрсетілген.
3-параграф. Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Химия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар (төмендетілген оқу жүктемесімен)
1) 7-сынып:
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Оқыту мақсаты
|
1-тоқсан
|
Білім алушылар:
|
7.1
Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
|
Химия пәні.
№1 практикалық жұмыс
"Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу"
|
7.1.1.1 химия ғылымының нені оқытатынын білу;
7.1.1.2 химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну
|
|
Элемент, қоспа және қосылыс.
№ 1 зертханалық тәжірибе "Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру"
|
7.4.1.1 элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну;
7.4.1.2 таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;
7.4.1.3 элемент(жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу;
7.4.1.4 қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу
|
|
Қоспаларды бөлу әдістері.
№ 2 зертханалық тәжірибе "Ластанған ас тұзын тазарту"
|
7.4.1.5 қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу;
7.4.1.6 қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
|
7.1 Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі
|
Физикалық және химиялық құбылыстар.
№ 3 зертханалық тәжірибе
"Химиялық реакциялардың белгілері"
|
7.1.1.3 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
|
|
Заттардың агрегаттық күйлері
|
7.1.1.4 заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру
|
|
Салқындау үдерісі
№ 4 зертханалық тәжірибе "Салқындау үдерісін зерттеу"
|
7.1.1.5 салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
|
|
Қыздыру үдерісі
№ 5 зертханалық тәжірибе
"Судың қайнау үдерісін зерттеу"
|
7.1.1.6 судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру
|
2-тоқсан
|
7.2 Атомдар Молекулалар Заттар
|
Атомдар мен молекулалар
|
7.1.2.1 атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу
|
|
Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар
|
7.1.2.2 әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;
7.1.2.3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу;
7.1.2.4 заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
|
|
Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
|
7.1.2.5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу;
7.1.2.6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 изотоп түсінігін білу
|
7.2 Ауа. Жану реакциясы
|
Ауа. Ауаның құрамы
№6 зертханалық тәжірибе "Балауыз шамның жануы"
|
7.3.1.1ауа құрамын білу;
7.3.1.2 заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу;
7.3.1.3 атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
|
|
Жану үдерісі
№ 2 практикалық жұмыс/көрсетілім
"Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру"
|
7.3.1.4 затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу;
7.3.1.5 тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;
7.3.1.6 заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну;
7.3.1.7 металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу
|
3-тоқсан
|
7.3
Химиялық реакциялар
|
Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.
№7 зертханалық тәжірибе "Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау";
№8 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы"
|
7.3.4.1 "қышқылдық" және "сабындылық" қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу;
7.3.4.2 химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу;
7.3.4.3 рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу;
7.3.4.4 "антацидтік заттарды" қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну
|
|
Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.
№9 зертханалық тәжірибе "Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі";
№10 зертханалық тәжірибе "Сутекке сапалық реакция"
|
7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау;
7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу жәнесутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
|
Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі.
№ 3 практикалық жұмыс "Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция"
|
7.2.2.3 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
7.3 Химиялық элементтердің периодтық кестесі
|
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы
|
7.2.1.1 И. ДҰберейнер, Дж. Ньюлендс,
Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру
|
|
Периодтық кестенің құрылымы
|
7.2.1.2 периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар
|
7.3 Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула
|
Салыстырмалы атомдық масса
|
7.1.2.8 Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну;
7.1.2.9 табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну;
7.1.2.10 салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу
|
|
Валенттілік. Химиялық формулалар.
Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
|
7.1.2.11 элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу;
7.1.2.12 химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/ формулалық массасын есептеу
|
4-тоқсан
|
7.4 Адам ағзасындағы химиялық элементтер
|
Тағам құрамындағы қоректік заттар.
№ 4 практикалық жұмыс "Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау"
|
7.5.1.1 тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;
7.5.1.2 тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білужәне анықтай алу
|
|
Адам ағзасындағы химиялық элементтер.
Тыныс алу үдерісі.
№11 зертханалық тәжірибе
"Тыныс алу үдерісін зерттеу"
|
7.5.1.3 адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;
7.5.1.4 тыныс алу үдерісін түсіндіру
|
7.4 Геологиялық химиялық қосылыстар
|
Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы
|
7.4.2.1 Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;
7.4.2.2 кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;
7.4.2.3 металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау
|
|
Қазақстанның пайдалы қазбалары
Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері
|
7.4.2.4 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;
7.4.2.5 табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
|
2) 8-сынып:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Тақырып/ Ұзақ мерзімді
жоспар бөлімі мазмұны
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
8.1 Атомдағы электрондардың қозғалысы
|
Атомда электрондардың таралуы
|
8.1.3.1 атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну
|
|
Энергетикалық деңгейлер.
№ 1 зертханалық тәжірибе "Атомдар модельдерін жасау"
|
8.1.3.2 әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну;
8.1.3.3 s және р орбиталдарының пішінін білу;
8.1.3.4 алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды графикалық формуларын жаза білу
|
|
Иондардың түзілуі
|
8.1.3.5 атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
|
|
Қосылыстар формуласын құрастыру
|
8.1.3.6 "нольдік қосынды" әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
|
8.1
Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
|
Химиялық формулалар бойынша есептеулер
|
8.2.3.1 заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
|
|
Химиялық реакция теңдеулерін құру. Зат масссасының сақталу заңы.
№ 1 көрсетілім "Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе";
№ 2 зертханалық тәжірибе "Әрекеттесуші заттардың қатынасы"
|
8.2.3.2 әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау;
8.2.3.3 реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
8.2.3.4 заттар массасының сақталу заңын білу
|
|
Химиялық реакция типтері
|
8.2.2.1 бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу
|
|
Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
|
8.2.2.2 табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау
|
8.1
Металдар белсенділігін салыстыру
|
Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.
№ 2 көрсетілім "Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі"
|
8.2.4.1 кейбір металдар басқаларға қараған-да тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;
8.2.4.3 металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу
|
|
Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі.
№ 3 зертханалық тәжірибе "Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі"
|
8.2.4.4 қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу;
8.2.4.5 металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру
|
|
Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары.
№ 3 көрсетілім "Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру"
|
8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу
|
|
Металдардың белсенділік қатары.
№ 1 практикалық жұмыс "Металдардың белсенділігін салыстыру"
|
8.2.4.7 эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру;
8.2.4.8 металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау
|
2-тоқсан
|
8.2
Зат мөлшері
|
Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы
|
8.1.1.1 зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді білу және Авогадро санын білу;
8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу
|
|
Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс
|
8.1.1.3 масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу
|
8.2
Стехиометриялық есептеулер
|
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
|
8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу
|
|
Авагадро заңы. Молярлық көлем
|
8.2.3.6 Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану
|
|
Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
Көлемдік қатынас заңы
|
8.2.3.7 газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу;
8.2.3.8 газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану
|
8.2
Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
|
Отынның жануы және энергияның бөлінуі
|
8.3.1.1 заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну;
8.3.1.2 парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну
|
|
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.
№ 4 зертханалық тәжірибе "Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар"
|
8.3.1.3 экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу;
8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарын түсіну
|
|
Термохимиялық реакциялар
|
8.3.1.5 энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
8.2
Сутек. Оттек және озон
|
Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.
№ 2 практикалық жұмыс "Сутекті алу және оның қасиеттерін тану"
|
8.4.2.1 сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерделеу
|
|
Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
№ 4 көрсетілім "Сутек пероксидінің ыдырауы";
№ 3 практикалық жұмыс "Оттекті алу және оның қасиеттерін тану"
|
8.4.2.2 ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу;
8.4.2.3 оттекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу
|
|
Оттек және озон
|
8.4.2.4 оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
|
3-тоқсан
|
8.3
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
|
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы
|
8.2.1.1 топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру
|
|
Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі
|
8.2.1.2 бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну;
8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру
|
|
Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы
|
8.2.1.4 периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау
|
|
Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері
|
8.2.1.5 химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататындығын дәлелдеу;
8.2.1.6 химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру
|
|
Металдар және бейметалдар
|
9.2.1.7 химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау
|
8.3
Химиялық байланыс түрлері
|
Электртерістілік. Ковалентті байланыс
|
8.1.4.1 электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
|
|
Иондық байланыс
|
8.1.4.2 иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау
|
|
Кристалдық тор түрлері,
байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
|
8.1.4.3 заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру
|
8.3
Ерітінділер және ерігіштік
|
Заттардың суда еруі.
№ 5 зертханалық тәжірибе "Заттардың ерігіштігін зерттеу"
|
8.3.4.1 заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу;
8.3.4.2 ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру
|
|
Заттардың ерігіштігі.
№ 4 практикалық жұмыс "Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері"
|
8.3.4.3 заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру;
8.3.4.4 буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру
|
|
Еріген заттың массалық үлесі
|
8.3.4.5 еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу
|
|
Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы.
№ 5 практикалық жұмыс "Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау"
|
8.3.4.6 ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
|
4-тоқсан
|
8.4
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс
|
Оксидтер.
№ 6 зертханалық тәжірибе "Оксидтердің
қасиеттерін зерттеу"
|
8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
|
Қышқылдар.
№ 7 зертханалық тәжірибе "Қышқылдардың
қасиеттерін зерттеу"
|
8.3.4.8 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
|
Негіздер.
№ 8 зертханалық тәжірибе "Негіздердің қасиеттерін зерттеу"
|
8.3.4.9 негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
|
Тұздар.
№ 9 зертханалық тәжірибе "Тұздардың қасиеттері және алынуы"
|
8.3.4.10 тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
8.3.4.11 тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
|
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс
|
8.3.4.12 бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу
|
8.4
Көміртек және оның қосылыстары
|
Көміртектің жалпы сипаттамасы
|
8.4.3.1 көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру;
8.4.3.2 табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау
|
|
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері
|
8.4.3.3 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру;
8.4.3.4көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу
|
|
Көміртектің қасиеттері.
№ 6 практикалық жұмыс "Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері".
Көміртектің оксидтері.
№ 7 практикалық жұмыс "Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу"
|
8.4.3.5 көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.6 көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру;
8.4.3.7 көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.8 көміртектің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру
|
8.4 Су
|
Табиғаттағы су
|
8.4.2.6 судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру;
8.4.2.7 судың табиғаттағы айналымын түсіндіру
|
|
Судың ластану себептері.
Судың кермектігі.
№ 10 зертханалық тәжірибе "Судың кермектігін анықтау"
|
8.4.2.8 судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру;
8.4.2.9 судың "кермектігін" анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру;
8.4.2.10 суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу
|
3) 9-сынып:
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
|
Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
9.1
Электролиттік диссоциация
|
Электролиттер мен бейэлектролиттер.
№ 1 көрсетілім "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы"
|
9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру;
9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
|
|
Электролиттік диссоциациялану теориясы
|
9.4.1.3 электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу;
9.4.1.4 иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру
|
|
Қышқыл, негіз, тұздардың электролиттік диссоциациясы.
№ 1 зертханалық тәжірибе "Қышқыл, сілті ерітінділерінің рН анықтау"
|
9.4.1.5 ерітіндінің қышқылдығы мен сілтілігін ажырату;
9.4.1.6 қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру
|
|
Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер
|
9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
|
|
№ 1 практикалық жұмыс "Ион алмасу реакциялары"
|
9.2.2.1 алмасу реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.2.2.2 ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру
|
|
Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері
|
9.3.4.1 қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.2 қышқылдар және негіздер,орта тұздар-дың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау
|
|
Тұздар гидролизі.
№ 2 зертханалық тәжірибе
"Тұздар гидролизі"
|
9.3.4.3 орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау;
9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.5 орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау
|
9.1
Бейорганикалық қосылыстардың сапалық талдауы
|
Катиондарға сапалық реакциялар.
№ 3 зертханалық тәжірибе "Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау";
№ 4 зертханалық тәжірибе "Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар"
|
9.4.1.8 Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау;
9.4.1.9 Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакция жүргізу
|
|
Аниондардың сапалық реакциялары.
№ 5 зертханалық тәжірибе "Сулы ерітіндідегі Сl–, Br–, I–, PO43–, SO42–, CO32–, NO3–, SiO32- аниондарын анықтау"
|
9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап нәтижесін сипаттау
|
|
№ 2 практикалық жұмыс "Бейорганикалық қосылыстар құрамынының сапалық талдауы"
|
9.4.1.11 белгісіз заттардағы катион және аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру
|
|
Есептер шығару "Әрекеттесуші заттардың біреуі артық мөлшерде берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер"
|
9.2.3.1 әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
|
9.1
Химиялық реакция жылдамдығы
|
Химиялық реакциялардың жылдамдығы.
Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар.
№ 2 көрсетілім "Әртүрлі реакциялар жылдамдығы";
№ 6 зертханалық тәжірибе "Реакция жылдамдығына температура, концентрация мен бөлшектер өлшемінің әсері"
|
9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру;
9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
|
Катализаторлар. Ингибиторлар.
№ 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері"
|
9.3.2.3 катализатордың реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
9.3.2.4 реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру
|
9.1
Қайтымды реакциялар
|
Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік.
№ 3 көрсетілім
"Қайтымды химиялық реакциялар";
№ 7 зертханалық тәжірибе
"Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы"
|
9.3.3.1 қайтымды және қайтымсыз реакцияларды біл;
9.3.3.2 тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау және Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау;
9.3.3.3 химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату;
9.3.3.4 химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
|
2-тоқсан
|
9.2
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
Тотығу дәрежесі.
Тотығу және тотықсыздану
|
9.2.2.3 тотығу дәрежесін табудың ережесін білу және қолдану;
9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну
|
|
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
|
9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;
9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну
|
|
Электрондық баланс әдісі
|
9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою
|
9.2
Металдар мен құймалар
|
Металдардың жалпы сипаттамасы.
№ 4 көрсетілім "Металдардың кристалдық тор модельдері"
|
9.1.4.1 металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу;
9.1.4.2 металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру
|
|
Металдар құймалары.
№ 5 көрсетілім "Металдар және құймалар"
|
9.1.4.3 құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу;
9.1.4.4 шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
9.4.2.5 Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
|
Металдарды алу
|
9.4.2.6 кеннен металды алу үдерісін сипаттау
|
|
Есептер шығару "Реакция теңдеуі бойынша қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда зат массасын есептеу"
|
9.2.3.2 қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу
|
9.2
1 (I), 2 (II) және 13 (III) топ элементтері және олардың қосылыстары
|
1 (I)-топ элементтері және олардың қосылыстары.
№ 6 көрсетілім "Натрийдің сумен әрекеттесуі"
|
9.2.1.1 атом құрылысы негізінде сілтілік металдардыңжалпы қасиеттерін түсіндіру;
9.2.1.2 сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
|
|
2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары.
№ 8 зертханалық тәжірибе "Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі"
|
9.2.1.3 1 (І)- ші және 2 (ІІ)топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау
|
|
13 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары.
№ 7 көрсетілім "Алюминий мен оның құймалары";
№ 9 зертханалық тәжірибе "Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі"
|
9.2.1.5 атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау;
9.2.1.6 алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу
|
|
№ 4 практикалық жұмыс "Металдар"тақырыбына эксперименттік есептер шығару
|
9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) –топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу
|
3-тоқсан
|
9.3
17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары
|
Галогендер
|
9.1.4.5 галоген молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау;
9.2.1.8 топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау
|
|
Хлор
|
9.2.1.9 хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау: металдармен, сутекпен және галогенидтермен әрекеттесуі
|
|
Хлорсутек қышқылы.
№ 10 зертханалық тәжірибе "Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу"
|
9.2.1.10 хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану аясын білу
|
|
16 (VI)-топ элементтері. Күкірт.
№ 8 көрсетілім
"Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері"
|
9.2.1.11 16 (VI)-топ элементтерінің жалпы қасиетін сипаттау;
9.2.1.12 күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру
|
|
Күкірттің қосылыстары
|
9.2.1.13 күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру;
9.4.2.1 қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру;
|
|
Күкірт қышқылы және оның тұздары.
№ 5 практикалық жұмыс "Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу"
|
9.2.1.14 күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
|
|
Есеп шығару. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық/көлемдік үлестеріне есептеулер"
|
9.2.3.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу
|
|
Азот.№ 11 зертханалық тәжірибе "Азот молекуласының моделі"
|
9.2.1.15 азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азот айналымын түсіндіру
|
|
Аммиак.
№ 12 зертханалық тәжірибе "Аммиак молекуласының моделі"
|
9.1.4.6 аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын түсіндіру
|
|
Аммиактың қасиеттері, алынуы мен қолданылуы.
№ 6 практикалық жұмыс "Аммиактың алынуы және оның қасиеттерін зерттеу".
Аммиак өндірісі
|
9.2.1.16 аммиакты ты алуды қасиеттерін мен қолданылуын түсіндіру;
9.2.1.17 аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу;
9.3.3.5 аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау
|
|
Азот қышқылы.
№ 13 зертханалық тәжірибе
"Азот қышқылының басқа қышқылдармен ортақ қасиеттері"
|
9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формулаларын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;
9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру;
9.2.1.19 азот қышқылының басқа қышқылдар-мен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу
|
|
Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері
|
9.2.1.20 сұйылтылғанжәне концентрлі азот қышқылының металмен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.21 нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру
|
|
Фосфор және оның қосылыстары
|
9.2.1.22 фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру;
9.4.2.2 фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау;
9.2.1.23 фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру
|
|
Минералды тыңайтқыштар.
№ 9 көрсетілім "Минералды тыңайтқыштар"
|
9.4.2.3 минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді атау;
9.4.2.4 азот және фосфор тыңайтқыштарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу
|
|
Кремний және оның қосылыстары.
№ 10 көрсетілім
"Алмаз, кремний, кремний диоксиді мен кремний карбидінің кристалдық торының модельдері"
|
9.2.1.24 кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру;
9.1.4.8 кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор түрін сипаттау;
9.2.1.25 кремний мен оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру
|
9.3
Адам ағзасындағы химиялық элементтер
|
Адам ағзасының химиялық құрамы.
Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы
|
9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe);
9.5.1.2 Қазақстанның тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру
|
|
Ағзадағы кейбір элементтерді анықтау.
№ 14 зертханалық тәжірибе "Сүйек құрамындағы кальцийді анықтау";
№ 15 зертханалық тәжірибе
"Тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау"
|
9.5.1.3 адам ағзасындағы кальций мен темірдің ролін түсіндіру;
9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау
|
|
Ауыр металдармен қоршаған ортаның ластануы
|
9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру
|
4-тоқсан
|
9.4 Органикалық химияға кіріспе
|
Органикалық заттардың ерекшеліктері
|
9.4.3.1 органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру
|
|
Органикалық қосылыстардың жіктелуі.
№ 11 көрсетілім "Метан, этан, этен, этин, этанол, этаналь,этан қышқылы, глюкоза, аминоэтан қышқылы модельдері"
|
9.4.3.2 көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін білу;
9.4.3.3 функционалдық топ түсінігін, берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру
|
|
Органикалық қосылыс-тардың гомологтық қатарлары.
№ 12 көрсетілім "Алкандардың алғашқы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері"
|
9.4.3.4 гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу
|
|
Органикалық қосылыстардың номенклатурасы
|
9.4.3.5 органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану
|
|
Органикалық қосылыстардың изомериясы.
№ 13 көрсетілім "Пентан изомерлерінің модельдері"
|
9.4.3.6 изомерия құбылысын білу және көмірсутектер құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыру
|
|
Есеп шығару "Элементтердің массалық үлестері мен салыстырмалы тығыздық бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын табу"
|
9.2.3.4 газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық пен элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау
|
9.4
Көмірсутектер. Отын
|
Алкандар
|
9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру
|
|
Алкендер.
№ 14 көрсетілім "Этиленнің жануы, бром суы мен калий перманганаты ерітінділерін түссіздендіруі"
|
9.4.3.9 қанықпағандық ұғымын сипаттау;
9.4.3.10 этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.11 полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру;
9.4.3.12 пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу
|
|
Алкиндер
|
9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
|
|
Ароматты көмірсутектер. Бензол
|
9.4.3.14 бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау
|
|
Көмірсутекті отындар.
№ 15 көрсетілім "Отын түрлері"
|
9.4.3.15 құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
9.4.3.16 Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
|
Мұнай.
№ 16 көрсетілім "Мұнай және мұнай өнімдері"
|
9.4.3.17 мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау
|
9.4
Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
|
Оттекті органикалық заттар. Спирттер
|
9.4.3.18 оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу;
9.4.3.19 спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру;
9.4.3.20 метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру;
9.4.3.21 этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу
|
|
Карбон қышқылдары.
№ 16 зертханалық тәжірибе "Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу"
|
9.4.3.22 карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау
|
|
Күрделі эфирлер мен майлар
|
9.4.3.23 күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру
|
|
Сабын мен синтетикалық жуғыш заттар
|
9.4.3.24 сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу;
9.4.3.25 синтетикалық жуғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
|
|
Көмірсулар
|
9.4.3.26 көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
|
|
Амин қышқылдары.
Нәруыздар.
№ 17 зертханалық тәжірибе
"Нәруыздардың денатурациясы"
|
9.4.3.27 нәруыздағы a- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
9.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;
9.4.3.29 нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру
|
|
Қазақстан Республикасы
Оқу - ағарту министрлігінің
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 399 бұйрығына
|
Достарыңызбен бөлісу: |