«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру



Pdf көрінісі
бет101/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   295
Байланысты:
Неке

78-
бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру
1. Егер ата-аналар мiнез-құлқын, тұрмыс салтын және бала тәрбиесіне көзқарасын 
өзгерткен болса, сот олардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiруi мүмкiн. 
2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың 
өтініші бойынша сот тәртiбiмен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтiру 
туралы iстер ата-ананың, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды 
жүзеге асыратын органның, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады.
3. Егер ата-ана құқықтарын қалпына келтiру баланың мүдделерiне қайшы болса, сот 
баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың ата-ана құқықтарын қалпына келтiру 
туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.


Он жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтары оның келiсiмiмен ғана қалпына 
келтiрілуі мүмкiн.
Егер бала асырап алынса және асырап алудың күшi жойылмаса, ата-ана құқықтарын 
қалпына келтiруге жол берiлмейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет