Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері



бет27/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz
Ф УЕ 103-08-2022 Білім алушылардың кәсіптік тәжірибе бойынша ЕСЕБІ каз (1), Шортанбай Қанайұлының шығармалары. «Бала зары», «Жер толғаулары». атты Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ
71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi.
Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.
71-1-бап. Көпбалалы отбасыларға арналған жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер
Көпбалалы отбасыларға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер беріледі.
72-бап. Ата-ана құқықтарын баланың мүддесінде жүзеге асыру
Ата-ана құқықтары баланың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмауға тиіс. Баланың мүдделерін қамтамасыз ету оның ата-аналары жасайтын негізгі қамқорлықтың нысанасы болып табылады.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар баланың дене бітімі мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдері адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылықты, қатыгездікті, дөрекілікті, баланы қорлауды немесе қанауды болғызбауға тиіс.
73-бап. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы
1. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың бiлiм алуы мәселелерiн және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар.
Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершiлiк жағынан дамуына зиян келтiрмесе, баласы өзімен бiрге тұратын ата-ана баланың екiншi ата-анасымен араласуына кедергi жасамауға тиiс.
2. Ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсімiмен белгіленеді.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дау баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне (қарындастарына) үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмысының режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
3. Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасасуға құқылы.
Егер ата-аналар келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.
4. Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртібі туралы сот шешiмi орындалмаған жағдайда, кiнәлi ата-ана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Сот шешiмi қасақана орындалмаған кезде баласынан бөлек тұратын ата-ананың талап етуi бойынша сот баланың мүдделерiн негiзге алып және баланың пiкiрiн ескере отырып, баланы оған беру туралы шешiм шығара алады.
5. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың білім беру ұйымдарынан, медициналық және басқа да ұйымдардан өз баласы туралы ақпарат алуға құқығы бар.
Ата-ана тарапынан баланың өмiрi мен денсаулығына қатер болған жағдайда ғана ақпарат беруден бас тартылуы мүмкiн. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртiбiмен дау айтылуы мүмкiн.
Ескерту. 73-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2014 № 254-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет