80- бап. Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары 1. Сот ата-ана құқықтарын шектеген ата-аналар баланы жеке өзi тәрбиелеу құқығынан
айрылады, ал осы Кодекстің
79- бабы 2-тармағының 2) тармақшасында
көзделген
жағдайларда, балалары бар азаматтар үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен мемлекеттiк
жәрдемақы алу құқығынан да айрылады.
2. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы күтіп-бағу жөнiндегi
мiндеттерден босатпайды.
3.
Өзiне қатысты ата-аналарының ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын жайға
меншiк құқығын немесе тұрғын жайды пайдалану құқығын сақтайды, сондай-ақ ата-
аналарымен және басқа да туыстарымен туыстық фактiсiне негiзделген мүлiктiк
құқықтарын, оның iшiнде мұра алу құқығын сақтайды.
4. Ата-аналарының екеуiнiң де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала
қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның
қамқорлығына берiледi.
5. Егер бұл балаға теріс әсер етпесе, сот ата-ана құқықтарын шектеген ата-аналарға
баламен қатынасуға рұқсат етеді. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органның не қорғаншысының немесе қамқоршысының,
баланың патронат тәрбиешiлерiнiң немесе бала тұрып жатқан ұйым әкiмшiлiгiнiң
келiсiмiмен ата-аналардың баламен қатынасуына жол берiледi.