Нәжмединова Н. Б, Сәдібек А. 6В09110- ветеринарлық медицина мамандығының студенттеріне арналған


МИКРОБТАРДЫҢ БҮГІЛМЕЛІ ФОРМАЛАРЫ. МКРООРГАНИЗМДЕРДІ НЕГАТИВТІ ЖӘНЕ БАСҚА ТӘСІЛДЕРІ



бет12/21
Дата06.09.2023
өлшемі1,58 Mb.
#180326
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Í?æìåäèíîâà Í. Á, Ñ?ä³áåê À. 6Â09110- âåòåðèíàðëû? ìåäèöèíà ìàìà

МИКРОБТАРДЫҢ БҮГІЛМЕЛІ ФОРМАЛАРЫ. МКРООРГАНИЗМДЕРДІ НЕГАТИВТІ ЖӘНЕ БАСҚА ТӘСІЛДЕРІ 

Спирохеталар штопор тәріздес формалары бар бүгілмелі прокариотты микробтардың өкілдері (3). Олар көптеген ұсақ шиыршықтарының көмегі арқылы жиырылып, қозғала алады. Электронды микроскоптың көмегімен олардың денесінің шетінде бір шоқ қыл аяқтардың бар екендігі анықталған. Өзінің құрылысына байланысты спирохеталар айналмалы, үдемелі және бұрылмалы қозғалыста болады. 

Бояудың негативті тәсілінде ая (фон) боялып, микробтардың реңі боялмайды. Бұл тәсілде қызыл конго, колларгол, кармин және тағы басқа қышқылды бояғыштар қолданылады. 



Бояу техникасы. Зат шынысының бетіне қызыл конгоның 3%-ды судағы ерітіндісінің бір тамшысын тамызады да, оның үстіне зерттеуге алынған материалды қосып, сәл ғана араластырады. Сонан соң жамылғы шынының көмегімен қоспадан зат шынысының бетінде жағынды жасайды (қаннан жағынды дайындаған тәрізді). Жағындыны ауада кептіргеннен кейін микроскоптың имерсионды жүйесі арқылы зерттейді. Боялмаған микробтардың формалары қызыл қоңыр фонда айқын көрінеді.

Бояу тәсілінде қызыл конгоның судағы ерітіндісінің орнына жақсы центрифуганың тушь алынады. Микроскоппен қарағанда препараттың қара фонында боялмаған микробтар жақсы көрінеді. 

Споралары (ұрық) бояу. Спораларды күрделі тәсілдермен бояйды, өйткені олардың қабықтары тығыз болып келеді.
Бояр алдында споралардың қабығын улағыштармен (хром, тұз қышқылдары) немесе жылытылған фенолмен әсер ету арқылы жұмсартып алады. Осы жағдайда жасушалардың споралары жақсы боялып, кейін қышқылдармен қысқа уақыт ішінде әрекет еткенде түссізденбейді. Микроб жасушасының вегетативті денесі қышқылдардың күшімен түссізденіп, тек қосымша қарама-қарсы бояулармен бояғанда ғана көрінеді.

Пешков тәсілінде жалын үстінде немесе спирт пен формалиннің қоспасында бекітілген жағындыны Леффлердің метилен көгімен 15-20 секунд аралығында қыздыра отыра бояп, сумен жуады. Жағынды қосымша бейтарап (нейтралды) қызылдың 0,5%-дық судағы ерітіндісімен 30 секунд боялады. Сонан соң препарат жуылып, кептіріледі. Бұл препаратты микроскоппен қараған жағдайда ұрықтар көгілдір немесе көк, жас ұрықтар қара-көк, вегетативті формалар қызғылт, хроматинді элементтер күлгін түсті болып көрінеді. 

Капсулаларды бояу. Кейбір микробтардың жасуша қабырғасының бетінде шырышты қабаты болады. Ол цитоплазмада түзіліп, клетка қабырғасының бетінде секрет ретінде шығарылып отырады. Капсулалардың химиялық құрамы әр түрлі: олардың кейбіреулері белоктар кешенінен тұрса, ал енді біреулері полисахаридтерден құралады. Капсула мен жасушаның қалған бөлігі бірдей боялмады. Капсула қорғаныс рөлін орындап, көбінесе патогенді микроорганизмдерде кездеседі. Мұндай микробтар капсуласы жануарлар организмінде жиі, ал сирек жағдайда жасанды қоректік орталарда да пайда болуы мүмкін. Капсулалар жарық сәулелерін әлсіз сындырады, сондықтан тірі боялмаған клеткада оларды байқау өте қиын. Капсулаларды бояудың бірнеше тәсілдері бар. 

Ольт тәсілі. Жағындыны сафраниннің 2-3%-ды ерітіндісімен бояйды. Бояғышты қолданар алдында оның ұнтағын ыстық суда еріту арқылы дайындайды (ерітінді сүзіледі). Бояуды жалынның үстінде 1-3 минут аралығында жүргізеді де, оны тез арада сумен шаяды. Препарат кептірілмей (оның үстінде судың болуы керек) жапқыш шынымен жабылып микроскоптың иммерсионды жүйесімен зерттеледі. Су қабатынан өткен жарық сәулелері капсула мен микроб клеткасының денесінің айырмашылығын үдете түседі. Микроскоптың көз шалымында микроб клеткасының денесі қызыл, ал капсула сары түсті болып көрінеді. 


Михин тәсілінде бекітілген жағынды Леффлердің метилен көгімен 2-3 минуттай ысыта отыра боялады. Жағынды тез сумен шайылып, кептіріледі.
Микроскопиялық көрініс: микроб клеткасының денесі қара көк, ал капсуласы ашық қызғылт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет