Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған


-тарау. «Физика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет2/5
Дата17.10.2019
өлшемі124,89 Kb.
#50166
1   2   3   4   5
Байланысты:
Оку багдарламасы Физика 7-9 090317 (1)


2-тарау. «Физика» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



  1. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

  2. 8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;

  3. 9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

  1. Оқу пәнінің мазмұны 8 бөлімді қамтиды:

  1. физикалық шамалар мен өлшеулер,

  2. механика;

  3. жылу физикасы;

  4. электр және магнетизм;

  5. геометриялық оптика;

  6. кванттық физика элементтері;

  7. астрономия негіздері;

  8. әлемнің қазіргі физикалық бейнесі.

  1. «Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. физика – табиғат туралы ғылым;

  2. физикалық шамалар;

  3. Физикалық өлшеулер.

  1. «Механика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Кинематика негіздері;

  2. Динамика негіздері;

  3. Сақталу заңдары;

  4. Статика;

  5. Тербелістер мен толқындар

  1. «Жылу физикасы» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Молекулалы-кинетикалық теория негіздері;

  2. Термодинамика негіздері.

  1. «Электр және магнетизм» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Электростатика негіздері

  2. Электр тогы

  3. Магнит өрісі

  4. Электромагниттік толқындар және тербеліс

  1. «Геометриялық оптика» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Геометриялық оптика заңдары.

  1. «Кванттық физика элементтері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Атом мен атом ядросының құрылысы;

  2. Радиоактивтілік;

  3. Элементар бөлшектер.

  1. «Астрономия негіздері» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. Жер және Ғарыш,

  2. Астрофизика элементтері.

  1. «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі» бөлімі «Физиканың дүниетанымдық мәні» бөлімшесінен тұрады

  2. Оқу пәнінің 7 –сыныптағы базалық білім мазмұны:

  1. «Физика – табиғат туралы ғылым»:

1) физика – табиғат туралы ғылым; табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.

  1. «Физикалық шамалар мен өлшеулер»:

1) Халықаралық бірліктер жүйесі (SI); скаляр және векторлық физикалық шамалар; өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі; үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу;

2) зертханалық жұмыс:

2-1) № 1 зертханалық жұмыс: кішкентай денелердің өлшемін анықтау;

2-2) № 2-зертханалық жұмыс: физикалық шамаларды өлшеу;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; аспап шкаласындағы бөліктің құнын анықтау.


  1. «Механикалық қозғалыс»:

1) механикалық қозғалыс және оның сипаттамалары; санақ жүйесі; қозғалыстың салыстырмалылығы; түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар; жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу; әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері.

2) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; координатаның уақытқа тәуелділік графигін зерттеу.



  1. «Тығыздық»:

1) масса және денелердің массасын өлшеу; дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу; заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі; тығыздықты есептеу;

2) № 3 зертханалық жұмыс: сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау.

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; электрондық және иіндік таразыларды қолданып, әр түрлі денелердің массасын анықтау.


  1. «Денелердің өзара әрекеттесуі»:

1) инерция құбылысы; күш; тартылыс құбылысы және ауырлық күші; салмақ; деформация; серпімділік күші, Гук заңы; үйкеліс күші; үйкеліс әрекетін техникада ескеру; бір түзу бойымен денеге әсер еткен күштерді қосу.

2) зертханалық жұмыс:

2-1) № 4 зертханалық жұмыс: серпімді деформацияларды зерделеу;

2-2) № 5 зертханалық жұмыс: сырғанау үйкеліс күшін зерттеу;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; динамометр көмегімен өлшеу; ауырлық күшін зерттеу; түрлі денелердің созылуын зерттеу.


  1. «Қатты денелер, сұйықтар және газдардағы қысым»:

1) газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің молекулалық құрылымы; қатты денелердегі қысым; сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы; қатынас ыдыстар; гидравликалық машиналар; атмосфералық қысым, атмосфералық қысымды өлшеу; манометрлер, сорғылар; кері итеруші күш;

2) зертханалық жұмыс:

2-1) № 6 зертханалық жұмыс: Архимед заңын зерделеу;

2-2) № 7 зертханалық жұмыс: дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; кез-келген пішінді қатынас ыдыстардағы бірдей және әртүрлі сұйықтардың беттерінің орналасуын зерттеу; атмосфералық қысымның бар екендігін зерттеу.


  1. «Жұмыс және қуат»:

1) механикалық жұмыс; қуат;

2) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; жұмыстың мәнін график бойынша анықтау; ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру; транспорт түрлерінің қуатын бағалау.



  1. «Энергия»:

1) кинетикалық энергия; потенциалдық энергия; энергияның сақталуы және басқа түрге айналуы;

2) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау.



  1. «Жай механизмдер»:

1) жай механизмдер; дененің массалық центрі; иіндіктің тепе-теңдік шарты; пайдалы әрекет коэффициенті;

2) зертханалық жұмыс.:

2-1) № 8 зертханалық жұмыс: Жазық фигураның массалар центрін анықтау;

2-2) № 9 зертханалық жұмыс: иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;

2-3) № 10 зертханалық жұмыс: көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; түсірілген күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу.



  1. «Жер және Ғарыш»:

1) аспан денелері туралы ғылым; Күн жүйесі; Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл).

  1. Оқу пәнінің 8 –сыныптағы базалық білім мазмұны:

  1. «Жылулық құбылыстар »:

1) жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия; температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары; ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi; жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару; табиғаттағы және техникадағы жылу берілу; жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі; жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы; отынның энергиясы; отынның меншікті жану жылуы; жылу үдерістеріндегі энергияның сақталу және басқа түрге айналу заңы;

2) №1 зертханалық жұмыс: әртүрлi температурадағы суларды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру;

3) практикалық жұмыстар: денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу; заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау; заттың агрегаттық күйлері өзгерген кездегі жылу мөлшерін есептеу; жылу мөлшерінің дене массасына тәуелділігін зерттеу; жылу мөлшерінің қыздыру температурасына тәуелділігін зерттеу; әртүрлі отынның жану тиімділігін бағалау.


  1. «Заттың агрегаттық күйлері»:

1) қатты денелердiң балқуы және қатаюы, балқу температурасы, меншiктi балқу жылуы; булану және конденсация; қаныққан және қанықпаған булар; қайнау, меншiктi булану жылуы; қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау;

2) №2 зертханалық жұмыс: мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; заттың фазалық ауысу графигін зерттеу; мұздың балқу температурасын зерттеу; булану жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу.


  1. «Термодинамика негiздерi»:

1) термодинамиканың бiрiншi заңы, газдың және будың жұмысы; жылу үдерістерінің қайтымсыздығы, термодинамиканың екінші заңы; жылу қозғалтқыштары; жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті; Жылу машиналарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер;

2) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; ішкі энергияның механикалық энергияға айналуын зерттеу; жылулық тепе-теңдік орныққандағы энергияның сақталу заңын зерттеу.



  1. «Электростатика негіздері»:

1) денелердің электрленуі, электр заряды; өткізгіштер мен диэлектриктер; электр зарядының сақталу заңы; қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi; Кулон заңы, элементар электр заряды; электр өрiсi, электр өрісінің кернеулігі; электр өрісінің потенциалы және потенциалдар айырымы, конденсатор;

2) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; бір-бірінен қандай-да бір арақашықтықта орналасқан және жіңішке жіпке ілінген екі бірдей ауа шарының әрекеттесуін зерттеу; электроскопты жасау.



  1. «Тұрақты электр тогы»:

1) электр тогы, электр тогы көздері; электр тізбегі және оның құрамды бөліктері, ток күшi, кернеу; тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы; өткiзгiштiң электр кедергiсi; өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат; өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу; электр тогының жұмысы мен қуаты; электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы; металдардағы электр кедергісінің температураға тәуелділігі; асқын өткізгіштік; электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар; электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы).

2) зертханалық жұмыс:

2-1) №3 зертханалық жұмыс: электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу;

2-2) №4 зертханалық жұмыс: тiзбек бөлiгi үшiн ток күшінің кернеуге тәуелділігін зерттеу;

2-3) №5 зертханалық жұмыс: өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу;

2-4) №6 зертханалық жұмыс: өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу;

2-5) №7 зертханалық жұмыс: электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; тізбектегі ток күшін өлшеу; тізбек бөгіндегі кернеуді өлшеу; өткізгіш кедергісінің материал тегіне тәуелділігі; қыздыру шамының қуаты мен жұмысын өлшеу; тізбектей қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу; параллель қосылған шамдардың ток қуатын зерттеу.



  1. «Электромагниттік құбылыстар»:

1) тұрақты магниттер, магнит өрiсi; тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi; тогы бар шарғының магнит өрiсi; электромагниттер және оларды қолдану; магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әрекеті, электроқозғалтқыш; электр өлшеуіш құралдар; электромагниттiк индукция, генераторлар;

2) зертханалық жұмыс:

2-1) №8 зертханалық жұмыс: тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу;

2-2) №9 зертханалық жұмыс: электрмагниттi құрастыру және оның әсерiн сынау;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; су компасын (құбылнамасын) жасау; магнит өрісінің түрлі материалдар арқылы өтуін зеттеу; түрлі тиындардың магниттік қасиеттерін зерттеу; үйкеліс арқылы магниттеу; магниттің қасиетіне температураның әсері.


  1. «Жарық құбылыстары»:

1) жарықтың түзу сызықты таралу заңы; жарықтың шағылуы, шағылу заңдары, жазық айналар; сфералық айналар, сфералық айна көмегімен кескін алу; жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы, толық ішкі шағылу; линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы; линзаның көмегімен кескiн алу; көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері; оптикалық аспаптар;

2) зертханалық жұмыс:

2-1) №10 зертханалық жұмыс: шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

2-2) №11 зертханалық жұмыс: жұқа линзаның фокустық қашықтығын анықтау;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; қарапайым перископты жасау; калейдоскопты жасау;жазық айнадағы кескінді зерттеу;ойыс айнаға түскен және шағылған стандартты сәулелердің жүрісі; жинағыш және шашыратқыш линзадағы негізгі сәулелердің жүрісі; көз бен фотоаппараттың оптикалық жүйелерін салыстыру.


  1. Оқу пәнінің 9 –сыныптағы базалық білім мазмұны:

  1. «Кинематика негіздері»:

1) механикалық қозғалыс; векторлар және оларға амалдар қолдану, вектордың координаталар осьтеріне түсірілген проекциялары; түзусызықты теңайнымалы қозғалыс, үдеу; түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру; дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi; қисықсызықты қозғалыс; материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы; сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар; центрге тартқыш үдеу;

2) зертханалық жұмыс:

2-1) №1 зертханалық жұмыс: теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау;

2-2) №2 зертханалық жұмыс: горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; қозғалыстың салыстырмалылығы; денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері.


  1. «Астрономия негіздері»:

1) жұлдызды аспан; аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі; әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт; Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары; Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен анықтау.

  1. «Динамика негіздері»:

1) Ньютонның бiрiншi заңы, инерциялық санақ жүйелерi; механикадағы күштер; Ньютонның екiншi заңы, масса; Ньютонның үшінші заңы; Бүкiләлемдiк тартылыс заңы; дененің салмағы, салмақсыздық; денелердiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы; Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы.

2) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; күшті өлшеудің практикалық тәсілдері; жердің ауырлық өрісіндегі дене қозғалысының параметрлерін есептеу; дененің еркін түсу үдеуін өлшеу.



  1. «Сақталу заңдары»:

1) дене импульсі және күш импульсі; импульстің сақталу заңы; реактивтi қозғалыс; механикалық жұмыс және энергия; энергияның сақталу және айналу заңы;

2) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; дененің кинетикалық энергиясының өзгеруіне қатысты күштің жұмысын салыстыру; денелердің соқтығысуы кезіндегі импульстің сақталу заңын зерттеу.



  1. «Тербелістер және толқындар»:

1) тербелмелі қозғалыс; тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі; тербелмелі қозғалыстың теңдеуі; математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері; еркін және еріксіз тербелістер, резонанс; еркін электромагнитік тербелістер; толқындық қозғалыс; дыбыс, дыбыстың сипаттамалары, акустикалық резонанс, жаңғырық; электромагниттік толқындар; электромагниттік толқындар шкаласы;

2) зертханалық жұмыс:

2-1) №3 зертханалық жұмыс: математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау;

2-2) №4 зертханалық жұмыс: беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау;

3) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу; еркін және еріксіз тербелістерді зерттеу; толқындардың сипаттамасын зерттеу; ұялы телефонның жұмыс істеу принципі; аналогті сигналдың берілуі; Морзе әліппесі.


  1. «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар»:

1) жылулық сәуле шығару; жарық кванттары туралы Планк гипотезасы; фотоэффект құбылысы; рентген сәулелері; радиоактивтілік; радиоактивті сәулеленудің табиғаты; Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы.

2) практикалық жұмыстар:

сапалық және сандық есептер шығару.


  1. «Атом ядросы»:

1) ядролық өзара әрекеттесу, ядролық күштер; массалар ақауы, атом ядросының байланыс энергиясы; ядролық реакциялар, радиоактивті ыдырау заңы; ауыр ядролардың бөлінуі, тізбекті ядролық реакция; ядролық реактор; термоядролық реакциялар; радиоизотоптар, радиациядан қорғану; элементар бөлшектер;

2) практикалық жұмыстар: сапалық және сандық есептер шығару; радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодын есептеу.



  1. «Әлемнің қазіргі физикалық бейнесі»:

1) физика және астрономияның дүниетанымдық маңызы; экологиялық мәдениет.
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі


  1. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.

  2. Білім алушылар білуі тиіс:

    Бөлімше-лер

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып

    1.1 Физика -табиғат туралы ғылым

    7.1.1.1

    физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру









    7.1.1.2

    табиғатты зерттеудің әдістерін ажырату









    1.2 Физикалық шамалар

    7.1.2.1

    физикалық шамаларды олардың SI(Халықаралық бірліктер жүйесі) жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру









    7.1.2.2

    скаляр және векторлық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру;









    7.1.2.3

    үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M)









    1.3 Физикалық өлшеулер

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып

    7.1.3.1

    дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу



    8.1.3.1

    эксперименттен деректерін жинақтау, талдау және өлшеу және қателіктерін ескеріп жазу




    9.1.3.1

    алған нәтижені түсіндіру және қорытынды жасау





    7.1.3.2

    кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау



    8.1.3.2

    тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау




    9.1.3.2

    эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспериментті жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну



    7.1.3.3

    физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау



    8.1.3.3

    физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау



    9.1.3.3

    физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау



    2.1 Кинематика

    негіздері



    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып

    7.2.1.1

    келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру






    9.2.1.1

    материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру



    7.2.1.2

    механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру






    9.2.1.2

    векторларды қосу, азайту, векторды скалярға көбейту









    9.2.1.3

    вектордың координаталар остеріне проекцияларын анықтау, векторларды құраушыларға жіктеу



    7.2.1.3

    түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты және бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу






    9.2.1.4

    уақытқа тәуелділік графиктерінен орын ауыстыру, жылдамдық, үдеуді анықтау



    7.2.1.4

    қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу






    9.2.1.5

    түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану









    9.2.1.6

    түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі координата мен орын ауыстыру теңдеулерін есептер шығаруда қолдану









    9.2.1.7 теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау

    7.2.1.5

    s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координата осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу






    9.2.1.8

    теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру



    7.2.1.6

    дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:

    (1) дененің тыныштық күйін,

    (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын






    9.2.1.9

    еркін түсуді сипаттау үшін теңайнымалы қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдану



    7.2.1.7

    бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау






    9.2.1.10

    теңайнымалы және бірқалыпты қозғалыстың кинематикалық теңдеулерін қолдана отырып, горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау









    9.2.1.11

    горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс жылдамдығын анықтау









    9.2.1.12

    горизонталь лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын сызу









    9.2.1.13

    дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын сызықтық және бұрыштық шамалар арқылы сипаттау









    9.2.1.14

    сызықтық және бұрыштық жылдамдықты байланыстыратын өрнекті есептер шығаруда қолдану









    9.2.1.15

    центрге тартқыш үдеу формуласын есептер шығаруда қолдану



    2.2 Динамика негіздері

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып

    7.2.2.1

    инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру







    9.2.2.1

    инерция, инерттілік және инерциялық санақ жүйесі ұғымдарының мағынасын түсіндіру

    7.2.2.2

    күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру







    9.2.2.2

    Ньютонның бірінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану



    7.2.2.3

    пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру






    9.2.2.3

    ауырлық күші, серпімділік күші, және үйкеліс күші табиғатын түсіндіру



    7.2.2.4

    серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау






    9.2.2.4

    Ньютонның екінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану



    7.2.2.5

    Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу






    9.2.2.5

    Ньютонның үшінші заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану



    7.2.2.6

    тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау





    9.2.2.6

    бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану



    7.2.2.7

    үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру






    9.2.2.7

    ғарыш аппараттардың орбиталарын салыстыру



    7.2.2.8

    күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету







    9.2.2.8

    тартылыс өрісіндегі дененің қозғалысын сипаттайтын шамаларды анықтау



    7.2.2.9

    денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау






    9.2.2.9

    бірінші ғарыштық жылдамдықтың формуласын есептер шығаруда қолдану



    7.2.2.10

    масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату






    9.2.2.10

    үдеумен қозғалған дененің салмағын анықтау



    7.2.2.11

    электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу






    9.2.2.11

    салмақсыздық күйді түсіндіру



    7.2.2.1

    әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді(мензурка) қолдану









    7.2.2.13

    тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру









    7.2.2.14

    сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау









    7.2.2.15

    тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану









    2.3 Сақталу заңдары

    7.2.3.1

    механикалық жұмыс деген физикалық ұғымның мағынасын түсіндіру






    9.2.3.1

    дене импульсі мен күш импульсін ажырату



    7.2.3.2

    механикалық энергияның екі түрін ажырату






    9.2.3.2

    импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану



    7.2.3.3

    кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану






    9.2.3.3

    табиғаттағы және техникадағы реактивті қозғалысқа мысалдар келтіру



    7.2.3.4

    жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергиясының формуласын қолдану






    9.2.3.4

    Байқоныр ғарыш айлағының аймақтық және халықаралық маңыздылығына баға беру



    7.2.3.5

    энергияның түрленуіне мысалдар келтіру






    9.2.3.5

    механикалық жұмысты аналитикалық және графиктік тәсілмен анықтау



    7.2.3.6

    механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану






    9.2.3.6

    жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру



    7.2.3.7

    қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру






    9.2.3.7

    энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану



    7.2.3.8

    механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану









    2.4 Статика

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып

    7.2.4.1

    «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру









    7.2.4.2

    күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру









    7.2.4.3

    жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау









    7.2.4.4

    тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану









    7.2.4.5

    тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау









    7.2.4.6

    көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін тәжірибеде анықтау









    2.5 Тербелістер мен толқындар


    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып







    9.2.5.1

    еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру









    9.2.5.2

    эксперименттік әдіспен амплитуда, период, жиілікті анықтау









    9.2.5.3

    формулаларды қолданып, период, жиілік, циклдік жиілікті анықтау









    9.2.5.4

    тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау









    9.2.5.5

    гармоникалық тербелістердің графиктері бойынша координатаның, жылдамдықтың және үдеудің теңдеулерін жаза білу









    9.2.5.6

    әртүрлі тербелмелі жүйедегі тербелістің пайда болу себептерін түсіндіру









    9.2.5.7

    маятниктер тербелісі периодының әртүрлі параметрлерге тәуелділігін зерттеу









    9.2.5.8 математикалық маятник периодының формуласынан еркін түсу үдеуін анықтау







    9.2.5.9

    период квадратының маятник ұзындығына тәуелділік графигін тұрғызу және талдау









    9.2.5.10

    еріксіз тербеліс амплитудасының мәжбүрлеуші күштің жиілігіне тәуелділігін график бойынша сипаттау









    9.2.5.11

    резонанс құбылысын сипаттау









    9.2.5.12

    толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану









    9.2.5.13

    көлденең және бойлық толқындарды салыстыру









    9.2.5.14

    су бетіндегі толқындардың таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау









    9.2.5.15

    дыбыстың пайда болу және таралу шарттарын атау









    9.2.5.16

    дыбыс сипаттамаларын дыбыс толқындарының жиілігі және амплитудасымен сәйкестендіру









    9.2.5.17

    резонанстың пайда болу шарттарын атау және оның қолданылуына мысалдар келтіру









    9.2.5.18 жаңғырықтың пайда болу табиғатын және оны қолдану әдістерін сипаттау







    9.2.5.19 табиғатта және техникада ультрадыбыс пен инфрадыбысты қолдануға мысалдар келтіру

    3.1 Молекулалы- кинетикалық теория негіздері

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып

    7.3.1.1 заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау

    8.3.1.1 Молекулалы- кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау




    7.3.1.2 қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау

    8.3.1.2 температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу




    7.3.1.3 есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану

    8.3.1.3 температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау




    7.3.1.4 газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру

    8.3.1.4 молекула-кинетикалық теория негізінде қатты күйден сұйыққа және кері айналуды сипаттау




    7.3.1.5 сұйықтықтағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану

    8.3.1.5 молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау




    7.3.1.6 қатынас ыдыстардың қолданылуына мысалдар келтіру







    7.3.1.7 гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау







    7.3.1.8 гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу







    7.3.1.9 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну







    7.3.1.10 манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау







    7.3.1.11 кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу







    7.3.1.12 сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру







    7.3.1.13 есептер шығару кезінде Архимед заңын қолдану







    7.3.1.14 дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу






    3.2 Термодинамика негіздері

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып




    8.3.2.1 дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау







    8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру







    8.3.2.3 техникада және тұрмыста жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру







    8.3.2.4 әр түрлі температураға тірі ағзалардың бейімделуі (мысалдар келтіру).







    8.3.2.5 жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау







    8.3.2.6 заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру







    8.3.2.7 отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау







    8.3.2.8 жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу







    8.3.2.9 жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану







    8.3.2.10 балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану







    8.3.2.11 заттың балқу және қатаю процесі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау







    8.3.2.12 эксперимент көмегімен мұздың меншікті балқу жылуын анықтау







    8.3.2.13 булану және конденсациялану кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау







    8.3.2.14 су буының мысалында қанығу күйін сипаттау







    8.3.2.15 меншікті булану жылуын анықтау







    8.3.2.16 қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру







    8.3.2.17 термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру







    8.3.2.18 термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру







    8.3.2.19

    жылу қозғалтқышының пайдалы әсер

    коэффициентін анықтау








    8.3.2.20

    іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін түсіну және сипаттау









    8.3.2.21

    жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсыну









    8.3.2.22

    жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау









    8.3.2.23

    жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау






    4.1 Электростатика негіздері




    8.4.1.1

    электр зарядын сипаттау









    8.4.1.2

    үйкеліс арқылы денені электрлендіру және индукция құбылысын түсіндіру









    8.4.1.3

    электрленудің оң және теріс әсерлеріне мысалдар келтіру









    8.4.1.4

    электр зарядының сақталу заңын түсіндіру









    8.4.1.5

    Кулон заңын есептер шығаруда қолдану









    8.4.1.6

    электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру









    8.4.1.7

    біртекті электростатикалық өрістегі зарядқа әсер етуші күшті есептеу









    8.4.1.8

    электр өрісін күш сызықтар арқылы графиктік кескіндеу









    8.4.1.9

    потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру









    8.4.1.10 конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттау




    4.2 Электр тогы




    8.4.2.1

    электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру









    8.4.2.2

    электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану









    8.4.2.3

    кернеудің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру









    8.4.2.4

    электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау









    8.4.2.5

    тұрақты температурада металл өткізгіштің вольт-амперлік сипаттамасын графикалық түрде бейнелеу және түсіндіру









    8.4.2.6

    тізбек бөлігі үшін Ом заңын есептер шығаруда қолдану









    8.4.2.7

    кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіну









    8.4.2.8

    есеп шығаруғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiн формуласын қолдану









    8.4.2.9

    өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау









    8.4.2.10

    өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау









    8.4.2.11

    өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу









    8.4.2.12 жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану







    8.4.2.13

    Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану









    8.4.2.14

    эксперимент көмегімен электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау









    8.4.2.15

    кВтсағ өлшем бірлігін қолданып, электр энергиясының құнын практикалық есептеулермен алу









    8.4.2.16

    металл өткізгіштердегі электр тогын және оның кедергісінің температураға тәуелділігін сипаттау









    8.4.2.17

    қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін және алдын алу амалдарын түсіндіру









    8.4.2.18

    сұйықтардағы электр тогын сипаттау






    4.3 Магнит өрісі




    8.4.3.1

    магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы графикалық бейнелеу;









    8.4.3.2

    магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру;









    8.4.3.3

    тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасында магнит өрісі сызықтарының бағытын анықтау;









    8.4.3.4

    жолақ магнит пен соленоидтың магнит өрістерін салыстыру;









    8.4.3.5

    магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін сипаттау









    8.4.3.6 электрқозғалтқыштың және электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру







    8.4.3.7 электромагниттік индукция құбылысын түсіндіру







    8.4.3.8 Қазақстанда және дүние жүзінде электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру




    4.4 Электромагниттік толқындар және тербеліс

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып







    9.4.4.1

    тербелмелі контурдағы еркін электромагниттік тербелістерді сапалы сипаттау









    9.4.4.2

    механикалық толқындар мен электромагниттік толқындардың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру









    9.4.4.3 электромагниттік толқындар шкаласын сипаттау және әртүрлі диапазондағы толқындардың қолданылуына мысалдар келтіру







    9.4.4.4

    шыны призма арқылы өткен жарықтың дисперсиясына сапалы сипаттама беру



    5.1 Геометриялық оптика заңдары

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып




    8.5.1.1

    Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу









    8.5.1.2

    эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау









    8.5.1.3

    айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру









    8.5.1.4

    жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау









    8.5.1.5

    дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау









    8.5.1.6

    жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу









    8.5.1.7

    жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару









    8.5.1.8

    тәжірибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру









    8.5.1.9

    экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау









    8.5.1.10

    сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау









    8.5.1.11

    жұқа линза формуласын есептер шығару үшін қолдану









    8.5.1.12

    линзаның сызықтық ұлғаю формуласын сандық және графиктік есептер шығару үшін қолдану









    8.5.1.13

    жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру









    8.5.1.14

    жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтау









    8.5.1.15

    көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау









    8.5.1.16

    қарапайым оптикалық құралдарды (перископ, Обскура камерасы) құрастыру






    6.1 Атом мен атом ядросының құрылысы

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып







    9.6.1.1

    сәулелік энергияның температураға тәуелділігін сипаттау









    9.6.1.2

    Планк формуласын есептер шығаруда қолдану









    9.6.1.3

    фотоэффект құбылысын сипаттау және фотоэффект құбылысының техникада пайдаланылуына мысалдар келтіру









    9.6.1.4

    фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын есептер шығаруда қолдану









    9.6.1.5

    рентген сәулесін электромагниттік сәулелердің басқа түрлерімен салыстыру









    9.6.1.6

    рентген сәулесін қолдануға мысалдар келтіру









    9.6.1.7

    α-бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау









    9.6.1.8

    ядролық күштердің қасиеттерін сипаттау









    9.6.1.9

    атом ядросының масса ақауын анықтау









    9.6.1.10 атом ядросының байланыс энергиясы формуласын есептер шығаруда қолдану;







    9.6.1.11

    ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану



    6.2 Радиоактивтілік







    9.6.2.1

    α, β және γ – сәулеленудің табиғаты мен қасиеттерін түсіндіру









    9.6.2.2

    радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру









    9.6.2.3

    радиоактивті ыдырау заңын есептер шығаруда қолдану









    9.6.2.4

    тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау









    9.6.2.5

    ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау









    9.6.2.6

    ядролық ыдырау мен ядролық синтезді салыстыру









    9.6.2.7

    радиоактивті изотоптарды қолданудың мысалдарын келтіру









    9.6.2.8

    радиациядан қорғану әдістерін сипаттау



    6.3 Элементар бөлшектер







    9.6.2.9

    элементар бөлшектерді жіктеу



    7.1 Жер және Ғарыш

    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып

    7.7.1.1

    геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру









    7.7.1.2

    Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу









    7.7.1.3

    жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуын және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру









    7.2

    Астро-физика

    элементтері


    7 - сынып

    8 - сынып

    9 - сынып







    9.7.2.1

    абсолюттік және көрінерлік жұлдыздық шамаларды ажырату









    9.7.2.2

    жұлдыздырдың жарқырауына әсер ететін факторларды атау









    97.2.3

    аспан сферасының негізгі элементтерін атау









    9.7.2.4

    жұлдызды аспанның жылжымалы картасынан жұлдыздардың аспан координатасын анықтау









    9.7.2.5

    әртүрлі ендіктегі жұлдыздардың шарықтау айырмашылығын түсіндіру









    9.7.2.6

    жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақытты сәйкестендіру









    9.7.2.7

    Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру









    9.7.2.8

    Күн жүйесіндегі денелердің ара қашықтығы мен өлшемдерін анықтау үшін параллакс әдісін қолдануды түсіндіру



    8.1

    Физиканың дүниетанымдық мәні









    9.8.1.1

    адамның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына физика және астрономияның дамуының әсерін түсіндіру









    9.8.1.2

    жаңа технологиялардың қоршаған ортаға әсерінің артықшылығы мен қауіптілігін бағалау



  3. Осы оқу бағдарламасы негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.


Негізгі орта білім беру деңгейінің

7-9-сыныптарына арналған

«Физика» оқу пәнінен жаңартылған

мазмұндағы үлгілік оқу

бағдарламасына

қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет