Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Бала асырап алушы мен асырап алынушы бала арасындағы жас айырмасы



бет37/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

92-бап. Бала асырап алушы мен асырап алынушы бала арасындағы жас айырмасы
1. Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуға тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін.
2. Өгей әкесi (өгей шешесi) бала асырап алған кезде, осы баптың 1-тармағында белгiленген жас айырмасының болуы талап етiлмейдi.
Ескерту. 92-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


93-бап. Бала асырап алуға заңды өкілдердің келісімі
1. Егер ата-ана құқықтарынан айрылмаған болса, баланы асырап алу үшін оның ата-аналарының келісімі қажет.
Кәмелетке толмаған, жасы он алтыға толмаған ата-аналардың баласын асырап алған кезде, сондай-ақ заңды өкілдерінің келісімі қажет.
Кәмелетке толмаған ата-аналардың заңды өкілдері болмаған кезде немесе кәмелетке толмаған ата-аналар баланы туған кезде медициналық ұйымда қалдырған және үш айдан аса оның тағдырына ешкім қарайласпаған жағдайда, - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімі қажет.
2. Бала асырап алуға ата-аналардың келiсiмi нотариалды куәландырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын ұйымның басшысы не бала асырап алған жердегі немесе ата-аналар тұратын жердегi қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган растаған өтініште көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ бала асырап алу iсiн жүргiзу кезiнде сотта тiкелей бiлдiрiлуi мүмкiн.
Бала асырап алу туралы сот шешiмi шығарылғанға дейiн ата-аналар бала асырап алуға өздерi берген келiсiмiнiң күшiн жоюға құқылы.
3. Ата-аналары туыстарына, асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеде (ерлі-зайыптылықта) тұратын адамдарға баланы асырап алуға келісім бере алады. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар сотқа асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды береді. Баланы өгей әкесі (өгей шешесі) асырап алған немесе баланы ата-аналарының келісімі бойынша туыстары асырап алған жағдайда, асырап алудың баланың мүдделеріне сәйкестігі туралы қорытынды талап етілмейді.
4. Қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы балаларды асырап алу үшiн олардың қорғаншыларының немесе қамқоршыларының жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.
5. Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарт бойынша тәрбиеленiп жатқан балаларды асырап алу үшiн патронат тәрбиешiлерiнiң жазбаша нысандағы келiсiмi қажет.
6. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және білім беру ұйымдарындағы, медициналық және басқа да ұйымдардағы балаларды асырап алу үшін осы ұйымдар басшыларының жазбаша нысандағы келісімі қажет.
7. Осы баптың 1, 4, 5 және 6-тармақтарында аталған адамдардың келісімінсіз, сот баланың мүддесінде оны асырап алу туралы шешім шығаруға құқылы.
Ата-анасының екеуі не некеде (ерлі-зайыптылы) тұрмаған анасы бас тарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімдеместен, медициналық ұйымда туған баладан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ үш жастан аспаған тастанды (ата-анасы бас тартқан) бала табылған кезде, ол қалдырылғаннан немесе табылғаннан кейін үш ай өткен соң сот баланың мүддесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуы туралы істі қарауға құқылы.
Ескерту. 93-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет