Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Мүдделі адамның өтініші бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазбаны тоқтата тұру



бет98/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

235-бап. Мүдделі адамның өтініші бойынша неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазбаны тоқтата тұру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы жазба жасалғанға дейін мүдделі адамнан неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін кедергілердің бар екендігі туралы өтініш түскен жағдайда, тіркеуші органның бастығы жазбаны тоқтата тұруға және өтініш берушіден белгіленген мерзімде тиісті деректі айғақтар беруді талап етуге міндетті. Жазбаны тоқтата тұру мерзімі бір айдан аспауға тиіс.
236-бап. Ерлі-зайыптыларға неке қию (ерлі-зайыпты болу)туралы куәлік беру
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік ерлі-зайыптыларға неке қиылған жер бойынша неке (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркелген күні беріледі.
Қажет болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың әрқайсысына неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік берілуі мүмкін.
237-бап. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік мынадай мәліметтерді:
1) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) әрқайсысының тегін неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі, атын, әкесінің атын (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жерін, азаматтығын, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлтын;
2) некенің қиылған (ерлі-зайыпты болған) күнін;
3) актінің жасалған күнін және нөмірін;
4) ерлі-зайыптылардың тегін таңдау туралы мәліметтерді;
5) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орнын, тіркеуші органның атауын;
6) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің берілген күнін;
7) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің сериясы мен нөмірін;
8) құжат берген тіркеуші органның атауын қамтиды.
Ескерту. 237-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

28-тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) БҰЗУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет