Тапсырма № 1(Ө)
«Сәйкестендіру» әдісі арқылы үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді.Төлдердің атауын атап шығады.
Дескриптор
-Үй жануарларының төлдерін сәйкестендірді, төлдердің атауын айтты.
Кері байланыс (жазбаша): Смайлик арқылы бағалау
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Тапсырма № 2(Ж) Жануарларды топтайды, «Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, сәйкес сөйлемдерді кестеге жапсырады:
1.Жабайы және үй жануарлары қай жерде мекен етеді?
2.Олар қалай қоректенеді?
жабайы жануарларүй жануарлары
- далада, орманда -адамдардың қолында
-өздері тауып жейді -адамдар көмегімен
Жұмысты бірінші аяқтаған жұп тақтада қорғайды, қалған-дары өздерінің жұмысына «Бағдаршамның» бір түсін жапсырады.
Жасыл түс-тапсырманы өте дұрыс орындадық.
Сары түс- тапсырманы орындағанда аздап қателестік.
Қызыл түс- тапсырманы дұрыс орындамадық.
Дескриптор
Жабайы жəне үй жануарларын топтап анықтады, кестеге жапсырды.
|