Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің ОҚу бағдарламалары


Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет9/10
Дата07.02.2022
өлшемі61,19 Kb.
#94597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-19501
1384244509344, 1384244509344, 1513651441
4. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

22. Курсты оқытуға 6-сыныпта 34 сағат (аптасына 1 сағат) бөлінген.


23. Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат):
1) көркемдік-эстетикалық даму – жеке тұлғаның адамзат мәдениеті әлеміне енуіне, сондай-ақ өзін-өзі сәйкестендіру және бірегей жеке тұлғасын бекітуге ықпал ететін оны әлеуметтендірудің маңызды шарты;
2) өзінің көркем-шығармашылық іс-әрекеті тәжірибесін кеңейту; шығармашылық әлеуетін дамыту, көркем жоба-импровизациялар жасай білу.
24. Графика (6 сағат):
1) сызық, штрих, дақ және көркем бейне;
2) табиғаттың, адамның, аңның эмоциялық жай-күйін графика құралдары арқылы жеткізу;
3) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;
4) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;
5) петроглифтер;
6) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары.
7) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;
8) «Күзгі натюрморт», «Алғашқы қар», «Түнгі пейзаж», «Арман қала» атты тақырыптарға сурет салу;
9)суретші-графиктер В.Антощенко-Оленевтің, Е.Сидоркиннің, С.Романовтың, М.Қисамединовтың және әлемнің танымал суретші-графиктерінің туындыларымен танысу.
25. Кескіндеме (8 сағат):
1) өнердің алуан түрлеріндегі көркем бейненің ерекшеліктері;
2) портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, тарихи, анималистикалық жанрлар;
3) өнер туындысындағы сюжет және мазмұн;
4) түстік байланыстар, картина реңкі, түстің қарбаластығы мен қанықтығы, жарық пен түс, бояудың сипаты, түс спектрі, қарама-қарсылық (қарама-қарсы түстер), эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері;
5) түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;
6) түс – кескіндеу тілінің негізі, түстердің ашық және қою реңктері, түс пен көлеңке, қоңыр түске түскен ақ дақ, рефлекс;
7) кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері;
8) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;
9) «Гүлдер, көкөністер мен жемістер», «Жаңбыр астында», «Менің бөлмем», «Қазақстанның сәулет өнері» атты тақырыптарға сурет салу;
10) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;
11) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);
12) қазіргі қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.
26. Композиция (6 сағат):
1) сюжет таңдау, композиция ойын қалыптастыру;
2) композицияның түстік шешімін орындау, композициядағы түстің қарбаластығы мен қанықтығы;
3) кітаптардағы суреттер композициясын әзірлеу;
4) сәулет пен дизайндегі көркем және функционалдық тұтастық.
27.Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат):

  1. қазіргі замандағы сәндік өнер туралы қысқаша мәліметтер;

  2. қазіргі стильдер, батик, батиктің шығу тарихы және түрлері (салқын, түйіншекті, ыстық, шибори);

  3. композициялық ою-өрнек, қазіргі замандағы сәндік өнер ерекшелігі, жапсыру;

  4. қазақтың ұлттық киім үлгілері;

  5. әлем халықтарының сәндік-қолданбалы өнері (мысалы, дымков ойыншығы), әртүрлі елдер мен халықтардың дәстүрлі көркем қолөнер бұйымдары;

  6. сәндік өнер, дәстүрлі технология, символ, стильдеу, контур, пропорциялар, ою-өрнек түрлері мен құрылымы, раппорт, әртүрлі халықтардың ою-өрнектеріндегі солярлық белгілер, табиғи пішіндерді стильдеу;

  7. Қазақстанның және басқа елдердің халық шеберлерінің туындыларымен танысу.

28. Мүсін (4 сағат):

  1. қазіргі замандағы мүсін өнері туралы қысқаша мәліметтер: горельеф, барельеф, мемориал;

  2. көлем – мүсіндеу тілінің негізі, мүсіндеудің негізгі тақырыптары, жұмырлы мүсін (ұсақ пластика);

  3. композицияның тұтастығы, типтендіру, қозғалыстағы аңдардың мүсіндерін жасау техникасы;

  4. мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру);

  5. суретші-мүсіншілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және әлемнің атақты суретші-мүсіншілерінің туындыларымен танысу.

29. Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (4 сағат):
1) архитектуралық бейне, сәулет – ғасырлар шежіресі;
2) дизайн түрлері, өнеркісіптік дизайн, сән индустриясы, архитектуралық және ландшафтты дизайн;
3) жобалау мәдениеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет