Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Химия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі



бет3/6
Дата27.10.2023
өлшемі159 Kb.
#188887
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
199 бұйрық химия план

2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
16. Бағдарламада оқыту мақсаттары қолдануға ыңғайлы болу үшін төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімшені, төртінші сан оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 9.2.1.2 кодында: "9" – сынып, "2.1." - бөлім мен бөлімше; "2" - оқу мақсатының реттік нөмірі.
17. Оқыту мақсаттарының жүйесі әр сынып бойынша жазылған:
1) заттардың бөлшектері:

Білім алушылар білуі тиіс:


7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.1 Атомдар, иондар және молекулар

7.1.1.1 "Химия" ғылымының нені оқытатынын білу; 
7.1.1.2 химиялық зертханада және кабинетінде жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну;
7.1.1.3 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырата алу; 
7.1.1.4 заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіре алу;
7.1.1.5 салқындау үдерісін зерделеу, 
салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру;
7.1.1.6 судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру

8.1.1.1 зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде мольді және Авогадро санын білу;
8.1.1.2 формула бойынша заттың массасын, зат мөлшерін, құрылымдық бөлшектер санын есептей алу



7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.2 Атом құрамы мен құрылысы

7.1.2.1 атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу;
7.1.2.2 әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу;
7.1.2.3 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктей алу; 
7.1.2.4 заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу;
7.1.2.5 протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу;
7.1.2.6 алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 "изотоп" түсінігін білу;
7.1.2.8 Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну;
7.1.2.9 табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну;
7.1.2.10 салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу; 
7.1.2.11 элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, бинарлы химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу;
7.1.2.12 химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық/формулалық массасын есептеу




7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.3 
Атомда электрондардың қозғалысы мен таралуы. Атомдардан иондардың құрылуы


8.1.3.1 атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну;
8.1.3.2 әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну;
8.1.3.3 s және р орбиталдарының пішінін білу;
8.1.3.4 алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды –графикалық формулаларын жаза білу;
8.1.3.5 атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну;
8.1.3.6 "нольдік қосынды" әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру



7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.4 Химиялық байланыстардың түрлері


8.1.4.1 электртерістілік ұғымына сүйеніп ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
8.1.4.2 иондық байланыстың түзілуін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау;
8.1.4.3 заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру

9.1.4.1 металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу;
9.1.4.2 металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру; 
9.1.4.3 құйма ұғымын білу және оның артықшылықтарын түсіндіру;
9.1.4.4 шойын мен болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
9.1.4.5 галоген молекулала-рының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрлері мен байланыс типтерін анықтау;
9.1.4.6 аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формулаларын түсіндіру;
9.1.4.7 азот қышқылының молекулалық, формуласын білу және атомдар арасындағы химиялық байланыстардың түзілуін түсіндіру;
9.1.4.8 кремний, оның диоксиді мен карбидіндегі химиялық байланыс түрін және кристалдық тор типін сипаттау

2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары: 

Білім алушылар білуі тиіс:

2.1. Период
тық заң мен химиялық элеметтердің периодтық жүйесі

7-сынып

8-сынып

9-сынып


7.2.1.1
И. ДҰберейнер
Дж. Ньюлендс, Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру;
7.2.1.2
периодтық кестенің кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар және периодтар

8.2.1.1 топ , период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру;
8.2.1.2 бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығынтүсіну; 
8.2.1.3 топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
8.2.1.4 периодтық жүйедегі орны бойынша элементті сипаттау;
8.2.1.5 химиялық қасиеттері ұқсас элемент-тердің бір топқа жататындығын дәлелдеу; 
8.2.1.6 химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру;
8.2.1.7 химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау

9.2.1.1 атом құрылысы негізінде сілтілік металдардың жалпы қасиеттерін түсіндіру; 
9.2.1.2 сілтілік металдардың оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.3 1 (I) және 2 (IІ) -топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және химиялық реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.4 кальций оксиді мен гидроксидінің негізгі қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау;
9.2.1.5 атом құрылысы негізінде алюминийдің қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау;
9.2.1.6 алюминийдің, оксиді мен гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зерттеу;
9.2.1.7 1 (I), 2 (IІ), 13 (IІІ) -топ металдарының жай және күрделі заттармен әрекеттесуіне байланысты тәжірибені жоспарлау және жүргізу;
9.2.1.8 топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын болжау;
9.2.1.9 хлордың физикалық қасиеттерін сипаттау және металдармен, сутекпен және галогенидтермен реакция теңдеулерін құру;
9.2.1.10 хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және оның қолдану аясын білу; 
9.2.1.11 16 (VI) топ элементтерінің жалпы қасиеттерін сипаттау; 
9.2.1.12 күкірттің аллотропиялық түр өзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру; 
9.2.1.13 күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру;
9.2.1.14күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
9.2.1.15азоттың қасиеттерін және табиғаттағы азотайналымын түсіндіру;
9.2.1.16 аммиакты алу және қасиеттері мен қолданылуын түсіндіру; 
9.2.1.17 аммиакты аммоний тұзы ерітіндісі мен сілті ерітіндісін әрекеттестіру жолымен алуды білу және газ тәрізді аммиак пен оның ерітіндісінің қасиеттерін зерттеу;
9.2.1.18 азоттан азот қышқылын алудың реакция теңдеуін құрастыру;
9.2.1.19 азот қышқылының басқа қышқылдармен жалпы ортақ қасиеттерін зерттеу;
9.2.1.20 сұйылтылған және концентрлі азот қышқылының металдармен әрекеттесуінің ерекшелігін сипаттау және электронды баланс әдісімен реакция теңдеуін құрастыру; 
9.2.1.21 нитраттың термиялық айрылуының ерекшелігін түсіндіру, реакция теңдеулерін құрастыру;
9.2.1.22 фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыру;
9.2.1.23 фосфор және оның қосылыстарының жалпы химиялық қасиеттерін түсіндіру;
9.2.1.24 кремнийдің қолданылу аймағын және оның жартылай өткізгіш ретінде қолданылуын түсіндіру;
9.2.1.25 кремний және оның қосылыстарының негізгі химиялық қасиеттерін сипаттау және реакция теңдеулерін құрастыру

2.2 Химиялық реакциялардың жіктелуі

7-сынып

8-сынып

9-сынып


7.2.2.1 сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау;
7.2.2.2 сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және
сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру;
7.2.2.3 кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және 
көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

8.2.2.1 бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу;
8.2.2.2 табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау

9.2.2.1 реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құру;
9.2.2.2 бейтараптану және ион алмасу реакцияларының жүру себептерін түсіндіру;
9.2.2.3 тотығу дәрежесі ұғымының мәнін түсіндіру және оны заттың формуласы бойынша анықтау;
9.2.2.4 тотығу және тотықсыздану үдерістері бір-бірімен байланысты екенін және бір мезгілде жүретіндігін түсіну;
9.2.2.5 тотығу-тотықсыздану реакцияларын тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар ретінде түсіну;
9.2.2.6 тотығу процесін электронды беру, ал тотықсыздану-электронды қосып алу деп түсіну;
9.2.2.7 электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қою

2.3 
Зат массасы
ның сақталу заңы

7-сынып

8-сынып

9-сынып



8.2.3.1 заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару;
8.2.3.2 әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау; 
8.2.3.3 реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
8.2.3.4 аттар массасының сақталу заңын білу;
8.2.3.5 химиялық реакция теңдеулері бойынша зат массасын, зат мөлшерін есептеу; 
8.2.3.6 Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану;
8.2.3.7 газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу;
8.2.3.8 газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану

9.2.3.1 әрекеттесуші заттардың біреуі артық берілген реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу;
9.2.3.2 қоспаның белгілі бір массалық үлесін құрайтын, басқа заттың массасы белгілі жағдайда реакция теңдеуі бойынша зат массасын есептеу;
9.2.3.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын есептеу;
9.2.3.4 газтектес заттардың молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық немесе элементтердің массалық үлестері арқылы анықтау

2.4 Металдар
дың электро
химиялық кернеу қатары

7-сынып

8-сынып

9-сынып



8.2.4.1 кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу; 
8.2.4.2 белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау; 
8.2.4.3 металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;
8.2.4.4 қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу; 
8.2.4.5 металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру;
8.2.4.6металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу;
8.2.4.7 эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру;
8.2.4.8 металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасуреакцияларының жүру мүмкіндігін болжау


3) химиядағы энергетика:

Білім алушылар білуі тиіс:

3.1 Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар

7-сынып

8-сынып

9-сынып


7.3.1.1ауа құрамын білу;
7.3.1.2 заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу;
7.3.1.3 атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну;
7.3.1.4 затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу; 
7.3.1.5 тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру;
7.3.1.6 заттардың таза оттекте ауаға қарағанда жақсырақ жанатындығын түсіну;
7.3.1.7 металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу

8.3.1.1 заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксидтер екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну;
8.3.1.2 парниктік эффектінің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну;
8.3.1.3 экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу;
8.3.1.4 әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін түсіну;
8.3.1.5 энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру


3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы

7-сынып

8-сынып

9-сынып




9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру;
9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру;
9.3.2.3 катализатордың реагенттен айырмашылығын және олардың реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
9.3.2.4 реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру

3.3 Химиялық тепе-теңдік



9.3.3.1 тепе-теңдікті динамикалық үдеріс ретінде сипаттау
9.3.3.2 Ле-Шателье-Браун принципі бойынша химиялық тепе-теңдіктің ығысуын болжау; 
9.3.3.3 химиялық тепе-теңдік күйіне және химиялық реакция жылдамдығына жағдайлар өзгерісінің әсерін түсіну және ажырату;
9.3.3.4 химиялық тепе-теңдікті бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру;
9.3.3.5 аммиак өндірісінің үдерісін сипаттау

3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы

7.3.4.1 кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің "қышқылдық" және "сабындылық" қасиеттер белгілері болуы мүмкін екендігін білу;
7.3.4.2 химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортада түстерінің өзгеруін білу;
7.3.4.3 рН шкаланың негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу;
7.3.4.4
"антацидтік заттарды" қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну

8.3.4.1 заттарды олардың судағы ерігіштігі бойынша жіктеу;
8.3.4.2 заттар ерітінділерінің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру;
8.3.4.3 заттың ерігіштігіне температура әсерін түсіндіру;
8.3.4.4 буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру;
8.3.4.5 еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу; 
8.3.4.6 ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу;
8.3.4.7 оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.8 қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.9 негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.10 тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.11 тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
8.3.4.12 бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу

9.3.4.1 қышқылдар, еритін және ерімейтін негіздер, орта тұздардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.2 қышқылдар және негіздер,орта тұздардың химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу және қорытынды жасау;
9.3.4.3 орта тұз ерітінді-сінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау;
9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру;
9.3.4.5 орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау

4) химия және қоршаған орта:

Білім алушылар білуі тиіс:


7-сынып

8-сынып

9-сынып

4.1 Заттардың жіктелуі

7.4.1.1 элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну;
7.4.1.2 таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу; 
7.4.1.3 элемент (жай зат) қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу;
7.4.1.4 қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу;
7.4.1.5 қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу;
7.4.1.6 қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу


9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру;
9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру;
9.4.1.3 иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру;
9.4.1.4 электролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын білу;
9.4.1.5 ерітінділердің қышқылдылығы мен сілтілігін ажырату; 
9.4.1.6 қышқыл, негіз, орта және қышқылдық тұздардың электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру;
9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу;
9.4.1.8 Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалын түсінің боялу реакциясын жүргізу және сипаттау;
9.4.1.9 Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарына сапалық реакция жүргізу; 
9.4.1.10 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жүргізу және ион алмасу реакцияларын бақылап, нәтижесін сипаттау;
9.4.1.11 белгісіз заттардағы катион мен аниондарды анықтау тәжірибесінің жоспарын құру және оны практикада жүзеге асыру

4.2 Жер химиясы

7.4.2.1 жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;
7.4.2.2 кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын түсіну; 
7.4.2.3 металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау;
7.4.2.4 Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу; 
7.4.2.5 табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу

8.4.2.1 сутекті алу және оның қасиеттері мен қолдануын зерттеу;
8.4.2.2 ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу;
8.4.2.3 оттекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу;
8.4.2.4 оттектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру;
8.4.2.5 Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру;
8.4.2.6 судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру;
8.4.2.7 табиғаттағы су айналымын түсіндіру;
8.4.2.8 судың ластану қауіптілігін және салдарын анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру;
8.4.2.9 судың "кермектігін" анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру;
8.4.2.10 суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу;
8.4.2.11 табиғаттағы және тірі ағзалар қызметі мен адамның тіршілігіндегі жүретін химиялық реакцияларды сипаттау

9.4.2.1 қышқылдық жаңбырлардың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру;
9.4.2.2 фосфор қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын атау;
9.4.2.3 минералды тыңайтқыштардың жіктелуін және олардың құрамына кіретін қоректік элементтерді білу;
9.4.2.4 азот және фосфор тыңайтқыш-тарының қоршаған ортаға әсерін оқып білу;
9.4.2.5 Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру процестерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
9.4.2.6 кеннен металды алу үдерісін сипаттау

4.3 Көміртек және оның қосылыстары


8.4.3.1 көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру;
8.4.3.2 табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау;
8.4.3.3 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру;
8.4.3.4 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу;
8.4.3.5 көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.6 көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру; 
8.4.3.7 көмір-қышқыл газын алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу;
8.4.3.8 өміртегінің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру

9.4.3.1 органикалық




қосылыстардың көптүрлілігінің себептерін түсіндіру;
9.4.3.2 көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдарының жіктелуін білу;
9.4.3.3 функционалдық топ түсінігін берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру;
9.4.3.4 гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу;
9.4.3.5 органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер, арендер, спирттер, альдегидтер карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану;
9.4.3.6 көмірсутектердің құрылымдық изомерлерінің формулаларын құрастыра алужәне изомерия құбылысын білу; 
9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру;
9.4.3.9 қанықпағандық ұғымын сипаттау;
9.4.3.10 этен мысалында алкендердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу; 
9.4.3.11 полиэтилен мысалында полимерлену реакциясының механизмі мен полимерлердің құрылымының ерекшеліктерін түсіндіру;
9.4.3.12 пластиктің ыдырау мерзімінің ұзақтық мәселесін түсіну және оқып білу, қоршаған ортада пластик материалдардың көбеюінің зардабын білу;
9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химиялық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу;
9.4.3.14 бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау;
9.4.3.15 құрамында көміртек бар қосылыстардың отын ретінде пайдалану мүмкін екендігін білу және альтернативті отын түрлерін зерттеу, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атау;
9.4.3.16 Қазақсатандағы көмірдің, мұнайдың, табиғи газдың кен орындарын атау және оларды өндірудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру; 
9.4.3.17 мұнай фракцияларын және шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын атау;
9.4.3.18 оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу;
9.4.3.19 спирттердің жіктелуін метанол мен этанолдың, қолданылуын, этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру;
9.4.3.20 метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру;
9.4.3.21 этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу;
9.4.3.22 карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттау;
9.4.3.23 күрделі эфирлер мен майлардың ерекшеліктері мен майлардың қызметін түсіндіру; 
9.4.3.24 сабынның алынуы мен оның қолданылуын білу; 
9.4.3.25 синтетикалық жуғыш заттардың қоршағанортаға әсерін түсіндіру;
9.4.3.26 көмірсулардың жіктелуін, биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру;
9.4.3.27 нәруыздағы a- аминқышқылдар арасында пептидтік байланыстың түзілуін түсіндіру;
9.4.3.28 нәруыз денатурациясының реакциясын зерттеу;
9.4.3.29 нәруыздың биологиялық маңызы мен қызметін түсіндіру

5) химия және өмір:

Білім алушылар білуі тиіс:


7-сынып

8-сынып

9-сынып

5.1 Биохимия 

7.5.1.1 тағам өнімдерін химиялық заттардыңжиынтығы деп түсіну;
7.5.1.2 тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білу және анықтай алу;
7.5.1.3 адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу; 
7.5.1.4 тыныс алу үдерісін түсіндіру


9.5.1.1 адам ағзасының құрамына кіретін элементтерді атау және олардың маңызын түсіндіру (О, С, Н, N, Ca, P, K, S, Cl, Mg, Fe);
9.5.1.2 Қазақстан тұрғындарының типтік тамақтану рационын зерттеу және теңгерімді тамақтану рационын құрастыру; 
9.5.1.3 кальций мен темірдің адам ағзасындағы рөлін түсіндіру; 
9.5.1.4 тамақ өнімдерінің құрамындағы көміртекті анықтау; 
9.5.1.5 қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін атау және олардың ағзаларға әсерін түсіндіру

18. Бөлімді және тақырыптарды оқытуға арналған сағат санын мұғалім бөледі.
19. Осы оқу бағдарламасы Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған "Химия" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспарда әр бөлімде жүзеге асырылатын оқу мақсаттарының көлемі көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет