Негізгі орта білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары



бет16/17
Дата09.11.2016
өлшемі3,82 Mb.
#1366
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17



БИОЛОГИЯ

8-сынып


(барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)




Тақырыптың атауы

Сағат саны




Кіріспе (1 сағат).




1.

Адам туралы ғылымдар: анатомия, физиология, гигиена. Өз денсаулығы мен айналысындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін адам организмінің құрылысы мен қызметінің білімдері туралы ғылымдардың қалыптасуына ғалымдардың қосқан үлесі. Салауатты өмір салты туралы түсінік. Адамның биоәлеуметтік табиғаты.

1




I бөлім. Адам биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу (8 сағат).




2.

Ішкі мүшелердің топографиясы.

1

3.

Жасуша және оның құрылысы: ядро және цитоплазма, хромосомалар және гендер.

№1 зертханалық жұмыс.

Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны қарау.


1

4.

Жасуша органоидтері: жасушалық мембрана, эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар, лизосомалар, жасуша орталығы.

1

5.

Жасушаның химиялық құрамы: су, минералды тұздар.

1

6.

Жасушаның химиялық құрамы. Органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары.

1

7.

Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Рибосомалардағы биосинтез процестері, органикалық заттардың энергия бөле отырып биологиялық тотығу процестерінің митохондрияларда аяқталуы.

1

8.

Жасушалардың бөлінуі, олардың өсуі мен дамуы, мамандануы. Тітіркенгіштік және қозғыштық қасиеттер.

1

9.

Адамның негізгі ұлпалары: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке.

1




II бөлім. Адам организмінде мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімдігі. Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдық реттелуі (3 сағат).




10.

Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин, олардың қызметі.Гипофиз. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар.

Көрсетілім:

Судың және топырақтың құрамында йод жетіспейтін аймақта тұратын, қалқанша бездері ұлғайған бірнеше әйелдің суреттерін көрсету (Рубенс бойынша).


1

11.

Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары: кретинизм, шырыштық ісік, базед ауруы т.б. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары.

1

12.

Ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі . Қантты диабет . Бүйрек үсті бездері, гипофиз,қалқанша без және жыныс бездері гормондарының жыныстық жетілуді реттеудегі рөлі.

1




Ш бөлім. Жүйке жүйесі (5 сағат).




13.

Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі. Нейронның құрылысы: нейрон денесі, дендриттер, аксон, рецептор, синапс. Қозу және тежелу. Рефлекс және рефлекстік доға. Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.

№2 зертханалық жұмыс.

Тізе рефлексін зерттеу.


1

14.

Жұлын. Жұлынның ақ және сұр заттары, орталық өзегі. Жұлыннан шығатын жүйкелер. Жұлынның маңызы, оның рефлекстік және өткізгіштік қызметі.

1

15.

Ми. Мидың сұр және ақ заттары, мидың қыртысы және ядролары, мидан шығатын 12 жұп жүйкелер. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі: сопақша ми, көпір, мишық, ортанғы және аралық ми, үлкен ми сыңарлары.

Көрсетілім:

Сопақша мидың рефлекстері: көзді жыпылықтату, жұтыну. Мишықтың қызметі: қимылды үйлестіру (саусақмұрын байқауы), тепе-теңдікті сақтау.


1

16.

Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары: қимыл-қозғалыс, тері-бұлшық ет, көру, есту, иіс сезу, дәм сезу. Еркін қозғалысты қамтамасыз етуде маңдай бөлігінің рөлі. Ми қыртысының сөз сөйлеу орталықтары.

№3 зертханалық жұмыс.

Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі.


1

17.

Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі.

№4 зертханалық жұмыс.

Терінің штрихті тітіркенуі. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі қан тамырларының тарылуы байқалады (теріде ақ жолақтар көрінеді), ал одан кейін парасимпатикалық бөлімнің әсеріне байланысты қан тамырларының кеңейуі жүреді (теріде қызыл жолақтар пайда болады).


1




IV бөлім. Сезім мүшелері — анализаторлар (4 сағат).




18.

Сезім мүшелері және анализаторлар туралы түсінік. Анализаторлардың қасиеттері, олардың маңызы және өзара байланысы.

1

19.

Көру мүшесі. Көздің құрылысы мен қызметі. Көру анализаторлары. Көру орталығы. Сығырлық және қырақтылық, олардың алдын алу. Көру гигиенасы. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

№5 зертханалық жұмыс.

Көрудің жітілігін анықтау.

Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау. Соқыр дақты табу.



1

20.

Есту мүшесі және есту анализаторы. Сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтың құрылысы және қызметі. Есту анализаторының бөліктері. Есту орталықтары. Есту гигиенасы. Есту мүшелерінің аурулары, олардың алдын алу.

№6 зертханалық жұмыс.

Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау.


1

21.

Тепе-теңдік мүшелері: вестибула аппараты. Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері және олардың анализаторлары. Бұлшық ет сезімінің рөлі. Анализаторлардың өзара әрекеттесуі.

Көрсетілім:

Белгісіз заттардың иісін анықтау тәсілдері.


1




V бөлім. Тірек-қимыл жүйесі (6 сағат).




22.

Сүйектер, бүлшық ет, сіңірлер - тірек қиымыл жүйесінің құрамдас бөліктері. Олардың маңызы. Қаңқада сүйектердің байланысуы. Буындардың құрылысы.

Көрсетілім:

Қолын жоғары көтеріп, алақанын жоғары не төмен қаратып қолын айналдырып қозғалыстар жасау арқылы иық белдеуі сүйектерінің атқаратын рөлін өзіндік бақылау. Динамикалық және статикалық жүмыс кезінде бұлшық еттердің қажуы. Дене бітімінің дұрыстығын және жалпақтабандылықты анықтау тәсілдері.



1

23.

Сүйектердің құрамы, құрылысы,олардың пішіндері және қызметі. Түтікті сүйектердің өсуі. Сүйектің ішкі құрылысы. Сүйектің қызыл және сары кемігі. Сүйектің қызыл кемігінің қан түзілудегі рөлі.

№7 зертханалық жұмыс.



Кальцийсіздірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу.

1

24.

Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, түлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері.

№8 зертханалық жұмыс.

Омыртқа жотасының иілгіштігін, бүлшық еттер мен сүйектерінің орналасуын анықтау.


1

25.

Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Көрсетілім:

Білекке шендеуіш салу және оны қолда бар заттардың көмегімен бекіту. Модельдік тәжірибе көрсету: бірдей екі бет қағаздың біреуін түтік тәрізді орап, олардың беріктігін салыстыру.


1

26.

Бүлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Адам организміндегі бүлшық еттердің негізгі топтары. Бүлшық еттердің жүмысы. Бүлшық ет қозғалысының реттелуі.

1

27.

Дене сымбатының бұзылуы мен жалпақтабандылық қалыптасудың алдын алу. Гиподинамияның салдары. Қаңқа мен бұлшық еттің дұрыс қалыптасуына жаттықтырудың әсері.

№9 зертханалық жұмыс.

Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау.


1




VI бөлім. Организмнің ішкі ортасы (7 сағат).




28.

Қан, үлпа сүйықтығы және лимфа-организм ішкі ортасының құрам бөліктері. Олардың айналымы және байланысы. Қанның құрамы: плазма және формалы элементтері- эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер.

№10 зертханалық жұмыс.

Адам қанының микроскоптық құрылысы.


1

29.

Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.

1

30.

Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық және веналық қан.

1

31.

Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. И.И.Мечников, фагоцитоздың ашылуы. Қабыну процестері.

1

32.

Иммунитет. Иммундық жүйенің мүшелері: қызыл сүйек майы, тимус, лимфа түйіндері. Иммундық реакция. Антигендер және антиденелер.

1

33.

Ауру қоздырғыш микробтар мен вирустардың жұқпалы аурулар дамуындағы рөлі. Вакциналар мен емдік сарысулар. Енжар және белсенді, табиғи және жасанды иммунитет. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) алдын алу.

1

34.

Қан топтары және қан құю.

1




VII бөлім. Жүрек-қан тамырлары жүйесі (5 сағат).




35.

Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі. Жүрек қақпақшалары. Жүрек жүмысының кезеңдері. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар. Веналық қақпақшалар.

№11 зертханалық жұмыс.

Саусақты қатты қысып байлаудың себебінен веналық қақпақшалар жабылып, қолды төмен түсіргенде саусақтың веналық қан тамырларында қан айналым тоқтайды.


1

36.

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері. Лимфаайналымы. Қанның тамырлардың бойымен қозғалуы. Қанның артериялық қысымы. Миокард инфаркті. Тамырдың соғуы (пульс). Организмде қанның қайта таралуы.

Көрсетілім:

Сфигмоманометр және фонендоскоптың көмегімен артериялық қысымды өлшеу; бұрауышты пайдаланудың тәсілдері.

№12 зертханалық жұмыс.

Тамырдың соғуын кәрі жілік артериясынан өлшеу. Жүрек қан-тамырлар жүмысына байқау жүргізуді мөлшерлі жүктемеге дейінгі және кейінгі тамыр соққыларын салыстыру арқылы анықтайды (20 рет отырып тұру).



1

37.

Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жүмысының рефлексті реттелуі.

1

38.

Гуморальдық реттелу. Шамадан тыс бүлшық ет әрекетінің жүрек пен қан тамырларына әсері. Жүректі жаттықтырудың маңызы. Жүрек- қан тамырлар жүйесі жұмысының сынамалары-адамның өзін-өз і бақылау амалы екендігі.

1

39.

Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек. Аяқ-қол қан тамырлары зақымданған кезде жгутты пайдаланып көмек көрсету. Мүрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек.

1




VIII бөлім. Тыныс алу (3 сағат).




40.

Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе.Мұрын, аңқа,

жұтқыншақ, көмекей,кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы және қызметі. Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу.



Көрсетілім.

Тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі көкірек қуысының (кеуденің) сыртқы шеңберін өлшеп салыстыру.



1

41.

Тыныс алу қозғалыстары, олардың реттелуі.Тыныс алу орталығы.Қорғаныш рефлекстері: жөтелу және түшкіру. Өкпенің тіршілік сиымдылығы. Тыныс алу мүшелері зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсету.

Практикалық жұмыс:



Тыныс алу тоқтап қалған кезде алғашқы көмек көрсету.

1


42.

Тыныс алу мүшелерінің аурулары: тұмау, өкпе туберкулезі- ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы-туберкулездің қоздырушысы. Өкпе рагы. Тыныс алу гигиенасы. Жасанды тыныс алдыру.

1




IX бөлім. Ас қорыту (6 сағат).




43.

Тамақтанудың маңызы. Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, су, минералды тұздар. Тағам-денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы.

1

44.

Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жүтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, үйқыбез, бауыр, ішек бездері).

1

45.

Астың ауыз қуысында қорытылуы. Тістің құрылысы мен қызметі, сүт тістердің түрақты тістермен алмасуы. Тістің күтімі. Астың корытылуында сілекейдің маңызы. Жұту. Жұтқыншақ бадамша бездері, олардың қызметі.

Көрсетілім:

Бассүйекке байланысқан жақ сүйектері.

№13 зертханалық жұмыс.

Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсері.


1

46.

Астың асқазанда қорытылуы. Асқазан сөлі ферменттерінің нәруыздарға әсері. Ұйқыбез сөлі мен бауырдан бөлінетін өттің әрекетінен астың ұлтабарда қорытылуы.

Көрсетілім:

Асқазан сөлінің нәруыздарға әсерінің тәжірибесі.



1

47.

Ішек сөлінің асқа әсері. Астың қорытылуы және сіңірілуі. Ішек бүрлерінің құрылысы мен қызметі. Ас қорытуда тоқ ішектің рөлі. Ас қорытудың реттелуі. Тамақтану және денсаулық.

1

48.

Ас қорыту мүшелерінің жұқпалы аурулары: дизентерия, тырысқақ, іш сұзек т.б, олардың алдын алу шаралары. Паразиттік құрттар туғызатын аурулардың алдын алу. Тағамнан улану, алғашқы көмек көрсету шаралары.

1




X бөлім. Зат алмасу және энергия айналымы (3 сағат).




49.

Организм құрылымын қалпына келтіру, олардың өсуі мен энергия жинақтауы үшін қоректік заттардың маңызы.

№14 зертханалық жұмыс.

Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау мөлшерін анықтау. Тамақтану мөлшерін анықтау, тамақ рационын құру.


1

50.

Тамақтанудың мөлшері және оның организмнің энергия жұмсау шамасымен байланысы. Негізгі және жалпы алмасу. Қоректік заттардың энергия сыйымдылығы.

1

51.

Витаминдер және олардың маңызы. Майда және суда еритін витаминдер. Авитаминоздар: ақшам соқыр, бери-бери, қырқұлақ және мешел аурулары. Гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар Тағам құрамындағы витаминдерді сақтау.

Көрсетілім:

Витаминдік препараттар.


1




ХI бөлім. Зәр шығару (2 сағат).




52.

Зәр шығарудың маңызы. Зәр шығару мүшелері: бүйрек, несеп ағар, қуық, зәр шығару өзегі. Бүйректің құрылысы. Нефрондар. Зәр түзілу. Ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауда бүйректің рөлі. Бүйрек жұмысының реттелуі.

Көрсетілім.

Сүтқоректінің бүйрегінің құрылысы (ылғал препарат).

Табиғи су көздеріндегі органикалық заттарды анықтау (йодты түссіздендіру арқылы).



1

53.

Бүйрек ауруларының алдын алу. Өрлеме және төмен түсетін инфекциялар.Бүйрек ауруларының себептері. Спиртті ішімдіктің зияны. Су және минералды заттардың организм үшін маңызы. Су ішу режімі.

№15 зертханалық жұмыс.

Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалау.


1




ХІI бөлім. Тері және жылу реттелу (2 сағат).




54.

Терінің тосқауылдық рөлі. Терінің құрылысы: эпидермис, нағыз тері (дерма), майлы шел қабаты, олардың қызметі. Тері туындылары: шаш және тырнақтар. Терінің типтері. Тері күтімі.

Көрсетілім:

Жылуреттегіш көрсеткіші мен бақылау лампысы бар электр үтігін мысалға алып жылуреттелуді түсіндіру.

№16 зертханалық жұмыс.

Қолдың алақанын және сыртқы бетін ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қарап зерттеу. Терінің терморецепторларын (суық және жылу), жанасу рецепторларын табу. Майлық қағаздың көмегімен беттің түрлі учаскелеріндегі терінің майлылығын анықтау.


1

55.

Тері аурулары . Паразиттік саңырауқұлақтар тудыратын тері аурулары. Қышыма қотыр ауруы т.б.. Жылу реттелуде терінің рөлі. Теріні шынықтыру. Жылу өту, күн өту және үсу,күю кезінде көрсетілетін алғашқы көмек. Терінің және киімнің гигиенасы.

1




ХІІI бөлім. Организмнің жеке дамуы (4 сағат).




56.

Көбейудің маңызы, көбейу мүшелерінің құрылысы мен қызметі. Жыныс хромосомалары. Аналық жыныс жүйесі. Жұмыртқа жасушасының дамуы. Аталық жыныс жүйесі. Сперматогенез.

1

57.

Бозбалалар мен бойжеткен қыздардың жыныстық жетілуі. Биологиялық және әлеуметтік жетілу. Отбасын құруды жоспарлау. Ана мен баланы қорғау.

1

58.

Ұрықтану.Жүктілік.Ұрықтың жатыр ішінде дамуы. Босану. Туылғаннан кейінгі жетілу. Өсу және даму динамикасы. Адам өмірінің кезеңдері. Биологиялық және күнтізбелік жасы.

1

59.

Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар. Жыныстық жолмен берілетін аурулар: ЖИТС, мерез, гонорея. Темекі шегудің, алкогольдің, есірткінің зияны.

1




ХІV бөлім. Мінез-құлық және психика (7 сағат).




60.

Мінез құлықтың туа біткен (шартсыз рефлекстер, инстинкттер) және жүре пайда болған( шартты рефлекстер, динамикалық стереотип, ақылды іс-әрекет) формалары.

Ми қызметінің заңдылықтары. Шартсыз және шартты тежелу. Ұйқы, оның маңызы.Түс көру.

Көрсетілім:

Адамның шартсыз рефлекстері. Сөзбен бекіту арқылы адамда шартты рефлекс қалыптастыру.

Тест жүргізу арқылы байқағыштық, зейін, есте сақтау, ойлаудың консерватизмін тексеру.


1

61.

Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері. Сөз, сана, еңбек әрекеті. Адамның қоршаған ортаға тәуелділігін жеңуі және оның салыстырмалылығы.

1

62.

Адамның іс-әрекеті —аса маңызды экологиялық фактор. Оның табиғи ортаға әсерінің нәтижелері. Қоршаған ортаны қорғау —Жер бетінде тіршілікті сақтап қалудың ең маңызды шарты.

1

63.

Еңбек пен мәдениет —адамзаттың негізгі жетістіктері. Адамның танымдық әрекеттері: түйсіну, қабылдау, есте сақтау, елестету, ойлау.

1

64.

Жігерлік процестер. Еріктің сапасы. Сезім: сезімталдық реакциялар(күлкі, жылау), сезімталдық жай-күйі(көңіл-күй, есеңгіреу, жабығу), сезімталдық қарым-қатынас (сезіну), олардың туындауы, дамуы, сөнуі, ауыстырылуы.

1

65.

Зейін: еріксіз және ерікті. Зейіннің ауытқуы. Ұмытшақтық және жинақылық. Зейіннің алмасуы. Жұмысқа қабілеттілік: жұмысты игеріп алу, жұмысқа қабілеттіліктің оңтайлы кезеңі, әлсіреу кезеңі. Күн тәртібі.

1

66.

Тұлға және оның қабылеттілігі: тұлғаның қалыптасуы, қажырлылық, мінез, қызығушылық, икемділік. Мамандықты таңдау. Адам және оның биосферадағы орны. Әлеуметтік табиғи экожүйе, агросфера.

1

67-68.




2 сағат уақыт қоры.



БИОЛОГИЯ

9-сынып


(барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)




Тақырыптың атауы

Сағат саны




Биологияға кіріспе (1 сағат).




1.

«Жалпы биология негіздері» пәнінің жаратылыстану-ғылыми пәндер жүйесіндегі орны, мақсаты мен міндеттері. Жалпы биология - биологиялық заңдылықтарды, тіршілік әлемінің көптүрлілігін, тірі материяның құрылым деңгейлерін зерттейтін пән

Топсеруен.

Тіршілік әлемінің көптүрлілігімен танысу үшін табиғатқа топсеруен жасау.


1




I бөлім. Жасуша— тіршіліктің бірлігі (14 сағат ).







I тарау. Жасушаның химиялық құрамы (5 сағат).




2.

Цитология пәні және міндеттері. Зерттеу әдістері және олардың басқа биологиялық ғылым салалары мен медицина және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы.

1

3.

Жасушаның ашылу тарихы.

1

4.

Жасушалық теория — ХІХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Жасуша тірі организм құрылысының, дамуының және қызметінің негізгі бірлігі.

1

5.

Тірі материяның химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер, су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасуша тіршілік әрекеттеріндегі рөлі.

1

6.

Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі. Ферменттер, олардың тіршілік процестерін реттеудегі рөлі.

№1 зертханалық жұмыс.

Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі.


1




ІI тарау. Жасушаның құрылымы мен қызметі (3 сағат).




7.

Жасушалық құрылымдар: плазмалық мембрана, цитоплазма, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер, қозғалыс органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері; жасушалық қосындылар.

№2 зертханалық жұмыс.

Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз.


1

8.

Ядро, оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі.

1

9.

Прокариоттық және эукариоттық жасушалар, олардың құрылысындағы ерекшеліктер.

№3 зертханалық жұмыс.



Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы. Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу.

1




ІІI тарау. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі (2 сағат).




10.

Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелуі. Фотосинтез — күн энергиясының органикалық заттың энергиясына өзгеруі. Биологиялық «аккумуляторларда» жарық энергиясының қорлануы. Фотосинтездің жарық және қараңғы сатылары, судың фотолизі.

1

11.

Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі. Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық және аэробтық гликолиз. Митохондриялар — жасушаның энергиялық стансасы.

1




ІV тарау. Тұқым қуалау ақпараты және оның жасушада жүзеге асырылуы (4 сағат).




12.

Генетикалық ақпарат. Н.К. Кольцов. ДНҚ — нәруыз синтезделу үшін матрица (қалып) болып табылады. ДНҚ-ның екі еселенуі (редупликациясы). ДНҚ матрицасына сәйкес ақпараттың РНҚ-ның түзілуі.

1

13.

Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздың биосинтезі. Транскрипцияның реттелуі.

1

14.

Гендік және жасушалық инженерия.

1

15.

Транскрипция мен трансляцияның бактерияларда реттелуі. Бұл процестердің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі.

1




II бөлім. Организмдердің көбейуі және жеке дамуы (6 сағат).







V тарау. Өзін-өзі ұдайы өндіру — тіріге тән жалпылама қасиет (4 сағат).




16.

Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні.

1

17.

Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею.

1

18.

Мейоз және оның биологиялық мәні. Мейоздың фазалары. Сперматогенез. Овогенез.

1

19.

Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы.

1




VІ тарау. Организмдердің жеке дамуы (2 сағат).




20.

Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы.

1

21.

Организмнің біртұтас екендігі. Өзгергіш жағдайларға организмнің бейімделу деңгейлері. Өзіндік реттелу. Организмнің бастапқы даму кезеңдеріне сыртқы орта жағдайларының әсері. Биологиялық сағат. Анабиоз.

1




IІI бөлім. Генетика және селекция негіздері (13 cағат ).







VІІ тарау. Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары (5 сағат).




22.

Генетиканың қысқаша даму тарихы. Белгілердің Г. М. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибриодологиялық әдісі. Моногибридтік шағылыстыру. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі.

№4 практикалық жұмыс.

Қарапайым генетикалық есептер шығару.


1

23.

Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы. Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар.

1

24.

Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.


1

25.

Сандық және сапалық белгілердің тұқым қуалауына орта

жағдайларының әсері. Реакция нормасы.



1

26.

Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Адамның генетикалық аурулары.

1




VІІІ тарау. Өзгергіштіктің заңдылықтары (4 сағат).




27.

Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңы.

№5зертханалық жұмыс.

Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру.

№6 зертханалық жұмыс.

Организмдердің өзгергіштігі.


1

28.

Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі.

1

29.

Генетика және медицина. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу және емдеу. Резус-фактор.

№ 7практикалық жұмыс.

Өзіңе шежіре құрастыр.


1

30.

Туыстық некенің жағымсыздығы. Медициналық-генетикалық

кеңес беру.



1




IX тарау. Генетика және селекция (4 сағат).




31.

Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй жануарларының шығу тегі.

1

32.

Заманауи селекцияның әдістері. Сұрыптау үшін өзгергіштіктің маңызы. Сұрыптау және оның шығармашылық рөлі. Тұқымқуалайтын сапаны бағалау.

1

33.

Туыстық шағылыстыру және оның селекциядағы маңызы. Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану.

1

34.

Полиплоидия. Әріден будандастыру. Жасанды мутагенез. Олардың селекциядағы маңызы. Селекция жетістіктері.

№8 зертханалық жұмыс.

Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері.


1




IV бөлім. Эволюция ( 23 сағат ).







Х тарау. Эволюциялық идеялардың дамуы. Эволюцияның дәлелдемелері (4 сағат).




35.

Эволюциялық түсініктердің шығуы және дамуы. Эволюционизмнің алғышарттары. Ламарктың эволюциялық теориясы.

1

36.

Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі ұстанымдары. Эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы.

1

37.

Эволюцияның дәлелдемелері. Эмбриологиялық дәлелдемелер. Морфологиялық дәлелдемелер. Палеонтологиялық дәлелдемелер. Эволюцияның биогеографиялық дәлелдемелері.

1

38.

Түр. Түрдің критерийлері. Популация.

№9 зертханалық жұмыс.

Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері.


1




ХI тарау. Эволюциялық процестің механизмдері (7 сағат)




39.

Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі. Мутациялық өзгергіштік. Үйлесімдік өзгергіштік.

1

40.

Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы факторы.

1

41.

Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі.

1

42.

Популяциялар ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары. Қозғаушы сұрыптау.

1

43.

Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану.

1

44.

Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты.

№10 зертханалық жұмыс.

Организмдердің бейімделгіштігі.


1

45.

Түртүзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы.

№11 зертханалық жұмыс.



Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар.

1




ХII тарау. Жерде тіршіліктің пайда болуы (2 сағат).




46.

Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар. Л.Пастердің тәжірибесі.

1

47.

Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар. Қазіргі кезде Жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін бе?

1




ХIII тарау. Жерде тіршіліктің дамуы (6 сағат).




48.

Криптозойда тіршіліктің дамуы.Архей. Протерозой. Жануарлардың алуантүрлілігінің күрт жоғарылауы. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Кембрий, Ордовик, Силур, Девон, Тас көмір, Пермь.

1

49.

Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Триас. Юра. Бор. Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Палеоген. Неоген. Антропоген.

1

50.

Органикалық дүниенің алуантүрлілігі.

1

51.

Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер. Организмдерді жіктеу.

1

52.

Тіршіліктің жасушалық емес формалары — вирустар, фагтар.

1

53.

Тіршіліктің жасушалық формалары, олардың ядросыздарға және ядролыларға бөлінуі. Прокариоттар. Эукариоттар.

1




ХIV тарау. Адамның шығу тегі (4 сағат).




54.

Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы және айырмашылықтары.

1

55.

Еңбек және адамның пайда болуы. Антропогенездің алғышарттары.

1

56.

Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Қазбадан табылған осы заманғы типтес адамдар.

1

57.

Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің дәрменсіздігі. Нәсілшілдіктің кертартпалық мәні.

1




V бөлім. Экология негіздері ( 11 сағат).







XV тарау. Экожүйелер (7 сағат ).




58.

Экология пәні. Ортаның экологиялық факторлары.

1

59.

Биотикалық оптимум. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі

1

60.

Әртүрлі түр популяцияларының, экожүйелердің өзара әрекеттесулері.

1

61.

Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары. Экожүйелердің мысалдары.

1

62.

Энергия ағымы және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида. Экожүйелердің өнімдері. Экожүйелердің қасиеттері. Өздігінен реттелу.

1

63.

Экожүйелердің ауысуы. Адамның әрекетіне байланысты экожүйелердің ауысуы. Агроценоздар.

1

64.

Экологиялық білімді адамның практикалық әрекетіне пайдалану.

1




XVI тарау. Биосфера. Адам әрекетінің биосфераға әсері. Биосфераны қорғау (4 сағат).




65.

Биосфера туралы В. И. Вернадскийдің ілімі. Биосфераның құрамы: тірі зат, түрлік құрамы. Табиғатта көміртек пен азот айналымы. Тірі организмдердің шөгінді жыныстарды және топырақты түзудегі рөлі.

1

66.

Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды экологиялық проблемалар.

1

67.

Қоғам және қоршаған орта. Халық санының артуы. Индустриялық тұтынушылар қоғамы. Халықаралық ынтымақтастық және кедейлікпен күрес. Экологиялық қауіпсіздіктің концепциялары.

1

68.

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Тұрақты даму.

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет