Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы


-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу



бет95/111
Дата13.03.2023
өлшемі233,66 Kb.
#172065
түріКодекс
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111
Байланысты:
неке заң - 2020.kaz

227-бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу
Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) салтанатты жағдайда мемлекеттік тіркеу некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) тілегі бойынша тіркеуші органдардың арнайы жабдықталынған үй-жайларында не арнайы осыған арналған мемлекеттік неке сарайларында жүргізіледі.
228-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде не некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адам азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесiнде жүргізіледі.
2. Шетелдікпен некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берумен бір мезгілде шетелдік өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсатты, егер мұндай рұқсат алу шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілсе, ұсынуға тиіс.
Мұндай рұқсат болмаған кезде тіркеуші орган өтінішті қабылдау кезiнде некеге отырушыларға (ерлі-зайыпты болушыларға) және бірінші кезекте Қазақстан Республикасының азаматына (азаматшасына), олардың некесi (ерлі-зайыптылығы) ол некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адам азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкiн екендiгiн түсiндiруге тиiс.
Егер мұндай түсiндiрулерге қарамастан, өтініш берушiлер неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуді талап етіп сұраса, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тiркеледi.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың төртінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы азаматтарының оралмандармен некесін қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде жүргiзiледi.


3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттары, егер ол адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
229-бап. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде, дипломатиялық өкілдіктерінде және шет мемлекеттердің шетелдік мекемелерінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
1. Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдік, азаматтығы жоқ адам арасындағы неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерiнде қиылуы мүмкін.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде шетелдіктер арасында қиылған неке (ерлі-зайыптылық) Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
Ескерту. 229-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет