«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары



Pdf көрінісі
бет100/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   295
Байланысты:
Неке

77-
бап. Ата-ана құқықтарынан айырудың салдары
1. Ата-ана құқықтарынан айыру баламен туыстық фактiсiне негiзделген барлық 
құқықтардан, оның iшiнде одан күтіп-бағу қаражатын алу, сондай-ақ балалары бар 
азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк жәрдемақыны алу құқықтарынан 
айрылуға әкеп соғады.
2. Ата-ана құқықтарынан айыру ата-аналарды өз баласын күтіп-бағу мiндетiнен 
босатпайды, бұл міндет оны асырап алуға байланысты тоқтатылады. 
3. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрi бiрге тұруы туралы 
мәселе сот тәртiбiмен шешiледi.
4. Ата-анасы ата-ана құқықтарынан айырылған бала тұрғын жайға меншiк құқығын 
немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-аналарымен және басқа да 
туыстарымен туыстық фактiсiне негiзделген мүлiктiк құқықтарын, оның iшiнде мұра алу 
құқығын сақтайды. 
5. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкiн болмаған кезде немесе ата- аналарының екеуi 
де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда, бала қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқоршылығына берiледi. 
6. Егер бұл балаға теріс әсер етпесе, ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың 
өтініші бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге 
асыратын орган баламен жолығуға рұқсат етеді. 
7. Ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала асырап алуға соттың 
ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру туралы шешімі заңды күшіне енген күннен 
бастап алты ай өткен соң жол берiледi. 
Ата-аналарының біреуі ата-ана құқықтарынан айырылған баланы асырап алуға екінші 
ата-анасының келісімімен жол беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет