Басқа жеңілдіктер: 1) Шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген тәртібі
2) Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жергілікті атқарушы органдармен Қазақситан Республикасының заңына сәйкес, бірақ жеңілдетілген тәртіппен ішкі жұмыс күші нарығынан кандидатура іздемей беріледі.
3) 10 жылға дейін тегін пайдалануға берілетін жер телімі
4) АЭА қатысушыларына 10 дейінгі мерзімге тегін пайдалануға болатын жобаны іске асыруға арналған жер телімі беріледі.
Жеңілдіктерді алу шарттары: 1) АЭА аумағында салқ төлеуші ретінде тіркелу
2) АЭА аумағынан тыс жерде құрылымдық бөлімшелерінің болмауы
3) жиынтық табыстың кем дегенде 90% («ИТП» АЭА үшін 70%) АЭА аумығандағы басым бағыттар бойынша өзі өндірген тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен пайда болуы тиіс.
ҚР АЭА шартты түрде 3 топқа бөлуге болады:
1) өнеркәсіптік-өндірістік аймақтар – «Ақтау теңіз порты», «Оңтүстік», «Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопаркі», «Павлодар», «Сарыарқа», «Астана – жаңа қала», «Химиялық парк Таразы»;
2) қызметтік – «Бурабай», «Астана – жаңа қала», «Қорғас – Шығыс қақпасы»;
3) техникалық-енгізбелік – «Информациялық технологиялар паркі».
АЭА ортақ өзіндік белгісі – кедендік және салықтық жеңілдіктері бар қолайлы инвестициялық климаты
3. Қорытынды Әрине Қазақзстандағы оффшорлық аймақтардың әлемдік деңгейдегі оффшорлық аймақпен айырмашылығы көп. Ең алдымен ақша айналымына байланысты салық ставкасының пайыздық мөлшерлемесінің аздығына қарамастан Гонконгтегі оффшорлық аймақ өзінің жергілікті бюджетіне көп пайда алып келеді. Кәсіпкерліктің деңгейіне қарай оффшорлық аймақты таңдау керек деп ойлаймын. Себебі капиталы аз кәсіпкер Гонконгке бармай осы еліміздің АЭА офффшорлық аймағы немесе басқа да Қазақстанның оффшорлық аймақтарына өзінің кәсіпкерлігін бастаса көбірек пайда алып, кейін кәсіпкерлігін жалғастыруға жол ашылады.